Қандастар Ассамблея

«Қазіргі заман қаһарманы» республикалық акциясы өтті (Фото)

12.11.2013 3937
11-12 қараша күндері алғашқы рет Жамбыл облысы Тараз қаласында қаза тапқан полиция қызметкері Ғ. Байтасовты еске алу құрметіне орай ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуовтің, облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың  қатысуымен «Қазіргі заман қаһарманы» атты республикалық акция өтті. Жиын ІІО-ның жеке құрамын ерлік-отаншылдық және адамгершілік рухта тәрбиелеу мақсатында болды. Аталған шараға қызметтік міндетін өтеу кезінде ерлік көрсеткен бірқатар облыстардың полиция қызметкерлері, облыстық және қалалық әкімшілік өкілдері, ІІО-ның ардагерлері, облыс тұрғындары қатысты.             Республикалық акцияның екінші күнінде, Даңқ Ескерткіші мен Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың бюстіне гүл шоқтары қойылып, тараздық гарнизонның арнайы шеруы өткізілді. Акция қонақтары мен қатысушылары Ұлы Отан соғысы құрбандары мен қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан ІІО қызметкерлері үшін бір минуттық үнсіздік жариялады. Гүл шоқтары қойылғаннан кейін ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М. Демеуов пен Жамбыл облысы ІІО мен ІӘ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өрнекбай Смайылов салтанатты түрде сөз сөйледі. Өз кезегінде сөз алған ІІМ өкілі тәуелсіздік жылдарында өзінің қызметтік борышын атқару барысында 710 полиция қызметкерлері мен 21  ішкі әскердегі әскери қызметшілері қаза болған. Отанымыз құқық қорғау саласындағы азаматтардың ерліктерін жоғары бағалай білді. Аталған мерзім ішінде 877 ішкі істер органдары мен  ішкі әскердегі әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, ал оның ішінде 90 – қайтыс болғаннан кейін марапатталды деп атап өтті.  Сондай-ақ олардың құрметіне Ішкі істер министрлігі тарапынан өткен жылы халықаралық автокөліг жүрігі өткізіліп, оған Ресей, Беларусь және Қырғызстан Республикасы ІІМ ардагерлері қатысты, арнайы «Естелік кітабы» жарыққа шықты, ал қазақстандық полиция күні қарсаңында 21 маусымы күні Астана қаласында салтанатты түрде ерлік жасағандарға арнап арнайы монумент ашылды.                  Салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасы акция қатысушыларын «Диана-4» кәсіби компьютерлік полиграф жүйесімен таныстырды, ал Тараз қаласы ІІБ Жедел басқару орталығы (ЖБО) – қылмыстарды картографиялық талдау арқылы қорытынды жасайтын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі заманауи технологиялы «Проекциялық жүйе экраны», ЖБО бейнебақылау операторларының қосымша автоматты жұмыс орындары.  Іс-шарада мемлекеттік нөмірлік таңбалар мен автокөліктердің жылдамдық режимін бақылайтын кешенді аппараттық-бағдарламалық жүйені кеңейту жұмыстарын көрсетті. Республикалық акция «Достық» алаңында жалғасып, онда ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуовтің қатысуымен Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы патрульді қызметіне жиырма алты автокөлік табыс етті.  Сонымен қатар, акция қатысушылары Тараз қаласының «Астана» 12-ші шағын ауданында пәтер ұрлықтарына қарсы әрекет етудегі автоматтандырылған күзет кешендерінің жұмысымен таныс болды. Акция қорытындысында «Баласағұн» орталық концерт залында бейбіт уақытта ерлік көрсеткен 21 полиция қызметкерлерін марапаттау салтанаты өтті. Аталған полиция қызметкерлері азаматтарды қылмыстық қауіп-қатерден қорғауда өздерінің қызметтерін атқарып жүріп ерлік таныта білген, сондай-ақ түрлі ауа райының қолайсыздығынан, өрт, су қоймаларынан, т.б. зардап шеккен адамдарды құтқарған.  Оларға арнайы наградаларды ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Марат Демеуов табыстады.   Іс-шараның ресми бөлімі және марапаттау рәсімі аяқталысымен, кешке жиылғандар ІІМ-нің мәдени орталығының шығармашылық ұжымы, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері комитетінің ән-би ансамблінің және  облыстық ІІД қызметкерлері хорының концертін тамашалады.            

11-12 қараша күндері алғашқы рет Жамбыл облысы Тараз қаласында қаза тапқан полиция қызметкері Ғ. Байтасовты еске алу құрметіне орай ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуовтің, облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың  қатысуымен «Қазіргі заман қаһарманы» атты республикалық акция өтті.

Жиын ІІО-ның жеке құрамын ерлік-отаншылдық және адамгершілік рухта тәрбиелеу мақсатында болды. Аталған шараға қызметтік міндетін өтеу кезінде ерлік көрсеткен бірқатар облыстардың полиция қызметкерлері, облыстық және қалалық әкімшілік өкілдері, ІІО-ның ардагерлері, облыс тұрғындары қатысты.

            Республикалық акцияның екінші күнінде, Даңқ Ескерткіші мен Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың бюстіне гүл шоқтары қойылып, тараздық гарнизонның арнайы шеруы өткізілді. Акция қонақтары мен қатысушылары Ұлы Отан соғысы құрбандары мен қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан ІІО қызметкерлері үшін бір минуттық үнсіздік жариялады.

Гүл шоқтары қойылғаннан кейін ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М. Демеуов пен Жамбыл облысы ІІО мен ІӘ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өрнекбай Смайылов салтанатты түрде сөз сөйледі. Өз кезегінде сөз алған ІІМ өкілі тәуелсіздік жылдарында өзінің қызметтік борышын атқару барысында 710 полиция қызметкерлері мен 21  ішкі әскердегі әскери қызметшілері қаза болған. Отанымыз құқық қорғау саласындағы азаматтардың ерліктерін жоғары бағалай білді. Аталған мерзім ішінде 877 ішкі істер органдары мен  ішкі әскердегі әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, ал оның ішінде 90 – қайтыс болғаннан кейін марапатталды деп атап өтті.  Сондай-ақ олардың құрметіне Ішкі істер министрлігі тарапынан өткен жылы халықаралық автокөліг жүрігі өткізіліп, оған Ресей, Беларусь және Қырғызстан Республикасы ІІМ ардагерлері қатысты, арнайы «Естелік кітабы» жарыққа шықты, ал қазақстандық полиция күні қарсаңында 21 маусымы күні Астана қаласында салтанатты түрде ерлік жасағандарға арнап арнайы монумент ашылды.                 

Салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасы акция қатысушыларын «Диана-4» кәсіби компьютерлік полиграф жүйесімен таныстырды, ал Тараз қаласы ІІБ Жедел басқару орталығы (ЖБО) – қылмыстарды картографиялық талдау арқылы қорытынды жасайтын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі заманауи технологиялы «Проекциялық жүйе экраны», ЖБО бейнебақылау операторларының қосымша автоматты жұмыс орындары.  Іс-шарада мемлекеттік нөмірлік таңбалар мен автокөліктердің жылдамдық режимін бақылайтын кешенді аппараттық-бағдарламалық жүйені кеңейту жұмыстарын көрсетті.

Республикалық акция «Достық» алаңында жалғасып, онда ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуовтің қатысуымен Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы патрульді қызметіне жиырма алты автокөлік табыс етті. 

Сонымен қатар, акция қатысушылары Тараз қаласының «Астана» 12-ші шағын ауданында пәтер ұрлықтарына қарсы әрекет етудегі автоматтандырылған күзет кешендерінің жұмысымен таныс болды.

Акция қорытындысында «Баласағұн» орталық концерт залында бейбіт уақытта ерлік көрсеткен 21 полиция қызметкерлерін марапаттау салтанаты өтті. Аталған полиция қызметкерлері азаматтарды қылмыстық қауіп-қатерден қорғауда өздерінің қызметтерін атқарып жүріп ерлік таныта білген, сондай-ақ түрлі ауа райының қолайсыздығынан, өрт, су қоймаларынан, т.б. зардап шеккен адамдарды құтқарған.  Оларға арнайы наградаларды ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Марат Демеуов табыстады.  

Іс-шараның ресми бөлімі және марапаттау рәсімі аяқталысымен, кешке жиылғандар ІІМ-нің мәдени орталығының шығармашылық ұжымы, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері комитетінің ән-би ансамблінің және  облыстық ІІД қызметкерлері хорының концертін тамашалады.

           

Ұқсас материалдар