Қандастар Ассамблея

ТАБИҒИЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫЛЫҚ

12.11.2013 4165
Поэзиядағы шеберлік мәселесі - шешуді тілеп отырған аса маңызды мәселе. Қазіргі қазақ поэзиясының жалпы ахуалы оқушыға да, ақындарға да мәлім. Пікір алысатын, ойласатын жайлар көп. Өлең - адамның қайғысына да, қуанышына да ор-тақ жан жолдас. Халық жырларын жыршылар айтып отырған-да, талай адамның еріксіз жылағанын, шынымен шаттанғанын көрдік. Халық жырларының осы күнге дейін сүйкімді болып келуі кездейсоқ көрініс емес. Оның себебі - бүл жырлардың миллиондаған халықтың көңіліндегі ортақ ойды, арманды бере білуінде... Жалпы көркем әдебиет сияқты поэзияның да басты қүралы - тіл. Олай болса жақсы өлеңнің бәрінен бүрын тілі жақсы болуы керек. Тіл мен ой тығыз байланысты. Сондықтан өлеңнің тілі жақсы, ойы әлсіз деп қарауға болмайды. Тілі жақсы болса, ойы да жақсы болғаны. Бізде осы уақытқа дейін өленді идеясы жақсы екен, тілі жақсы екен деп жекелеп бағалаушылық болып келді. Ал шынында, өлең біртүтас үйлескен шығарма болуы керек. Оның идеясы да, тілі де, мазмүны да бір-ақ нәрсеге қызмет етеді. Өлең автордың натурасын (жаратылысын) беруі керек, егер бүл шарт орындалмаса, өлеңді үйқас та, тіл де өлең ете алмайды... Поэзияның табигаты ешбір жасандылықты көтермейтіні мәлім. Өлеңнің жабыққанға күш беріп, мұңайғанды серпілтетін қасиеті оның жүректен төгіле шыққан шыншылдығына, табиғилығына байланысты. Табиғилық -өлеңнің үлкен қасиетінің бірі. Қазақтың атақты ақыны Қ.Аманжоловтың өлеңдерін бүкіл халқымыз сүйіп оқиды. Оның жырларының шыншыл, әрі көркем болуы бәрінен бүрын ақынның өз табиғатын көрсете білуіне байланысты екені даусыз. Қ.Аманжоловтың көпшілік өлеңдерінде ақынның арманы, адамдық сезімі, көңіл күйі айқын көрініп отырады. Сондықтан оқушы өз ойымен ақын ойынан ұқсастық, үндестік табады. Өлеңге керектің өзі осы ғой. ...Өкінбен мен де бір күн олемін деп Өкінем ұқсата алмай келемін деп. Күніне жүз ойланып, мың толғанам, Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. Барым да, бақытым да осы өлеңім, Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім, Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа, Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін. Міне, осы үзіндінің өзінен-ақ жүректі кернеген сезімін бар даусымен айта білетін үлкен ақынды көруге болады. Ақын Қ.Аманжоловтың өлеңдеріндегі қарапайымдылық, затты өз атымен атай білушіліктің өзі - шын таланттың белгісі. Философия тілімен айтқанда, қажеттілік тумаған жерде творчествоға еркіндік жоқ. Қасым Аманжолов өлеңдерінің ауадай еркін, табиғаттың өзіндей қарапайым болып келуінің себебі бар. Оның поэзиясы айтпауға болмайтын қажеттіліктен туды. Армансыз боп өткенше, Арманда боп өтейін, - дейді ақын. Оқушы       осы       сөздердің       растығына,       ақынның шыншылдығына     кәміл     сенеді.     Мүндағы     сөз     қүрғақ ойшылдықтан, немесе ділмарлықтан туған емес. Бұл өлең -ақынның өмірі, соның әдемі көрінісі. Талантты ақынымыз Қ.Бекхожиннің биылғы жылы қайта басылып шыққан «Мариям Жагор қызы» атты поэмасы әдебиетіміздегі жаңа табыстың бірі деуге болады. Бұл поэма ақын Мариям мен Дүйсен арасындағы махаббатты тебірене жырлайды. Поэманы оқығанда, ақынның бүлтақсыз, шын сейлеп отырғанына нанасың. Озіңнің орен жырың бұл тағы да, Ыршыған бұлт астында бұрқануға. Бүл жырым жүрегіңдей сенің таза Ешкімнің бүрылмаған бүлтаңына. ...Үніңе түнді жарып бізге жеткен, Қосылдым сырыңды үққан қыз жігітпен Мұң сазы жалындатқан жас қазақты. Кем бе екен, Марияшым Қызжібектен. Бұл шумақтарды оқыған адам одан өзіне таныс жайларды табады.    Өйткені   поэмада   шын   болған   оқиға   шыншыл баяндалады. Амал не, поэзиямыздағы кейбір тәуір шығармалармен қатар, ешкімнің жанына жылу бермейтін шығармалар пайда бола бастады. Тіпті кейбір өлеңдерде қарапайымдылық дегеннің ізі де қалмады. Жасанды, сырттай жылтыраған сөз фокустері шықты. Бүл жағдай жақсы өлеңдер жазып жүрген талантты ақынымыз Х.Ерғалиевта да кездеседі. Оның «Сенің өзенің» поэмасыңдағы кейбір жолдар қанша отырып ойлансаң да үғуға болмайтын сөз тіркесі болып шыққан. «...Сіз де, біз де - түңғыш – тірі толқыны» (190 б.) «...Ол емесі табиғаттың заттығы» «...Қызметінде мінсіз адам болмасы» «...Чапай Досов айықпады - айықты» (218 б.) Қазіргі поэзиядағы жасандылыққа бүл да бір мысал. Ақын сөздің   айқындығына,   дәлдігіне   көп   назар   аудармайтын сияқты. Үғымды ауырлатып, оқушыга жұмбақтап сөйлеудің қанша қажеті бар? Егер қазақ поэзиясының тағдырына, өсуіне жанымыз ашыса, бұл секілді кемшіліктерді батыл айтуымыз керек. Х.Ерғалиев жолдастың кейбір жолдарының түсінуге қиын болуының тағы бір себебі ойлау мен тілдің арасындағы алшақтықтан деп ойлаймыз. Ақын «қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңінде мен де өлеңді орысша ойлап отырмын деген үғымды айтады. Көп сыр осы арада жатқан сияқты. Абай өлеңді орысша ойлады деп Х.Ерғалиев қате түсінген. Орыс кітаптарын көп оқыған ақынның бәрі орысша ойлай бермейді. Абай өлеңі қазақ ұғымының дамыған синтезі бодды. Абайдың ойлауы мен сөз топшылауы арасында сәйкессіздік болған жоқ. Ал, Х.Ерғалиев мұны ескермеген. Біздіңше, ақын халықтың   ғасырлар   бойы   қалыптасқан   сөз   жүйесін,   сөз Оралымын, тіл байлығын толық меңгеріп жвне дамытып отыруы керек. Белгілі ақынымыз Тайыр Жароковкс дс окпе айтамыз. Қазақ поэзиясына едәуір еңбек сіңірген ақынымыздың кейінгі кездегі кейбір өлеңдері оқушы жұртшылықты қанағаттандырмай келеді. Бұған көп мысШ келтіруге болар еді. Бір-ақ мысал алайық. «Әдебиет және искусство» журналының биылғы жылғы бірінші номерінде ақынның «Қақты сағат қанатын» деген өлеңі жарияланды. Бұл өлеңде де ешқандай поэзиялық жаңалық жоқ. Мұнда көп айтылып жүрген кәнігі сөздер ғана бар... ...Қош келдіңіз жаңа жыл, Құшақ жайған еліме! Жылуынды жая біл, Тұңғиық тың жеріме! Сені бүгін тік түрып, Тыңдағы ел де қарсы алды. Қарды қырда бұқтырып, Жаңа үйлерде ән салды. Біз келтіріп отырған үзіндіде қандай тың ой, ыстық сезім бар? Бүл өлең қара сөздің үйқасқа түскен түрі ғана. Өлеңде аз да болса жаңа лебіз, жаңаша топшылау болу керск емсс пе? Мұндай өлеңдер оқушының эстетикалық талғамын өсіре алмайды. Жасандылық сезіліп тұр. Мұндай мысалдарды басқа да ақындардан еркін келтіруге болар еді. Біз бұл мақаламызда  бүкіл поэзиядағы кемшілікті ашпақ болған жоқпыз. Ол бір адамның қолынан келмейді де. Өзімізге ақиқат көрінген кейбір пікірді ғана айттық. Қазақ поэзиясын ілгері дамытудың, шын мәніндегі жоғары көркемдік дәрежеге жеткізудің бір шарты - поэзиядағы жасандылықтан арылуда деп білеміз. 1955

Поэзиядағы шеберлік мәселесі - шешуді тілеп отырған аса маңызды мәселе. Қазіргі қазақ поэзиясының жалпы ахуалы оқушыға да, ақындарға да мәлім. Пікір алысатын, ойласатын жайлар көп. Өлең - адамның қайғысына да, қуанышына да ор-тақ жан жолдас. Халық жырларын жыршылар айтып отырған-да, талай адамның еріксіз жылағанын, шынымен шаттанғанын көрдік. Халық жырларының осы күнге дейін сүйкімді болып келуі кездейсоқ көрініс емес. Оның себебі - бүл жырлардың миллиондаған халықтың көңіліндегі ортақ ойды, арманды бере білуінде...

Жалпы көркем әдебиет сияқты поэзияның да басты қүралы - тіл. Олай болса жақсы өлеңнің бәрінен бүрын тілі жақсы болуы керек. Тіл мен ой тығыз байланысты. Сондықтан өлеңнің тілі жақсы, ойы әлсіз деп қарауға болмайды. Тілі жақсы болса, ойы да жақсы болғаны. Бізде осы уақытқа дейін өленді идеясы жақсы екен, тілі жақсы екен деп жекелеп бағалаушылық болып келді. Ал шынында, өлең біртүтас үйлескен шығарма болуы керек. Оның идеясы да, тілі де, мазмүны да бір-ақ нәрсеге қызмет етеді. Өлең автордың натурасын (жаратылысын) беруі керек, егер бүл шарт орындалмаса, өлеңді үйқас та, тіл де өлең ете алмайды...

Поэзияның табигаты ешбір жасандылықты көтермейтіні мәлім. Өлеңнің жабыққанға күш беріп, мұңайғанды серпілтетін қасиеті оның жүректен төгіле шыққан шыншылдығына, табиғилығына байланысты. Табиғилық -өлеңнің үлкен қасиетінің бірі.

Қазақтың атақты ақыны Қ.Аманжоловтың өлеңдерін бүкіл халқымыз сүйіп оқиды. Оның жырларының шыншыл, әрі көркем болуы бәрінен бүрын ақынның өз табиғатын көрсете білуіне байланысты екені даусыз. Қ.Аманжоловтың көпшілік өлеңдерінде ақынның арманы, адамдық сезімі, көңіл күйі айқын көрініп отырады. Сондықтан оқушы өз ойымен ақын ойынан ұқсастық, үндестік табады. Өлеңге керектің өзі осы ғой.

...Өкінбен мен де бір күн олемін деп

Өкінем ұқсата алмай келемін деп.

Күніне жүз ойланып, мың толғанам,

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.

Барым да, бақытым да осы өлеңім,

Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім,

Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа,

Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін. Міне, осы үзіндінің өзінен-ақ жүректі кернеген сезімін бар даусымен айта білетін үлкен ақынды көруге болады. Ақын Қ.Аманжоловтың өлеңдеріндегі қарапайымдылық, затты өз атымен атай білушіліктің өзі - шын таланттың белгісі. Философия тілімен айтқанда, қажеттілік тумаған жерде творчествоға еркіндік жоқ. Қасым Аманжолов өлеңдерінің ауадай еркін, табиғаттың өзіндей қарапайым болып келуінің себебі бар. Оның поэзиясы айтпауға болмайтын қажеттіліктен туды.

Армансыз боп өткенше,

Арманда боп өтейін, - дейді ақын. Оқушы       осы       сөздердің       растығына,       ақынның шыншылдығына     кәміл     сенеді.     Мүндағы     сөз     қүрғақ ойшылдықтан, немесе ділмарлықтан туған емес. Бұл өлең -ақынның өмірі, соның әдемі көрінісі.

Талантты ақынымыз Қ.Бекхожиннің биылғы жылы қайта басылып шыққан «Мариям Жагор қызы» атты поэмасы әдебиетіміздегі жаңа табыстың бірі деуге болады. Бұл поэма ақын Мариям мен Дүйсен арасындағы махаббатты тебірене жырлайды. Поэманы оқығанда, ақынның бүлтақсыз, шын сейлеп отырғанына нанасың.

Озіңнің орен жырың бұл тағы да,

Ыршыған бұлт астында бұрқануға.

Бүл жырым жүрегіңдей сенің таза

Ешкімнің бүрылмаған бүлтаңына.

...Үніңе түнді жарып бізге жеткен,

Қосылдым сырыңды үққан қыз жігітпен

Мұң сазы жалындатқан жас қазақты.

Кем бе екен, Марияшым Қызжібектен. Бұл шумақтарды оқыған адам одан өзіне таныс жайларды табады.    Өйткені   поэмада   шын   болған   оқиға   шыншыл баяндалады.

Амал не, поэзиямыздағы кейбір тәуір шығармалармен қатар, ешкімнің жанына жылу бермейтін шығармалар пайда бола бастады. Тіпті кейбір өлеңдерде қарапайымдылық дегеннің ізі де қалмады. Жасанды, сырттай жылтыраған сөз фокустері шықты. Бүл жағдай жақсы өлеңдер жазып жүрген талантты ақынымыз Х.Ерғалиевта да кездеседі. Оның «Сенің өзенің» поэмасыңдағы кейбір жолдар қанша отырып ойлансаң да үғуға болмайтын сөз тіркесі болып шыққан. «...Сіз де, біз де - түңғыш – тірі толқыны» (190 б.) «...Ол емесі табиғаттың заттығы» «...Қызметінде мінсіз адам болмасы» «...Чапай Досов айықпады - айықты» (218 б.) Қазіргі поэзиядағы жасандылыққа бүл да бір мысал. Ақын сөздің   айқындығына,   дәлдігіне   көп   назар   аудармайтын сияқты. Үғымды ауырлатып, оқушыга жұмбақтап сөйлеудің қанша қажеті бар? Егер қазақ поэзиясының тағдырына, өсуіне жанымыз ашыса, бұл секілді кемшіліктерді батыл айтуымыз керек.

Х.Ерғалиев жолдастың кейбір жолдарының түсінуге қиын болуының тағы бір себебі ойлау мен тілдің арасындағы алшақтықтан деп ойлаймыз. Ақын «қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңінде мен де өлеңді орысша ойлап отырмын деген үғымды айтады. Көп сыр осы арада жатқан сияқты. Абай өлеңді орысша ойлады деп Х.Ерғалиев қате түсінген. Орыс кітаптарын көп оқыған ақынның бәрі орысша ойлай бермейді. Абай өлеңі қазақ ұғымының дамыған синтезі бодды. Абайдың ойлауы мен сөз топшылауы арасында сәйкессіздік болған жоқ. Ал, Х.Ерғалиев мұны ескермеген. Біздіңше, ақын халықтың   ғасырлар   бойы   қалыптасқан   сөз   жүйесін,   сөз

Оралымын, тіл байлығын толық меңгеріп жвне дамытып отыруы керек. Белгілі ақынымыз Тайыр Жароковкс дс окпе айтамыз. Қазақ поэзиясына едәуір еңбек сіңірген ақынымыздың кейінгі кездегі кейбір өлеңдері оқушы жұртшылықты қанағаттандырмай келеді. Бұған көп мысШ келтіруге болар еді. Бір-ақ мысал алайық. «Әдебиет және искусство» журналының биылғы жылғы бірінші номерінде ақынның «Қақты сағат қанатын» деген өлеңі жарияланды. Бұл өлеңде де ешқандай поэзиялық жаңалық жоқ. Мұнда көп айтылып жүрген кәнігі сөздер ғана бар...

...Қош келдіңіз жаңа жыл,

Құшақ жайған еліме!

Жылуынды жая біл,

Тұңғиық тың жеріме!

Сені бүгін тік түрып,

Тыңдағы ел де қарсы алды.

Қарды қырда бұқтырып,

Жаңа үйлерде ән салды. Біз келтіріп отырған үзіндіде қандай тың ой, ыстық сезім бар? Бүл өлең қара сөздің үйқасқа түскен түрі ғана. Өлеңде аз да болса жаңа лебіз, жаңаша топшылау болу керск емсс пе? Мұндай өлеңдер оқушының эстетикалық талғамын өсіре алмайды. Жасандылық сезіліп тұр. Мұндай мысалдарды басқа да ақындардан еркін келтіруге болар еді. Біз бұл мақаламызда  бүкіл поэзиядағы кемшілікті ашпақ болған жоқпыз. Ол бір адамның қолынан келмейді де. Өзімізге ақиқат көрінген кейбір пікірді ғана айттық. Қазақ поэзиясын ілгері дамытудың, шын мәніндегі жоғары көркемдік дәрежеге жеткізудің бір шарты - поэзиядағы жасандылықтан арылуда деп білеміз.

1955

Ұқсас материалдар