Қандастар Ассамблея

ЖУРНАЛИСТ ПЕН ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ

11.11.2013 7881
Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз, творчествосы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио мен телевидениенің жұмысын атқарып, творчестволық қызмет жасайды. Ол редакция жүмысында бірінші — ұйымдастырушылық, екінші -әдеби өңдеу, үшінші шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Ол идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн. Журналистің тағы бір қасиеті — оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, творчестволық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады. Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын айыру оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақсы дайындық, жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасыңды білдірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық тұрғыдан ізденіп еңбек ете білгені дүрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. Өзіңді журналистік мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету лазым. Ол принципті түрде, қайсарлықпен бұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын бар күш-қайратын салып орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен, инициатива танытқыштығымен, тез арада шешімдер жасай білуімен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек. Бұған қоса журналист кең пейілді, жаны жомарт, жақсылыққа құштар, мейірімді, жақсы дос, қиналғанда қол ұшын беретін жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекеті арқылы өзгелерге үлгі-өнеге бола білгені ғанибет. Журналист жұртпен тіл табысқыш болса тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Оған есте сақтағыш қабілет те өте қажет. Тез ойлап, тез жазу да жақсы нышан. Журналистің өз жүмыс істеу тәсілі, өз ерекшелігі болуы заңды. Әркімнің сондай-ақ өзі қалайтын тақырыбы да болуы мүмкін. Журналистің стиль қалыптастыруы да үлкен жетістік. Ал жалпы кәсіби және творчестволық қасиет пен ерекшелік бір-бірімен ұштасканда нағыз журналист қалыптаспақ. Журналист өз қызметінде тек қана шындықты жазып, барлық мәселені объективті түрде қарау керек. Нағыз журналист өмірде осылай еңбек етуге, осылай өмір сүруге тиіс. Бұл журналистің алдында тұратын үлкен борыштардың бірі. Журналистиканың маңызы жариялылық болса, халықты тек қана объективті түрде, жан-жақты әрі дәл де, анық ақпараттық хабарлармен, материалдармен қамтамасыз ету керек. Сондықтан ең алдымен өмірдегі жайларды деректі фактілерге сүйене отырып жазу керек. Бұл шыншылдыққа бастайтын негізгі жолдың бірі. Еш нәрсені тексеріп алмай тұрып жазуға болмайды. Мәселенің әбден анық-қанығына көз жеткізу қажет. Ал кездейсоқ, бірен-сараң ғана фактіге сүйену кемшілікке апарып соқтырады. Сондықтан мәселенің зандылығына назар аударып, шындықты көре білу, өмірде жақсылықты таңдай білу және құбылысты дұрыс бағалай білудің жөні бөлек. Оқиғаны бұрмаламай, сол болған күйінше құрғақ сөзге салынбай жазу керек. Әр нәрсені дұрыс түсініп, талдау қажет. Яғни, әрқашан ақиқаттан айнымау — журналистің басты парызы. Болған жайдың дұрысы қайсы, бұрысы қайсы соны айыра отырып, терең де сенімді қорытынды жасау керек. Әсіресе, актуальды мәселелерді сенімді дәлелдеп керсету қажет. Ал, мәселені жұмсартып айту, шешімін таппаған нәрсені жасырып, айналып өту жараспайды. Кемшіліктер мен қиыншылықтар туралы айтпай кетуге, өткір сұрақтардан қашу жөнсіз болмақ. Бәрін де жақсы деу, бәрін де салтанатты түрде жазу да көкейге қонбайды. Яғни, барды бардай, жоқты жоқтай ХАЛЫҚТЫ көрсетіп жазу, айту жөн. Журналист еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принциптердің бірі. Өйткені, журналист қателессе, ол бір адамның қателесуі емес — мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Жұрт нағыз журналист жазған материалға сеніммен қарайтынын ұмытпау керек. Журналист қателессе, оқырмандар мен көрермендердің, яғни, халықтың өзіне деген сенімінен айырылады. Алайда журналист қателесе қалған жағдайда, өз қатесін өзі мойындап, оқырмандардан кешірім сұрауы тиіс. Жалған намысқа тырысып, кешірім сұрауға арсынбау керек. Және қателігіңді дер кезінде түзете білу де мәдениеттілік. Журналистің қателігі оның өзіне ғана емес, ол жұмыс істейтін газет-журналға, радио мен телевидение атына кір келтіретінін ойлау керек. Сондықтан фактіні өзгертіп қолдану, өтірік жазу журналисті жарға жығады. Әр нәрсені өз атымен атап, айқын көрсетіп отыру қажет. Бұл орайда жауапкершілік пен адалдықты есте ұстаған жөн . Журналистің ары бәрінен қымбат болуға тиіс. Әйтпесе, ол халықтың сөзін сөйлеп, халықтың сенімін ақтай алмайтыны түсінікті. Ал, тоқмейілсу, өзіне-өзі риза болушылық және мақтаншақтық журналисті тоқырауға ұшырататын қылық болып табылады. Әрі бұл адамгершілікке жатпайтын, азаматтыққа көлеңке түсіретін жөйт. http://refik.kz

Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз, творчествосы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио мен телевидениенің жұмысын атқарып, творчестволық қызмет жасайды. Ол редакция жүмысында бірінші — ұйымдастырушылық, екінші -әдеби өңдеу, үшінші шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек.
Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Ол идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн.

Журналистің тағы бір қасиеті — оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, творчестволық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады. Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын айыру оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақсы дайындық, жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасыңды білдірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық тұрғыдан ізденіп еңбек ете білгені дүрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. Өзіңді журналистік мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету лазым. Ол принципті түрде, қайсарлықпен бұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын бар күш-қайратын салып орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен, инициатива танытқыштығымен, тез арада шешімдер жасай білуімен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек.
Бұған қоса журналист кең пейілді, жаны жомарт, жақсылыққа құштар, мейірімді, жақсы дос, қиналғанда қол ұшын беретін жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекеті арқылы өзгелерге үлгі-өнеге бола білгені ғанибет. Журналист жұртпен тіл табысқыш болса тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Оған есте сақтағыш қабілет те өте қажет. Тез ойлап, тез жазу да жақсы нышан. Журналистің өз жүмыс істеу тәсілі, өз ерекшелігі болуы заңды. Әркімнің сондай-ақ өзі қалайтын тақырыбы да болуы мүмкін. Журналистің стиль қалыптастыруы да үлкен жетістік. Ал жалпы кәсіби және творчестволық қасиет пен ерекшелік бір-бірімен ұштасканда нағыз журналист қалыптаспақ. Журналист өз қызметінде тек қана шындықты жазып, барлық мәселені объективті түрде қарау керек. Нағыз журналист өмірде осылай еңбек етуге, осылай өмір сүруге тиіс. Бұл журналистің алдында тұратын үлкен борыштардың бірі. Журналистиканың маңызы жариялылық болса, халықты тек қана объективті түрде, жан-жақты әрі дәл де, анық ақпараттық хабарлармен, материалдармен қамтамасыз ету керек. Сондықтан ең алдымен өмірдегі жайларды деректі фактілерге сүйене отырып жазу керек. Бұл шыншылдыққа бастайтын негізгі жолдың бірі. Еш нәрсені тексеріп алмай тұрып жазуға болмайды. Мәселенің әбден анық-қанығына көз жеткізу қажет. Ал кездейсоқ, бірен-сараң ғана фактіге сүйену кемшілікке апарып соқтырады. Сондықтан мәселенің зандылығына назар аударып, шындықты көре білу, өмірде жақсылықты таңдай білу және құбылысты дұрыс бағалай білудің жөні бөлек. Оқиғаны бұрмаламай, сол болған күйінше құрғақ сөзге салынбай жазу керек. Әр нәрсені дұрыс түсініп, талдау қажет. Яғни, әрқашан ақиқаттан айнымау — журналистің басты парызы.
Болған жайдың дұрысы қайсы, бұрысы қайсы соны айыра отырып, терең де сенімді қорытынды жасау керек. Әсіресе, актуальды мәселелерді сенімді дәлелдеп керсету қажет. Ал, мәселені жұмсартып айту, шешімін таппаған нәрсені жасырып, айналып өту жараспайды. Кемшіліктер мен қиыншылықтар туралы айтпай кетуге, өткір сұрақтардан қашу жөнсіз болмақ. Бәрін де жақсы деу, бәрін де салтанатты түрде жазу да көкейге қонбайды. Яғни, барды бардай, жоқты жоқтай ХАЛЫҚТЫ көрсетіп жазу, айту жөн.
Журналист еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принциптердің бірі. Өйткені, журналист қателессе, ол бір адамның қателесуі емес — мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Жұрт нағыз журналист жазған материалға сеніммен қарайтынын ұмытпау керек. Журналист қателессе, оқырмандар мен көрермендердің, яғни, халықтың өзіне деген сенімінен айырылады. Алайда журналист қателесе қалған жағдайда, өз қатесін өзі мойындап, оқырмандардан кешірім сұрауы тиіс. Жалған намысқа тырысып, кешірім сұрауға арсынбау керек. Және қателігіңді дер кезінде түзете білу де мәдениеттілік. Журналистің қателігі оның өзіне ғана емес, ол жұмыс істейтін газет-журналға, радио мен телевидение атына кір келтіретінін ойлау керек. Сондықтан фактіні өзгертіп қолдану, өтірік жазу журналисті жарға жығады. Әр нәрсені өз атымен атап, айқын көрсетіп отыру қажет. Бұл орайда жауапкершілік пен адалдықты есте ұстаған жөн . Журналистің ары бәрінен қымбат болуға тиіс. Әйтпесе, ол халықтың сөзін сөйлеп, халықтың сенімін ақтай алмайтыны түсінікті. Ал, тоқмейілсу, өзіне-өзі риза болушылық және мақтаншақтық журналисті тоқырауға ұшырататын қылық болып табылады. Әрі бұл адамгершілікке жатпайтын, азаматтыққа көлеңке түсіретін жөйт.

http://refik.kz

Ұқсас материалдар