Қандастар Ассамблея

Журналистің қызмет бабы барысындағы моральдық-этикалық принциптері

11.11.2013 8898
Журналистің қызмет бабы барысындағы моральдық-этикалық принциптері журналистиканың жалпы принциптері (көпшілік-бұқаралық, демократиялық, шыншылдық, объективтілік, гуманистік, патриоттық т.б.) негізінде қамтылады.    Принцип – негізгі қағида, кейде, ереже деп те айтылатын латын тілінен енген термин сөз.      Журналистің принциптері: 1. Журналист өз ұжымына, өз басылымына жан-тәнімен беріліп, адал қызмет етеді. Бұл оны әрі міндеті, әрі принципі. 2. Журналист өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар халықтың да ой-пікірімен санасуға және құрметпен қарауға міндетті. 3. Журналисттің алдында әрдайым: «Аудитория үшін не істеуім керек? Бұл жазғандарым халыққа қажет пе? Олардың арман-мүддесін қозғай ма? Уақыттарын алмаймын ба?» деген сияқты этикалық сауал-сұрақтары тұрады. 4. Деректерге бай, ақиқат шындығы зерттелген, жан-жақты ойластырылған материалды ғана журналистің аудиторияға ұсынуға толық моральдық этикалық құқы бар. 5. Журналистің біреулерді қаралап та, мақтап, мадақтап та өтірік жазуға құқығы жоқ. Ондай жағдайда журналистер аудитория алдында, заң алдында, ар алдында жауап береді. 6. Дерек, мәлімет жинау барысында журналист шындыққа қашан көзін жеткізгенше ішкі қарсылығын, мәселеге қосылатын қосылмайтынын білдірмейді. 7. Қандай жағдайда болмасын, кіммен сөйлеспесін, журналист алдында отырған адамның салт-дәстүрімен санасып, жеке басының кемшіліктерін көре шұқып айтпай, керісінше оны байыппен, сабырмен мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, қажет жағдайда денсаулығын да ескеруге тиіс. 8. Әдепті, мәдениетті журналист қызмет бабы барысында адамдарды жұмыстарынан қалдырмау үшін, «сізбен қай жерде, қай уақытта кездескенім дұрыс болады» деп олардың өздерімен ақылдасады, уақыт белгілейді. 9. Журналист ағайын-туыстарының арыз-шағымдарын пайдаланған жағдайда аса сақ, абай болғаны жөн. 10. Журналист баспасөзде автор ретінде ғана емес, редактор ретінде де көріне алады. Әдептен озбай, ол редакцияда істемейтін әріптесінің шығармаларын сынап, мінеуге де қақылы. 11. Журналист не редакция қызметкері авторлар материалына ойдан бір түйір дерек қоспайды. 12. Журналист жіберген қатесін мойындауға, кешірім сұрауға міндетті. 13. Жарық көрген материалы үшін журналист ештеңе дәметпейді. 14. Газет-журналдар қалың оқырмандарға арналған. Оның бетін жарнамаларға қаптату әдеп-нормаларға қайшы. т.с.с. Кенжеғалиева Ж.

Журналистің қызмет бабы барысындағы моральдық-этикалық принциптері журналистиканың жалпы принциптері (көпшілік-бұқаралық, демократиялық, шыншылдық, объективтілік, гуманистік, патриоттық т.б.) негізінде қамтылады.
   Принцип – негізгі қағида, кейде, ереже деп те айтылатын латын тілінен енген термин сөз.      Журналистің принциптері:
1. Журналист өз ұжымына, өз басылымына жан-тәнімен беріліп, адал қызмет етеді. Бұл оны әрі міндеті, әрі принципі.
2. Журналист өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар халықтың да ой-пікірімен санасуға және құрметпен қарауға міндетті.
3. Журналисттің алдында әрдайым: «Аудитория үшін не істеуім керек? Бұл жазғандарым халыққа қажет пе? Олардың арман-мүддесін қозғай ма? Уақыттарын алмаймын ба?» деген сияқты этикалық сауал-сұрақтары тұрады.
4. Деректерге бай, ақиқат шындығы зерттелген, жан-жақты ойластырылған материалды ғана журналистің аудиторияға ұсынуға толық моральдық этикалық құқы бар.
5. Журналистің біреулерді қаралап та, мақтап, мадақтап та өтірік жазуға құқығы жоқ. Ондай жағдайда журналистер аудитория алдында, заң алдында, ар алдында жауап береді.
6. Дерек, мәлімет жинау барысында журналист шындыққа қашан көзін жеткізгенше ішкі қарсылығын, мәселеге қосылатын қосылмайтынын білдірмейді.
7. Қандай жағдайда болмасын, кіммен сөйлеспесін, журналист алдында отырған адамның салт-дәстүрімен санасып, жеке басының кемшіліктерін көре шұқып айтпай, керісінше оны байыппен, сабырмен мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, қажет жағдайда денсаулығын да ескеруге тиіс.
8. Әдепті, мәдениетті журналист қызмет бабы барысында адамдарды жұмыстарынан қалдырмау үшін, «сізбен қай жерде, қай уақытта кездескенім дұрыс болады» деп олардың өздерімен ақылдасады, уақыт белгілейді.
9. Журналист ағайын-туыстарының арыз-шағымдарын пайдаланған жағдайда аса сақ, абай болғаны жөн.
10. Журналист баспасөзде автор ретінде ғана емес, редактор ретінде де көріне алады. Әдептен озбай, ол редакцияда істемейтін әріптесінің шығармаларын сынап, мінеуге де қақылы.
11. Журналист не редакция қызметкері авторлар материалына ойдан бір түйір дерек қоспайды.
12. Журналист жіберген қатесін мойындауға, кешірім сұрауға міндетті.
13. Жарық көрген материалы үшін журналист ештеңе дәметпейді.
14. Газет-журналдар қалың оқырмандарға арналған. Оның бетін жарнамаларға қаптату әдеп-нормаларға қайшы. т.с.с.

Кенжеғалиева Ж.

Ұқсас материалдар