Қандастар Ассамблея

МАНАП КӨКЕНОВ ПЕН ОНЫҢ АҚЫН ҰЛЫ ӘБДІКЕРІМ КӨКЕНОВ айтысы

11.11.2013 10873
(Манап ақынның ең соңғы айтысы. 1987 жыл, Павлодар қаласы) Манап:  Сахнаға шығардың жұртым бізді,  Орындап тілегіңді тұрмыз ізгі.  Әке, бала екеуі алдыңда отыр,  Қарсы алсаң ықыласпен жылы жүзді. Өсіп тұр мәртебеміз болып биік, Өсірсе әкеге бақ бала сүйіп. Жолынды мұрат тұтса бір ғанибет, Бетімен кетсе егер көзге күйік. Ризамын атақ-абырой, даңқыма да, Ризамын бақыт берген халқыма да. Ал енді біз әкелі-балалы боп, Айтыстың жалғастырдық артын мына. Жүректің жылуымен жебеймін мен, Бақытың үстем болсын мерейімен. Шығарды халқым қалап, сайрашы енді, Шырағым, өнеріңді көрейін мен. Мейірімді күн көзінен төгейін мен, Не десең, ұлым, саған көнейін мен. Жұртшылық не ойлайды, біз не дейміз, Қапыда сөз келмей тұр көмейімнен. Әбдікерім:  О, әке, аяладың, асырадың, Ұлыңмын, аяғыңа бас ұрамын. Ержеттім өзің берген өнегеңмен, Жастықтың жалынымен тасынамын. Атқанша ақ таңдарым асығамын, Түсімде жыр дүлдүлін міне шауып, Құйғытып келем, несін жасырамын. Сізден үлгі ап айтыссам кем болмаспын, Жан әке, ұмытпаңыз осы жағын. Қазіргі бар ақынның ағасысыз, Десең болды қатарға қосып алдым. Манап:  Алпысты арғымақша мініп тұрмын, Сендердің қуатыңмен жүріп тұрмын. Жер ортасы – Көктөбе осы ма әлде, Келсе егер қарсылық жоқ тынықтырғың. Диқанды көрдім елі құрмет еткен, Алпыста шәкіртіне берген кетпен. Ұлына ақ алғысын айтып кейбір, Шопан да қоштасады ақ таяқпен. Өмірдің жіті қарап айнасына, Ұлына берген шахтер қайласын да. Берейін мен де саған домбырамды, Әке мен бала айтысқан қай ғасырда? Айтыс – өнер, қиын жол ұғынғанға, Мақсаты биік оның бүгін таңда. Ой, мінез, парасат пен ақыл керек, Ең әуелі осыны біл, қапы қалма Әбдікерім:  Білемін, бұл өнерді өзің бастап, Талайға жүрсіз, әке, үлгі тастап. Келемін соңында ақын болмасам да, Азамат болу ойда жүрген мақсат – Өнерді салыстырып өзгелермен, Білдіріп сүйінішті елге деген. Кенелу алғысына өз өлкемнің, Осыны ғана, әке, көздеген ем. Поэзия бағында жүрсем жарып, Жорғасын жыр елінің мінсем барып. Нәр таппай шуағынан сол өнердің, Қоймасам сыртта қалып бүрсең қағып Манап:  О, балам, құрметтің бар салмағы да, Толғану керек зер сап жан-жағыңа. Жолымды ұста, ұсындым домбырамды, Жол – мұрат, жет аңсаған арманыңа. Әбдікерім:  Әзірге сенімге, әке, ене алдым ба? Сіз таусыз ғой, төмпешік мен алдыңда. Ақындықты ұрпаққа жалғастырам, Перзенттік сертім осы ел алдында. Манап:  Айналдым дариядай зейініңнен, Қазақтың даласындай пейілі кең. Қанеки, құшағыма енші ұлым, Сүйейін әкелік шын мейіріммен! kazaitys.kz

(Манап ақынның ең соңғы айтысы. 1987 жыл, Павлодар қаласы)

Манап: 

Сахнаға шығардың жұртым бізді,

 Орындап тілегіңді тұрмыз ізгі.

 Әке, бала екеуі алдыңда отыр,

 Қарсы алсаң ықыласпен жылы жүзді.

Өсіп тұр мәртебеміз болып биік,

Өсірсе әкеге бақ бала сүйіп.

Жолынды мұрат тұтса бір ғанибет,

Бетімен кетсе егер көзге күйік.

Ризамын атақ-абырой, даңқыма да,

Ризамын бақыт берген халқыма да.

Ал енді біз әкелі-балалы боп,

Айтыстың жалғастырдық артын мына.

Жүректің жылуымен жебеймін мен,

Бақытың үстем болсын мерейімен.

Шығарды халқым қалап, сайрашы енді,

Шырағым, өнеріңді көрейін мен.

Мейірімді күн көзінен төгейін мен,

Не десең, ұлым, саған көнейін мен.

Жұртшылық не ойлайды, біз не дейміз,

Қапыда сөз келмей тұр көмейімнен.

Әбдікерім: 

О, әке, аяладың, асырадың,

Ұлыңмын, аяғыңа бас ұрамын.

Ержеттім өзің берген өнегеңмен,

Жастықтың жалынымен тасынамын.

Атқанша ақ таңдарым асығамын,

Түсімде жыр дүлдүлін міне шауып,

Құйғытып келем, несін жасырамын.

Сізден үлгі ап айтыссам кем болмаспын,

Жан әке, ұмытпаңыз осы жағын.

Қазіргі бар ақынның ағасысыз,

Десең болды қатарға қосып алдым.

Манап: 

Алпысты арғымақша мініп тұрмын,

Сендердің қуатыңмен жүріп тұрмын.

Жер ортасы – Көктөбе осы ма әлде,

Келсе егер қарсылық жоқ тынықтырғың.

Диқанды көрдім елі құрмет еткен,

Алпыста шәкіртіне берген кетпен.

Ұлына ақ алғысын айтып кейбір,

Шопан да қоштасады ақ таяқпен.

Өмірдің жіті қарап айнасына,

Ұлына берген шахтер қайласын да.

Берейін мен де саған домбырамды,

Әке мен бала айтысқан қай ғасырда?

Айтыс – өнер, қиын жол ұғынғанға,

Мақсаты биік оның бүгін таңда.

Ой, мінез, парасат пен ақыл керек,

Ең әуелі осыны біл, қапы қалма

Әбдікерім: 

Білемін, бұл өнерді өзің бастап,

Талайға жүрсіз, әке, үлгі тастап.

Келемін соңында ақын болмасам да,

Азамат болу ойда жүрген мақсат –

Өнерді салыстырып өзгелермен,

Білдіріп сүйінішті елге деген.

Кенелу алғысына өз өлкемнің,

Осыны ғана, әке, көздеген ем.

Поэзия бағында жүрсем жарып,

Жорғасын жыр елінің мінсем барып.

Нәр таппай шуағынан сол өнердің,

Қоймасам сыртта қалып бүрсең қағып

Манап: 

О, балам, құрметтің бар салмағы да,

Толғану керек зер сап жан-жағыңа.

Жолымды ұста, ұсындым домбырамды,

Жол – мұрат, жет аңсаған арманыңа.

Әбдікерім: 

Әзірге сенімге, әке, ене алдым ба?

Сіз таусыз ғой, төмпешік мен алдыңда.

Ақындықты ұрпаққа жалғастырам,

Перзенттік сертім осы ел алдында.

Манап: 

Айналдым дариядай зейініңнен,

Қазақтың даласындай пейілі кең.

Қанеки, құшағыма енші ұлым,

Сүйейін әкелік шын мейіріммен!

kazaitys.kz

Ұқсас материалдар