Қандастар Ассамблея

Ұлы дала атаулары. Қарағанды облысы

11.11.2013 4003
Абай ауданы Бауырөзен – өзен. «Бауыр» және «өзен» сөздерінің бірігуінен жасалған. Балатопар өзенінің бір саласы. Осы өзеннің інісі, кіші саласы мағынасын білдіреді. Бетегелі – жер атауы. Бетеге өсімдігінің аса мол өсуіне байланысты «бетегесі бар жер» деген мағынада қойылған. Бетпақсор – көл атауы. «Бетпақ» және «сор» сөз­­дерінің бірігуінен жасалған. Көл маңайы­ның тақыр, татырлығына, жер бетіне сор­таңы шығып жатқандығына қатысты аталған. Ботақара – жер атауы. Түр.-моңғ. бота (қар.) және қара (қар.) компоненттерінен жасалған атау. Мағынасы: «бұта төбе» немесе «бұталы төбе». Бота этнониміне қатыссыз. Шілікті – сай. «Шілік» сөзіне –ті қосым­шасы жалғану арқылы жасалған, шілігі бар жер, шілігі көп деген мағынадағы атау. Семізқыз – тау. Байырғы қазақ тілі жер-су атауларына талдау жасау барысында әйел, қыз, келіншек және т.б. лексемаларға қатысты жасалған атаулар мен төрт түлік ішіндегі ұрғашы мал атауларындағы байтал, бие, іңген, қой, т.б. лексемаларға қатысты жасалған атаулар сол жердің шаруаға жайлы, мал шаруашылығына қолайлы жер екендігінен хабар беретіні байқалады. Сонымен қатар кісі есімі не ру атына байланыс­ты қойылуы да мүмкін. Құлан – жер атауы. Бұл атауды ғалымдар көне түркілердің Қойлан этнонимінің қазақ тіліне бейімделген түрі деп есептейді. Сонымен қатар атау ерте кезде осы мекенде құлан аңының бол­ғандығына да қатысты болуы ықтимал. Бетегелі – жер аты, жайлау. Бетеге өсімдігінің аса мол өсуіне байланысты «бетегесі бар жер» деген мағынада қойылған. Бөлекадыр – адыр. «Бөлек» және «адыр» сөздерінің бірігуінен жасалған. Жазық далада оқшау, жеке-дара орналасқан ерекшелігіне байланысты аталған. Бұлақ – шоқы. Шоқы айналасында бұ­лақ көзінің жиі кездесуіне орай қойылған атау. Бұрнақ – өзен. Түркі, моңғол тілдерінде: түр. Бұрқ//бұрқыра, моңғ.бурха//бургай – «бұрқырау, көпіршу» + түркі тілдеріндегі ақ «ағу», яғни «бұрқырап, сарқырап аққан өзен» мәніндегі атау. Бүркітті – төбе. «Бүркіт» сөзіне –ті қосымшасы жалғанып, бүркіті бар, бүркіт ұя салған тау мағынасын білдіреді. Есен – өзен. Нұраның сол саласы. Қарағанды облысының Абай және Шет аудандары жерімен ағады. Өзен 85 км, су жиналатын алабы 3430 км2. Арқалық тауының оңтүстік-батыс сілемдерінен басталады. Абай ауданының батыс бөлігін оңтүстіктен солтүстік-батысқа қарай бірқатар ауылдық аймақ жерлерімен ағып өтеді. Самар ауылындағы Майбұрнақ өзенімен қосылады. Есенгелді ауылы тұсында Нұраға құяды. Өзен атауы ертеде осы өлкені мекендеген ру атына байланысты қойылған. Есен – көл. Бұғылы таулары мен Сарысу каналының аралығында орналасқан. Көл атауы ертеде осы өлкені мекендеген ру, кісі атына байланысты қойылған антропоним. Бес Мейрамның Қуандығынан тарайтын Есенғарт есіміне қатысты болуы әбден ықтимал. Ескермес – бұлақ. Кісі немесе ру атына байланысты қойылған атау. Жалайыр – бейіт. Кісі есіміне байланысты қойылған атау. Жалайыр – тау, жота. Ру немесе кісі есіміне байланысты қойылған атау. Жалғызқұдық – бұлақ. Аймақта өзгеше, жеке-дара қазылған құдық деген мағынаны білдіреді. Жалғызқұдық – мекен (бөлімше) аты. «Жалғыз» және «құдық» сөздерінің бірігуінен жасалған. Мекен орналасқан жерде жекедара бір ғана құдықтың бар екендігін білдіреді. «Абай ауданының топонимикасы» кітабы бойынша дайындаған өлкетанушы Молдияр СЕРІКБАЙҰЛЫ

Абай ауданы

Бауырөзен – өзен. «Бауыр» және «өзен» сөздерінің бірігуінен жасалған. Балатопар өзенінің бір саласы. Осы өзеннің інісі, кіші саласы мағынасын білдіреді.
Бетегелі – жер атауы. Бетеге өсімдігінің аса мол өсуіне байланысты «бетегесі бар жер» деген мағынада қойылған.
Бетпақсор – көл атауы. «Бетпақ» және «сор» сөз­­дерінің бірігуінен жасалған. Көл маңайы­ның тақыр, татырлығына, жер бетіне сор­таңы шығып жатқандығына қатысты аталған.
Ботақара – жер атауы. Түр.-моңғ. бота (қар.) және қара (қар.) компоненттерінен жасалған атау. Мағынасы: «бұта төбе» немесе «бұталы төбе». Бота этнониміне қатыссыз.
Шілікті – сай. «Шілік» сөзіне –ті қосым­шасы жалғану арқылы жасалған, шілігі бар жер, шілігі көп деген мағынадағы атау.
Семізқыз – тау. Байырғы қазақ тілі жер-су атауларына талдау жасау барысында әйел, қыз, келіншек және т.б. лексемаларға қатысты жасалған атаулар мен төрт түлік ішіндегі ұрғашы мал атауларындағы байтал, бие, іңген, қой, т.б. лексемаларға қатысты жасалған атаулар сол жердің шаруаға жайлы, мал шаруашылығына қолайлы жер екендігінен хабар беретіні байқалады. Сонымен қатар кісі есімі не ру атына байланыс­ты қойылуы да мүмкін.
Құлан – жер атауы. Бұл атауды ғалымдар көне түркілердің Қойлан этнонимінің қазақ тіліне бейімделген түрі деп есептейді. Сонымен қатар атау ерте кезде осы мекенде құлан аңының бол­ғандығына да қатысты болуы ықтимал.
Бетегелі – жер аты, жайлау. Бетеге өсімдігінің аса мол өсуіне байланысты «бетегесі бар жер» деген мағынада қойылған.
Бөлекадыр – адыр. «Бөлек» және «адыр» сөздерінің бірігуінен жасалған. Жазық далада оқшау, жеке-дара орналасқан ерекшелігіне байланысты аталған.
Бұлақ – шоқы. Шоқы айналасында бұ­лақ көзінің жиі кездесуіне орай қойылған атау.
Бұрнақ – өзен. Түркі, моңғол тілдерінде: түр. Бұрқ//бұрқыра, моңғ.бурха//бургай – «бұрқырау, көпіршу» + түркі тілдеріндегі ақ «ағу», яғни «бұрқырап, сарқырап аққан өзен» мәніндегі атау.
Бүркітті – төбе. «Бүркіт» сөзіне –ті қосымшасы жалғанып, бүркіті бар, бүркіт ұя салған тау мағынасын білдіреді.
Есен – өзен. Нұраның сол саласы. Қарағанды облысының Абай және Шет аудандары жерімен ағады. Өзен 85 км, су жиналатын алабы 3430 км2. Арқалық тауының оңтүстік-батыс сілемдерінен басталады. Абай ауданының батыс бөлігін оңтүстіктен солтүстік-батысқа қарай бірқатар ауылдық аймақ жерлерімен ағып өтеді. Самар ауылындағы Майбұрнақ өзенімен қосылады. Есенгелді ауылы тұсында Нұраға құяды. Өзен атауы ертеде осы өлкені мекендеген ру атына байланысты қойылған.
Есен – көл. Бұғылы таулары мен Сарысу каналының аралығында орналасқан. Көл атауы ертеде осы өлкені мекендеген ру, кісі атына байланысты қойылған антропоним. Бес Мейрамның Қуандығынан тарайтын Есенғарт есіміне қатысты болуы әбден ықтимал.
Ескермес – бұлақ. Кісі немесе ру атына байланысты қойылған атау.
Жалайыр – бейіт. Кісі есіміне байланысты қойылған атау.
Жалайыр – тау, жота. Ру немесе кісі есіміне байланысты қойылған атау.
Жалғызқұдық – бұлақ. Аймақта өзгеше, жеке-дара қазылған құдық деген мағынаны білдіреді.
Жалғызқұдық – мекен (бөлімше) аты. «Жалғыз» және «құдық» сөздерінің бірігуінен жасалған. Мекен орналасқан жерде жекедара бір ғана құдықтың бар екендігін білдіреді.

«Абай ауданының топонимикасы» кітабы бойынша дайындаған өлкетанушы
Молдияр СЕРІКБАЙҰЛЫ

Ұқсас материалдар