Қандастар Ассамблея

«Арийлер дегеніміз кімдер?»

11.11.2013 4066
«Арийлер дегеніміз кімдер?» деген сұрақ ХІХ ғасырда тарих ғылымында көтеріліп, «Авеста» кітабының үндіеуропалық (парсы) тілінде жазылғанына сүйеніп, көне заманда арийлер ирандық тайпалар болып, жайылым мал шаруашылығымен айналысқан деген пікірге келген. Бұл тұжырым мейлінше көнерген, оны бүгінгі таңда мойындау қиын. ХХ ғасырдың тарихшылары «Арийлердің өрбіген Отаны» мәселесін көтергенде, оған қатысушылардың пікірі екіге бөлінген. Біріншісі үндіеуропалық көзқарасты ұстанып, арийлердің өрбіген жері Алдыңғы Азия мен Еуропа құрлығы десе; екіншілері арийлердің Отаны Орталық Азия екендігін айтқан. Бұл мәселе бойынша, үндіеуропалық бағыттағы ғалымдар басым түскен: «Авеста» кітабының парсы тілінде жазылғанын тілге тиек етіп, еуроцентристер көптеген еңбектерді жариялады. Үндіеуропалық ағылшын санскритолог У.Джонс: «высказал утверждение, что др. – индоевропейский язык санскрит, др. – греч., латинский, персидский и некоторые др. Языки имеют общее происхождение». Ғалымның бұл пікіріне қарағанда, үндіеуропалық тіл тобына кіретін тілдердің жалпы тегі, түбірі бір екенін тұжырымдаған. Осы пікір еуроцентристер, әсіресе, неміс ұлтшылдары тарапынан қолдау тапқан, үндіеуропалық тілде сөйлеушілердің, соның ішінде немістердің ата-бабалары арийлер болатыны туралы тұжырымдама жасап, оны фашистік Германияның идеологиясына айналдырған. Олардың пікірлестері болып аталатын ғалымдар: А.В.Шлегья, Ф.Боппа, Лассен сияқты фашистік Германияның идеологтары халқының «тегі арийлер» деген тұжырымды қалыптастырып, Гитлер басқарған Германияның, оның Одақтас елдерінің халықтарының бастарын айналдырған. Бұл идеологияның фашистік Германияның сарбаздары мен офицерлерінің санасын улағанын әлем халықтары біледі. Бұл туралы жазған мерзімді басылымдар, кітаптар мен мақалалардың нақтылы санын белгілеу қиын шығар. Бірақ олардың мазмұны біреу-ақ болып, «арийлердің ұрпақтары – немістер» деген қияли тұжырымды уағыздаған. У.Джонстың пікірі бойынша, үндіеуропалық тіл семьясында сөйлейтін халықтардың тілдерінің түбірі бір болып, олардың Солтүстік Үндістаннан батысқа қарай орналасқаны тілге тиек етілген. Бірақ Үндістанның барлық халқының тілі үндіеуропалық тіл тобына жатпайды, тек оның солтүстік батысындағы бөліктерінің тілдері ғана жатады. Үндістанның басым көпшілік халықтары Дравид тіл тобында сөйлейді. «Дравид тіл семьясында Оңтүстік Үндістанның, Цейлон аралының бір бөлігінде мекендеушілер сөйлейді. Олар – телуг, тамиль, каннар, малаяя және т.б.». Солай болса, Үндістанның солтүстігі мен батысын мекендеген халықтарының тілдері үндіеуропа тіл семьясына жатса, олар Үндістанның солтүстігіндегі Орталық Азия және батысындағы Ауғанстан, Иран елдерімен шектескен жерлердегі халықтардың тілдері осы тіл семьясына кірген. Оның себебі, батыс көршілері Үндістердің тіліне әсер еткен болса, неге солтүстік көршілерінің оңтүстік көршілеріне ондай әсері болмаған. Тарихи деректерге қарағанда, ежелден Үндістан халықтары барлық көршілерімен саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынаста болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы нәсілшілдік сарынындағы ғалымдар арий­лердің Отаны – Еуропа, оның ішінде Скандинавия (австр. ғалымы К.Пенка), Солтүстік Германияның (неміс филологы Г.Хорт), Дунай өңірлері (ағылшын ғалымдары Г.Джайлс, Э.Рапсон) және т.б. нәсілдік сарындағы ғалымдар тек үндіеуропалық тілге негізделіп, арийлердің өрбіген географиялық аймағы Еуропа құрлығы болып, оның әртүрлі аймақтарын мекендегеніне тоқталған. Олар арийлерді басқа құрлықтардан өрбіді деуге ауыздары бармай, қалай болса да осы Еуропа құрлығынан шығармау үшін барлық күштерін салған. Еуроцентристер, оның ішіндегі нәсілдік сарындағы ғалымдар Орталық Азиядан шығып жатқан археологиялық және жазба деректермен санаспай, бұл аймақтың этностарын жаппай көшпелілердің қатарына қосып, оларға «жабайылар» деген айдар тағумен келе жатыр. Бірақ шындық бәрібір өзінің күшіне енеді. Бұл аймақтың шынайы тарихы алдағы уақытта жазылады және еуроцентристердің теріс пікірлеріне соққы береді. Екінші көзқарасты қолдаған еуро­палық ғалымдардың арасынан шыққан, нәсілдік пікірде болма­ған ғалымдар: неміс филологы Т.Бенфей, ағылшын археологы Г.Чайлд. Олардың саны онша көп болмаса да, тарихи деректерді кешенді қарастырып, Қара теңіздің солтүстік жағалауынан созылып жатқан кең даламен Солтүстік Кавказ аймақтарын арийлердің жайлаған жерлері деген пікірлерін айтқан. Сөйтіп, бұл ғалымдардың арийлер проблемасын шешуде шындыққа біршама жақындағанын байқаймыз. Олар аталған географиялық аймақтар арийлердің ұрпақтары болған скифтердің, сарматтардың Отаны екенін алға тартқан. Себебі осы пікірді ұстанған ғалымдар жиналған өте бай артефактілерге сүйенген. Бұл пікірді қолдаушылардың ірі өкілі – Г.Чайлд. ХХ ғасырдың белгілі археологтарының бірі Чайлд Вир Гордан (1892-1957 ж.ж.) Эдинбургте, Лондонда профессор болып, ғылыми, педагогикалық жұмыс атқарған. Негізінен, артефактіге сүйеніп, алғашқы қоғамды және оның мәдениетін зерттеген. Ол, әсіресе, Еуропадағы алғашқы қоғамға тиісті артефактілерді талдап, өзінің құнды еңбектерін жазған: «На заре европейской цивилизации» (1925 ж.); «Социальная эволюция» (1951 ж.); «Восстановление прошлого» (1956 ж.). Осы еңбектерінде Г.Чайлд арийлердің өрбіген жері Қара теңіздің солтүстігіндегі далалар болуы керек деген тұжырым жасаған. Ғұламаның бұл пікірлері осы аймақта жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған артефактілерге негізделген. Бұл аймақ түркітілдес скиф этностарының тараған жері екенін артефакті мен жазба деректер дәлелдейді. Г.Чайлдтың пікірін шығысқа қарай жалғастырып, арийлердің Отаны Орталық Азия құрлығы деп қараған ғалымдар көбірек болған. Олардың арасында Үндістанды зерттеуші неміс ғалымдары М.Мюллер, Э.Мейер, Б.Г.Тилак, Н.К.Састри және т.б. болған. М.Мюллер мен Э.Мейерлер арийлер Орталық Азиядан шыққан десе, Б.Г.Тилак Солтүстік Сібірден өрбіген деген пікір білдірген. Ал Н.К.Састри болса, олардың Тибет өлкесін жайлағанын айтқан. Орталық Азиядан шыққан деген пікірді білдіруші ғалымдар «Авеста» кітабындағы тілден басқа мағлұматтарды ескеріп, қолындағы азды-көпті артефактілерге сүйеніп, арийлердің Отанын анықтауда біраз шындыққа жақын теориялық тұжырымдарды жазып қалдырған. Аттары аталған ғұламалардың пікірлері ертедегі Қытай жазба деректерімен үндес келеді. Белгілі синолог Бахаддин Өгел «Ұлы Хүн империясының тарихы» кітабының «Солтүстік батыс тайпалары. Хүндар мен түріктер» атты бөлімінде мынадай пікір жазған: «Біздің бұл кітаптағы негізгі зерттеу әдісіміз белгілі, айқын фактілерден, белгісіз, бұлдыр уақыт тұңғиығына қарай бойлай ену болмақ. Осыдан былай қарай келтірер деректеріміз қай халықтың қай жерде өмір сүргендігін айқын көрсетіп береді. Қытайдың солтүстік-батысына таралған бұл мәдениеттің моңғолдарға ешбір қатысы болған емес… Бұлардан кейінгі түрік тайпаларының ата-бабалары болғандығына шүбә келтірмейміз. Тарихта алғаш көріне бастаған дәуірден, яғни б.з.б. ІІІ мың жылдан кейінгі аралықта да бастапқы мағыналық сипатын сақтап қалды… Бұл маңдағы тайпалар ту баста аңшылар еді. Келе-келе мал шаруашылығы басым орынға шыға бастады. Бидай, тары қатарлы дақылдар да егілетін болды. Сиыр көптеп бағылатын. Алайда олардың күнкөрісі жылқы шаруашылығына тікелей байланысты болды… Ертеректе бұл маңайда өмір сүрген тайпаларды хиениун және хунну деп атайтын болған. Қытайлықтар бұларды кейінгі хундардың ата-бабалары болар деген түйінде. Ал олардың отырықшыланған бөліктері біржола орнығып, қалалар салды, қорғандар тұрғызып, бекіністерге бекінді… Тарихта түріктенген тибеттер де, тибеттенген түріктер де аз болмағаны жайлы деректі алда көресіздер». Ғұламаның хундар мен түріктер туралы айқын пікірлері Қытай деректеріне негізделген. Жоғарыдағы аталған ғалым Н.К.Састридің арийлердің бабалары Тибеттен шықты деуінің негізі бар екенін байқаймыз. Оны орыс тарихшысы К.А.Иностранцев те өзінің «Хунну и Гунну» деген еңбегінде гундарды түркітілдес халықтарға жатқызып, олардың батысын-гунндер, шығысын-хуннулер деп екіге бөлген. Солай болса, гуннулер мен хүннулар батыстан шығысқа қарай таралып, ұлан-байтақ жерлерді иеленіп, Қытай шекарасы мен тибеттермен араласып жатқаны тарихи шындыққа келеді. Осы келтірілген деректерге қарағанда, ертедегі скифтердің ұрпақтары осы хунну мен гүннулер, олардың жалғасы – иеменектер. Бұл этностар Қара теңіздің солтүстік өңірінен Шығыс Түркістанды түгел иеленген түркітілдес халықтар болып, Қытай және Тибет елдерімен тығыз байланыс жасаған. Уахит ШӘЛЕКЕНОВ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры

«Арийлер дегеніміз кімдер?» деген сұрақ ХІХ ғасырда тарих ғылымында көтеріліп, «Авеста» кітабының үндіеуропалық (парсы) тілінде жазылғанына сүйеніп, көне заманда арийлер ирандық тайпалар болып, жайылым мал шаруашылығымен айналысқан деген пікірге келген. Бұл тұжырым мейлінше көнерген, оны бүгінгі таңда мойындау қиын.
ХХ ғасырдың тарихшылары «Арийлердің өрбіген Отаны» мәселесін көтергенде, оған қатысушылардың пікірі екіге бөлінген. Біріншісі үндіеуропалық көзқарасты ұстанып, арийлердің өрбіген жері Алдыңғы Азия мен Еуропа құрлығы десе; екіншілері арийлердің Отаны Орталық Азия екендігін айтқан.
Бұл мәселе бойынша, үндіеуропалық бағыттағы ғалымдар басым түскен: «Авеста» кітабының парсы тілінде жазылғанын тілге тиек етіп, еуроцентристер көптеген еңбектерді жариялады. Үндіеуропалық ағылшын санскритолог У.Джонс: «высказал утверждение, что др. – индоевропейский язык санскрит, др. – греч., латинский, персидский и некоторые др. Языки имеют общее происхождение». Ғалымның бұл пікіріне қарағанда, үндіеуропалық тіл тобына кіретін тілдердің жалпы тегі, түбірі бір екенін тұжырымдаған. Осы пікір еуроцентристер, әсіресе, неміс ұлтшылдары тарапынан қолдау тапқан, үндіеуропалық тілде сөйлеушілердің, соның ішінде немістердің ата-бабалары арийлер болатыны туралы тұжырымдама жасап, оны фашистік Германияның идеологиясына айналдырған. Олардың пікірлестері болып аталатын ғалымдар: А.В.Шлегья, Ф.Боппа, Лассен сияқты фашистік Германияның идеологтары халқының «тегі арийлер» деген тұжырымды қалыптастырып, Гитлер басқарған Германияның, оның Одақтас елдерінің халықтарының бастарын айналдырған. Бұл идеологияның фашистік Германияның сарбаздары мен офицерлерінің санасын улағанын әлем халықтары біледі. Бұл туралы жазған мерзімді басылымдар, кітаптар мен мақалалардың нақтылы санын белгілеу қиын шығар. Бірақ олардың мазмұны біреу-ақ болып, «арийлердің ұрпақтары – немістер» деген қияли тұжырымды уағыздаған.
У.Джонстың пікірі бойынша, үндіеуропалық тіл семьясында сөйлейтін халықтардың тілдерінің түбірі бір болып, олардың Солтүстік Үндістаннан батысқа қарай орналасқаны тілге тиек етілген. Бірақ Үндістанның барлық халқының тілі үндіеуропалық тіл тобына жатпайды, тек оның солтүстік батысындағы бөліктерінің тілдері ғана жатады. Үндістанның басым көпшілік халықтары Дравид тіл тобында сөйлейді. «Дравид тіл семьясында Оңтүстік Үндістанның, Цейлон аралының бір бөлігінде мекендеушілер сөйлейді. Олар – телуг, тамиль, каннар, малаяя және т.б.». Солай болса, Үндістанның солтүстігі мен батысын мекендеген халықтарының тілдері үндіеуропа тіл семьясына жатса, олар Үндістанның солтүстігіндегі Орталық Азия және батысындағы Ауғанстан, Иран елдерімен шектескен жерлердегі халықтардың тілдері осы тіл семьясына кірген. Оның себебі, батыс көршілері Үндістердің тіліне әсер еткен болса, неге солтүстік көршілерінің оңтүстік көршілеріне ондай әсері болмаған. Тарихи деректерге қарағанда, ежелден Үндістан халықтары барлық көршілерімен саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынаста болғанын ешкім жоққа шығара алмайды.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы нәсілшілдік сарынындағы ғалымдар арий­лердің Отаны – Еуропа, оның ішінде Скандинавия (австр. ғалымы К.Пенка), Солтүстік Германияның (неміс филологы Г.Хорт), Дунай өңірлері (ағылшын ғалымдары Г.Джайлс, Э.Рапсон) және т.б. нәсілдік сарындағы ғалымдар тек үндіеуропалық тілге негізделіп, арийлердің өрбіген географиялық аймағы Еуропа құрлығы болып, оның әртүрлі аймақтарын мекендегеніне тоқталған. Олар арийлерді басқа құрлықтардан өрбіді деуге ауыздары бармай, қалай болса да осы Еуропа құрлығынан шығармау үшін барлық күштерін салған.
Еуроцентристер, оның ішіндегі нәсілдік сарындағы ғалымдар Орталық Азиядан шығып жатқан археологиялық және жазба деректермен санаспай, бұл аймақтың этностарын жаппай көшпелілердің қатарына қосып, оларға «жабайылар» деген айдар тағумен келе жатыр. Бірақ шындық бәрібір өзінің күшіне енеді. Бұл аймақтың шынайы тарихы алдағы уақытта жазылады және еуроцентристердің теріс пікірлеріне соққы береді.
Екінші көзқарасты қолдаған еуро­палық ғалымдардың арасынан шыққан, нәсілдік пікірде болма­ған ғалымдар: неміс филологы Т.Бенфей, ағылшын археологы Г.Чайлд. Олардың саны онша көп болмаса да, тарихи деректерді кешенді қарастырып, Қара теңіздің солтүстік жағалауынан созылып жатқан кең даламен Солтүстік Кавказ аймақтарын арийлердің жайлаған жерлері деген пікірлерін айтқан. Сөйтіп, бұл ғалымдардың арийлер проблемасын шешуде шындыққа біршама жақындағанын байқаймыз. Олар аталған географиялық аймақтар арийлердің ұрпақтары болған скифтердің, сарматтардың Отаны екенін алға тартқан. Себебі осы пікірді ұстанған ғалымдар жиналған өте бай артефактілерге сүйенген.
Бұл пікірді қолдаушылардың ірі өкілі – Г.Чайлд. ХХ ғасырдың белгілі археологтарының бірі Чайлд Вир Гордан (1892-1957 ж.ж.) Эдинбургте, Лондонда профессор болып, ғылыми, педагогикалық жұмыс атқарған. Негізінен, артефактіге сүйеніп, алғашқы қоғамды және оның мәдениетін зерттеген. Ол, әсіресе, Еуропадағы алғашқы қоғамға тиісті артефактілерді талдап, өзінің құнды еңбектерін жазған: «На заре европейской цивилизации» (1925 ж.); «Социальная эволюция» (1951 ж.); «Восстановление прошлого» (1956 ж.). Осы еңбектерінде Г.Чайлд арийлердің өрбіген жері Қара теңіздің солтүстігіндегі далалар болуы керек деген тұжырым жасаған. Ғұламаның бұл пікірлері осы аймақта жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған артефактілерге негізделген. Бұл аймақ түркітілдес скиф этностарының тараған жері екенін артефакті мен жазба деректер дәлелдейді.
Г.Чайлдтың пікірін шығысқа қарай жалғастырып, арийлердің Отаны Орталық Азия құрлығы деп қараған ғалымдар көбірек болған. Олардың арасында Үндістанды зерттеуші неміс ғалымдары М.Мюллер, Э.Мейер, Б.Г.Тилак, Н.К.Састри және т.б. болған. М.Мюллер мен Э.Мейерлер арийлер Орталық Азиядан шыққан десе, Б.Г.Тилак Солтүстік Сібірден өрбіген деген пікір білдірген. Ал Н.К.Састри болса, олардың Тибет өлкесін жайлағанын айтқан. Орталық Азиядан шыққан деген пікірді білдіруші ғалымдар «Авеста» кітабындағы тілден басқа мағлұматтарды ескеріп, қолындағы азды-көпті артефактілерге сүйеніп, арийлердің Отанын анықтауда біраз шындыққа жақын теориялық тұжырымдарды жазып қалдырған.
Аттары аталған ғұламалардың пікірлері ертедегі Қытай жазба деректерімен үндес келеді. Белгілі синолог Бахаддин Өгел «Ұлы Хүн империясының тарихы» кітабының «Солтүстік батыс тайпалары. Хүндар мен түріктер» атты бөлімінде мынадай пікір жазған: «Біздің бұл кітаптағы негізгі зерттеу әдісіміз белгілі, айқын фактілерден, белгісіз, бұлдыр уақыт тұңғиығына қарай бойлай ену болмақ. Осыдан былай қарай келтірер деректеріміз қай халықтың қай жерде өмір сүргендігін айқын көрсетіп береді. Қытайдың солтүстік-батысына таралған бұл мәдениеттің моңғолдарға ешбір қатысы болған емес… Бұлардан кейінгі түрік тайпаларының ата-бабалары болғандығына шүбә келтірмейміз. Тарихта алғаш көріне бастаған дәуірден, яғни б.з.б. ІІІ мың жылдан кейінгі аралықта да бастапқы мағыналық сипатын сақтап қалды… Бұл маңдағы тайпалар ту баста аңшылар еді. Келе-келе мал шаруашылығы басым орынға шыға бастады. Бидай, тары қатарлы дақылдар да егілетін болды. Сиыр көптеп бағылатын. Алайда олардың күнкөрісі жылқы шаруашылығына тікелей байланысты болды… Ертеректе бұл маңайда өмір сүрген тайпаларды хиениун және хунну деп атайтын болған. Қытайлықтар бұларды кейінгі хундардың ата-бабалары болар деген түйінде. Ал олардың отырықшыланған бөліктері біржола орнығып, қалалар салды, қорғандар тұрғызып, бекіністерге бекінді… Тарихта түріктенген тибеттер де, тибеттенген түріктер де аз болмағаны жайлы деректі алда көресіздер».
Ғұламаның хундар мен түріктер туралы айқын пікірлері Қытай деректеріне негізделген. Жоғарыдағы аталған ғалым Н.К.Састридің арийлердің бабалары Тибеттен шықты деуінің негізі бар екенін байқаймыз. Оны орыс тарихшысы К.А.Иностранцев те өзінің «Хунну и Гунну» деген еңбегінде гундарды түркітілдес халықтарға жатқызып, олардың батысын-гунндер, шығысын-хуннулер деп екіге бөлген. Солай болса, гуннулер мен хүннулар батыстан шығысқа қарай таралып, ұлан-байтақ жерлерді иеленіп, Қытай шекарасы мен тибеттермен араласып жатқаны тарихи шындыққа келеді. Осы келтірілген деректерге қарағанда, ертедегі скифтердің ұрпақтары осы хунну мен гүннулер, олардың жалғасы – иеменектер. Бұл этностар Қара теңіздің солтүстік өңірінен Шығыс Түркістанды түгел иеленген түркітілдес халықтар болып, Қытай және Тибет елдерімен тығыз байланыс жасаған.

Уахит ШӘЛЕКЕНОВ,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің профессоры

Ұқсас материалдар