Қандастар Ассамблея

Жастар қуаты – Қазақстан болашағы

07.11.2013 3578
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1-курс студенттеріне арналған «Студенттер қатарына қабылдау-2013» атты  дәстүрлі шара өтті.  «Қазақстан» орталық концерт залында өткен театрландырылған салтанатты кештің бұрынғыдан өзгерек болғаны көрініп-ақ тұрды. «Студенттер қатарына қабылдау» мерекесі алдағы «ЕХРО» көрмесіне орай «Жастар қуаты – Қазақстан болашағы» тақырыбын арқау еткен. Оның мәні – бүгінгі бірінші курс студенттері 2017 жылы оқуларын аяқтап, ел өміріндегі маңызды оқиғаларға белсене араласпақ. Әуелі сөз алған университет ректоры Ерлан Сыдықов та өз кезегінде «ЕХРО – бұл бүкіл ел үшін маңызды оқиға. Қоғамның ең белсенді бөлігі ретінде жастар осы ұлттық жобаны қолдайды. Біздің 13 мың студенттің барлығы көрмені өткізу үшін дайын волонтерлер» - деген болатын. Аталған іс-шара ЖОО-ның Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті, «Шабыт» шығармашылық бірлестігі, Жастар саясаты орталығы, «Самұрық» шоу-балеті, «Рух дауысы», «Толғау» би топтары және «Шаңырақ» театры секілді іргелі ұжымдардың бірлескен еңбегі екен. Е.Сыдықов мерекелік құттықтауын жеткізіп, бірінші курс студенттеріне ақ жол тілей тұрып, «студенттік билет тапсыру» рәсімін өткізді. Осыдан кейін қолдарына құжат алған студенттер ұстаздары алдында ресми түрде ант берді. Кешке студенттерді құттықтай келген өнер жұлдыздары салтанатты шараның көркін кіргізді.                                                                                                 Жасұлан Майлыбаев

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1-курс студенттеріне арналған «Студенттер қатарына қабылдау-2013» атты  дәстүрлі шара өтті.  «Қазақстан» орталық концерт залында өткен театрландырылған салтанатты кештің бұрынғыдан өзгерек болғаны көрініп-ақ тұрды.

«Студенттер қатарына қабылдау» мерекесі алдағы «ЕХРО» көрмесіне орай «Жастар қуаты – Қазақстан болашағы» тақырыбын арқау еткен. Оның мәні – бүгінгі бірінші курс студенттері 2017 жылы оқуларын аяқтап, ел өміріндегі маңызды оқиғаларға белсене араласпақ.

Әуелі сөз алған университет ректоры Ерлан Сыдықов та өз кезегінде «ЕХРО – бұл бүкіл ел үшін маңызды оқиға. Қоғамның ең белсенді бөлігі ретінде жастар осы ұлттық жобаны қолдайды. Біздің 13 мың студенттің барлығы көрмені өткізу үшін дайын волонтерлер» - деген болатын.

Аталған іс-шара ЖОО-ның Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті, «Шабыт» шығармашылық бірлестігі, Жастар саясаты орталығы, «Самұрық» шоу-балеті, «Рух дауысы», «Толғау» би топтары және «Шаңырақ» театры секілді іргелі ұжымдардың бірлескен еңбегі екен.

Е.Сыдықов мерекелік құттықтауын жеткізіп, бірінші курс студенттеріне ақ жол тілей тұрып, «студенттік билет тапсыру» рәсімін өткізді. Осыдан кейін қолдарына құжат алған студенттер ұстаздары алдында ресми түрде ант берді.

Кешке студенттерді құттықтай келген өнер жұлдыздары салтанатты шараның көркін кіргізді.

 

                                                                                              Жасұлан Майлыбаев

Ұқсас материалдар