Қандастар Ассамблея

Александр Мокин

30.10.2013 1962
Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп жүрген тұңғыш қазақстандық қақпашы – Александр Мокин Александр Валерьевич Мокин 1981жылы 19 шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келген. Сашаның футболдағы карьерасы туған жерінен басталды. Алдымен жергілікті «Жігер» клубының қақпасын күзетті. Сосын «Жігер» мен «Томирис» клубы біріктіріліп, жаңадан құрылған «Достық»  командасында 2000-2001 жылдары 19 ойын өткізді. Ал 2002 жылы елордалық «Жеңіс» клубынанұсыныс түсті. Ол кезде Астананың бірінші нөмірлі қақпашысы Давид Лория еді. Дарынды қақпашы Лория өз орнын бере қоймады. Сондықтан бірнеше клубтарға жалға берілді. Олардың қатарында «Оқжетпес», «Алма-Ата», «Ордабасы» командалары бар. Кейіннен атауы «Астана» болып өзгерген «Жеңісте» Қазақстан чемпионатындағы ең бағалы жүлделердің барлығына қол жеткізді. Ел чемпионатын Кубок жолындағы бәсекеде бір емес, екі рет жеңіске жетті. Жалпы, Мокин «Жеңіс» жейдесін 30 рет киіп шыққан. «Алма-Ата» мен «Ордабасыда» ойнаған жылдары да Қазақстан кубогының финалына шықты.  Бірақ, бұл клубтармен Кубокты ұту бақыты бұйырмады. «Жеңістен»түпкілікті кеткен соң, «Ордабасының» негізгі қақпашысы болды. Шымкентте жүргенде Бернд Шторк тізгінін ұстаған ұлттық құрамаға үнемі шақырылып тұрды. Ол кездері «Ордабасыны» Владимир Никитенко мен Анатолий Юревич жаттықтырды. Екі бапкер де қақпаның кілтін Мокинге сеніп тапсырды. Осылайша, 2009-2010 жылдар аралығында жалпы есебі 55 ойынөткізді. Ал 2011 жылы «Шахтерге» ауысып, бас бапкерлікке келген Виктор Кумыковтің командаға жаңадан қосқан футболшыларының бірі болды.Қақпашының шеберлігі алаңда өнер көрсететін футболшыларға қарағанда жылдармен ғана шындалады. Қанша дарынды қақпашы болса да, аса жауапты кездесулерде тәжірибенің рөлі жоғары. Саша қарағандылық клубқа ауысқаннан кейін осы тәжірибесін жасыл алаңда паш етті.  Алдымен Александр Григоренконы негіз құрамнан ысырды. Оның алдында Григоренко «кеншілердің» негізгі қақпашысы ғана емес, вице-капитаны да болатын. Алғашқы жылы «Шахтердің» ел біріншілігінде көрсеткен өнері бас бармақпен бағалауға тұрарлық. Қазақстан чемпионатына ғана емес, сол жолы олар Еуропа лигасының іріктеу кезеңдеріне де қатысты. Бірінші кезеңде, Словенияның «Копер» клубы «Шахтердің» мықтылығын мойындады. Қазақтыңқос талантты жас футболшысы Жамбыл Көкеев пен Ұлан Қонысбаев «кеншілерді» келесі кезеңге алып шыққанымен, келесі кезеңде ирландиялық«Сен Патрикс Атлетикті» айналып өте алмады. Қарағандыда өткен алғашқы матчта «Шахтер» 2:1 есебімен жеңгенімен, сырт алаңда 0:2 есебімен жол берді. Қарағанды жанкүйерлері Ирландия клубын жеңе алмағанына «Шахтерді» аса жазғырған жоқ. Өйткені, олар екінші раундқа сол жылы бірінші рет шыққан. Команданың болашағына сенді. Басты қуаныш қараша айында орын алды. Жиырма жыл күткен Қазақстан біріншілігінің алтыны Қарағандыға оралды. Соңғы турда 20 мыңға жуық жанкүйер жинаған қаланың орталық стадионында «Шахтер» елордалық «Локомотивпен» кездесті. Хижниченко соққан қос гол сарыла күткен сары алтынды сыйлады. Осы жылы Мокин біріншіліктің  үздік қақпашыларының қатарына енді. Сашаныңкөрсеткен өнері футбол мамандары мен жанкүйерлердің де көңілінен шықты. Бұл бастамасы ғана. Келесі жылы «Шахтер» екінші чемпиондығына қол жеткізгенде, біріншіліктегі ең аз гол жіберген команда атанды. Әлбетте, бұлбірінші кезекте қорғаушылар мен қақпашының еңбегі.  Сол кезде еліміздегі белгілі футбол мамандары мен спорт басылымдары Мокинді жылдың үздікқақпашысы деді. Сонымен қатар, ел біріншілігінің үздік 10 ойыншысыныңқатарына жатқызды.  Александрдың шеберлігі жыл сайын шыңдалып келеді. Әсіресе, оның жұлдызы биыл жарқырады. БАТЭ командасының шабуылшылары Мокиннен айлаларын асыра алмай, әбден әбігерге түсті. Тіпті 11 метрлік пенальти соққысын дақайтарып, кездесудің үздік ойыншысы атанды. Тіпті, Нойердің осал тұсын тапқанБАТЭ шабуылшысы Радионов Сашаның қақпасынан саңылау таба алмағанында, Еуропа таң-тамаша болды. Жалпы, Чемпиондар лигасының Қазақстанда өткен үш кездесуінде Мокинқақпасына бірде-бір гол жіберген жоқ. Бұл да бір өзінше жетістік болса керек.Қазіргі кезде ол Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп жүрген еліміздегі тұңғыш қақпашы. Осылайша, «жақсы қақпашының жарты команда» екендігін дәлелдеп жүр. Алдағы уақытта да «Шахтер» Сашаның көмегіне сенім артады. Ұлттық құрамда Ұлттық құраманың жейдесін 2005 жылы Жапониямен өткен жолдастықкездесуде киіп шықты. Уэмблиде Англия құрамасына қарсы 90 минут өнер көрсеткен. Қазіргі кезде ұлттық құрамаға Андрей Сидельников екеуі қатаршақырылып жүр. Әйткенмен, құрарамыздың бірінші қақпашысы Сидельников болғандықтан, алаңға сирек шығады. Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2006, 2011, 2012 жылдары Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2003 жылы Қазақстан Кубогының иегері: 2002,2005 жылы Қазақстан Кубогының финалисі: 2006, 2007, 2008 жылдары Қазастан Суперкубогының иегері: 2013 жылы Қазақстан чемпионатының үздік 33 футболшысының қатарына енген: 2011 2012 жылдары.   Бек Төлеуов

Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп жүрген тұңғыш қазақстандық қақпашы – Александр Мокин

Александр Валерьевич Мокин 1981жылы 19 шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келген. Сашаның футболдағы карьерасы туған жерінен басталды. Алдымен жергілікті «Жігер» клубының қақпасын күзетті. Сосын «Жігер» мен «Томирис» клубы біріктіріліп, жаңадан құрылған «Достық»  командасында 2000-2001 жылдары 19 ойын өткізді. Ал 2002 жылы елордалық «Жеңіс» клубынанұсыныс түсті. Ол кезде Астананың бірінші нөмірлі қақпашысы Давид Лория еді. Дарынды қақпашы Лория өз орнын бере қоймады. Сондықтан бірнеше клубтарға жалға берілді. Олардың қатарында «Оқжетпес», «Алма-Ата», «Ордабасы» командалары бар.

Кейіннен атауы «Астана» болып өзгерген «Жеңісте» Қазақстан чемпионатындағы ең бағалы жүлделердің барлығына қол жеткізді. Ел чемпионатын Кубок жолындағы бәсекеде бір емес, екі рет жеңіске жетті. Жалпы, Мокин «Жеңіс» жейдесін 30 рет киіп шыққан. «Алма-Ата» мен «Ордабасыда» ойнаған жылдары да Қазақстан кубогының финалына шықты.  Бірақ, бұл клубтармен Кубокты ұту бақыты бұйырмады.

«Жеңістен»түпкілікті кеткен соң, «Ордабасының» негізгі қақпашысы болды. Шымкентте жүргенде Бернд Шторк тізгінін ұстаған ұлттық құрамаға үнемі шақырылып тұрды. Ол кездері «Ордабасыны» Владимир Никитенко мен Анатолий Юревич жаттықтырды. Екі бапкер де қақпаның кілтін Мокинге сеніп тапсырды. Осылайша, 2009-2010 жылдар аралығында жалпы есебі 55 ойынөткізді.

Ал 2011 жылы «Шахтерге» ауысып, бас бапкерлікке келген Виктор Кумыковтің командаға жаңадан қосқан футболшыларының бірі болды.Қақпашының шеберлігі алаңда өнер көрсететін футболшыларға қарағанда жылдармен ғана шындалады. Қанша дарынды қақпашы болса да, аса жауапты кездесулерде тәжірибенің рөлі жоғары. Саша қарағандылық клубқа ауысқаннан кейін осы тәжірибесін жасыл алаңда паш етті. 

Алдымен Александр Григоренконы негіз құрамнан ысырды. Оның алдында Григоренко «кеншілердің» негізгі қақпашысы ғана емес, вице-капитаны да болатын. Алғашқы жылы «Шахтердің» ел біріншілігінде көрсеткен өнері бас бармақпен бағалауға тұрарлық. Қазақстан чемпионатына ғана емес, сол жолы олар Еуропа лигасының іріктеу кезеңдеріне де қатысты. Бірінші кезеңде, Словенияның «Копер» клубы «Шахтердің» мықтылығын мойындады. Қазақтыңқос талантты жас футболшысы Жамбыл Көкеев пен Ұлан Қонысбаев «кеншілерді» келесі кезеңге алып шыққанымен, келесі кезеңде ирландиялық«Сен Патрикс Атлетикті» айналып өте алмады. Қарағандыда өткен алғашқы матчта «Шахтер» 2:1 есебімен жеңгенімен, сырт алаңда 0:2 есебімен жол берді.

Қарағанды жанкүйерлері Ирландия клубын жеңе алмағанына «Шахтерді» аса жазғырған жоқ. Өйткені, олар екінші раундқа сол жылы бірінші рет шыққан. Команданың болашағына сенді. Басты қуаныш қараша айында орын алды. Жиырма жыл күткен Қазақстан біріншілігінің алтыны Қарағандыға оралды. Соңғы турда 20 мыңға жуық жанкүйер жинаған қаланың орталық стадионында «Шахтер» елордалық «Локомотивпен» кездесті. Хижниченко соққан қос гол сарыла күткен сары алтынды сыйлады.

Осы жылы Мокин біріншіліктің  үздік қақпашыларының қатарына енді. Сашаныңкөрсеткен өнері футбол мамандары мен жанкүйерлердің де көңілінен шықты. Бұл бастамасы ғана. Келесі жылы «Шахтер» екінші чемпиондығына қол жеткізгенде, біріншіліктегі ең аз гол жіберген команда атанды. Әлбетте, бұлбірінші кезекте қорғаушылар мен қақпашының еңбегі.  Сол кезде еліміздегі белгілі футбол мамандары мен спорт басылымдары Мокинді жылдың үздікқақпашысы деді. Сонымен қатар, ел біріншілігінің үздік 10 ойыншысыныңқатарына жатқызды.

 Александрдың шеберлігі жыл сайын шыңдалып келеді. Әсіресе, оның жұлдызы биыл жарқырады. БАТЭ командасының шабуылшылары Мокиннен айлаларын асыра алмай, әбден әбігерге түсті. Тіпті 11 метрлік пенальти соққысын дақайтарып, кездесудің үздік ойыншысы атанды. Тіпті, Нойердің осал тұсын тапқанБАТЭ шабуылшысы Радионов Сашаның қақпасынан саңылау таба алмағанында, Еуропа таң-тамаша болды.

Жалпы, Чемпиондар лигасының Қазақстанда өткен үш кездесуінде Мокинқақпасына бірде-бір гол жіберген жоқ. Бұл да бір өзінше жетістік болса керек.Қазіргі кезде ол Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп жүрген еліміздегі тұңғыш қақпашы. Осылайша, «жақсы қақпашының жарты команда» екендігін дәлелдеп жүр. Алдағы уақытта да «Шахтер» Сашаның көмегіне сенім артады.

Ұлттық құрамда

Ұлттық құраманың жейдесін 2005 жылы Жапониямен өткен жолдастықкездесуде киіп шықты. Уэмблиде Англия құрамасына қарсы 90 минут өнер көрсеткен. Қазіргі кезде ұлттық құрамаға Андрей Сидельников екеуі қатаршақырылып жүр. Әйткенмен, құрарамыздың бірінші қақпашысы Сидельников болғандықтан, алаңға сирек шығады.

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2006, 2011, 2012 жылдары

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2003 жылы

Қазақстан Кубогының иегері: 2002,2005 жылы

Қазақстан Кубогының финалисі: 2006, 2007, 2008 жылдары

Қазастан Суперкубогының иегері: 2013 жылы

Қазақстан чемпионатының үздік 33 футболшысының қатарына енген: 2011 2012 жылдары.

 

Бек Төлеуов