Қандастар Ассамблея

Қызылордада ТЖ қызметінің құрылған күніне арналған салтанатты кеш өтті

21.10.2013 2461
Қызылордада ТЖ қызметінің құрылған күніне арналған салтанатты кеш өтті. Бұл туралы Bnews.kz тілшісіне облыстың ІІД баспасөз қызметінің басшысы Айгүл Нұрманова айтып берді. «Мереке ресми бөлімнен тұрды, онда ҚР ТЖ министрі құтқару қызметі қызметкерлерінің бірқатарын құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады,-деп толықтырды ол. – Сондай-ақ облыста мерекені тойлау қарсаңында әртүрлі іс-шаралар, байқаулар өткізіліп, ең белсенді қатысуышыларға, сондай-ақ байқау жеңімпаздарына салтанатты кеште сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Мерекенің ресми емес бөлімі үлкен құрама концерттен тұрды. Онда басқа да мемлекеттік органдардан келген қонақтар өнер көрсетті».  «Бүгінгі күннің нағыз батырларын марапаттау сәтін ерекше атап өткім келеді,-деді А.Нұрманова. – Қызылорда тұрғындары шілде айында Мүсірепов көшесінің бойында орналасқан №20 үйде болған өртті өте жақсы біледі. Сол кезде біздің жігіттер - Ордабаев Бақытбек пен Әділбеков Сұңғат өртеніп жатқан пәтерден екі баланы аман алып шыққан еді. Олар көрсеткен батылдығы мен кәсібилігі үшін ҚР ТЖ министрі атынан «Төтенше жағдайлардағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Қызылордада ТЖ қызметінің құрылған күніне арналған салтанатты кеш өтті. Бұл туралы Bnews.kz тілшісіне облыстың ІІД баспасөз қызметінің басшысы Айгүл Нұрманова айтып берді.

«Мереке ресми бөлімнен тұрды, онда ҚР ТЖ министрі құтқару қызметі қызметкерлерінің бірқатарын құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады,-деп толықтырды ол. – Сондай-ақ облыста мерекені тойлау қарсаңында әртүрлі іс-шаралар, байқаулар өткізіліп, ең белсенді қатысуышыларға, сондай-ақ байқау жеңімпаздарына салтанатты кеште сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Мерекенің ресми емес бөлімі үлкен құрама концерттен тұрды. Онда басқа да мемлекеттік органдардан келген қонақтар өнер көрсетті». 

«Бүгінгі күннің нағыз батырларын марапаттау сәтін ерекше атап өткім келеді,-деді А.Нұрманова. – Қызылорда тұрғындары шілде айында Мүсірепов көшесінің бойында орналасқан №20 үйде болған өртті өте жақсы біледі. Сол кезде біздің жігіттер - Ордабаев Бақытбек пен Әділбеков Сұңғат өртеніп жатқан пәтерден екі баланы аман алып шыққан еді. Олар көрсеткен батылдығы мен кәсібилігі үшін ҚР ТЖ министрі атынан «Төтенше жағдайлардағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Ұқсас материалдар