Қандастар Ассамблея

Бетховеннің Кемелдену кезеңі (1803-1812)

21.10.2013 4567
Бұл жылдары Бетховен бесінші симфонияның және «Аппасионата» сонатасының жобасы жасалды, «Қаһаямандық» симфониясын және «Аврораны» аяқтап жатқанда «Фиделио» операсымен жұмыс жасайды, кейінірек төртінші симфоияны жаза бастайды. Сөйтіп керемет жігерлі шығармашылық ізденістерде болады. Осы өмір кезеңінде скрипкаға арналған концертін жазады, алтыншы симфония, «Кориолан» увертюрасы, фортепиано, хор, және оркестрге арналған фантазия жарыққа келеді. Үшінші симфония Наолеонға арналған еді, бірақ ол өзін император деп жариялаған соң Бетховенның көзінде түсіп, өзінің туындысын композитор «Eroica», яғни Қаһармандық деп атады. Идеясының бұрын болып көрмеген батылдығына, формалар мен музыкалық мәнерлеу әдістеріне қарай бұл симфония шынымен де революциялық акт болды. Осы шығарма алдағы симфонизмге кең өріс ашты, бұл туындыдан бастап әлем симфонизмінде жаңа эра басталды. Үшінші симфониядан кейін композитор «Фиделио» операсын жазуға кірісіп кетеді. «Фиделио» - Бетховенның жалғыз операсы. Сахналық жанрларда, және опералық формаларда Бетховен симфонияларда ұрандаған тираниямен күресу және еркіндікке құштарлық идеяларын ашады. Бұл операға француз драматургы Буйидың либреттосын алды. Онда идеалды махаббат пен отбасы беріктігі басты құндылықтар болып табылады.«Фиделионы» жазу жұмысы 1803 жылдық соңына жатады, ал 1805 жылдың күзінде опера «Фиделио» веналық театрдың сазнасында қойылды. Қоғамдағы жағдай пераның сәтсіз қойылуына ықпал етеді. Тек 1814 жылда Венада қайта қойылған «Фиделио» ыстық ықыласқа бөленді. Сәл уақыттан кейін опера Прагада және Берлинде орындалды. 1809-1812 жж. шығармалары. «Эгмонт». Бесінші концерттен кейін Бетховен бұл жанрда жұмысын аяқтайды. Композитор қаламының астынан бұл жылдары ор. 81а ми-бемль-мажорлы соната, жетінші және сегізіншеі симфониялар (1812) шығады. Осы жылдары Бетховен Гете поэзиясымен әуес болатын. «Фауст» трагедиясының әсерімен опера жазатын ой туады. Және «Эгмонт» трагедиясына музыка жазады. Венада Бетховеннің аты әйгілі болып оған көптеген тапсырыстар беріледң. Шығармадылық өрлеу шыңдалғанмен жеке өмірі қалыптаспаған композитор жанұялық бақытты аңсайды. Ыстық сезімі жайылы ол Жозефина Деймге (Брунсвиг) хатында жазған болатын. Бетховен қаржылық тұрақтылықты мақсат етіп князға жұмысқы композитор болып тұруды сұраумен хат жазды. Бірақ жауап болмаған соң, ұлы композитор австриядан кетуді ойластырады. Бұны біліп қалған кейбір меценаттар сондай көрнекті композитордың оларды қалдырып кетіп қалуын қаламай, оған зейнетақы төлеп тұруға келіседі. Бірақ бұл шешімнен кейін де ақшадан көрі жұмысы көп болды. Композитр өміріне естімеу көп қиыншылық әкелді. Ол Италияға барып концерттер беруден бас тартуға мәжбүр болды. Ақша жағынан да, қарым – қатынастар да азайып күрделі жағдай туды.  «Киелі достастық» («Священный союз»). Наполеон империясының күйреуінен кейін Еуропада күрделі саяси реакциялар басталды. Австриялық канцлер Меттернихтың қол астында «Киелі достастыққа» ең агрессивті басшылықтар еніп бірікті. Веналық конгресстың салтанатты мерекелерінде зиялы қауым байлықтарын мақтан етіп, революциялық халықтан қорыққандарын жасыруға тырысты. Сол уақытта еуропалық картаны кескіндеп, жерлерді таласып бөлу қайнап жатты. Бетховенге бұл әрекеттер бөтен болды, композитор осы жағдайға араласпады, түсінбеді. Осыған қарамастан Бетховен көзінің тірі кезіндегі атағының шыңына тек сол уақытта жетті. Ол әйгілі механик Мельцельдың тапсырысы бойынша «Бита при Виттории» шығармасын жазды. Оның тақырыбы сол кезде модада болған әскери арнаға жататын. «Битва при Виттории» орындалған концертте жетінші симфония да орындалған мен ол біріншінің көлеікесінде қалып қойды. Бетховеннің концерттерінде короналы өкілдер келген, және атағы асқақтағасын операсы да еске түсіп қайта қойылды. Сахнада «Фиделио» орындалғанда Бетховен дирижерлік пультте тұрды, бірақ құлағы естңмегендіктен қателіктер кетіп отырды. Шығармашылық кризис. Зиялы қауымның еркелеткеніне қарамастан шығармашылық өмірде жаңалықтар азайды. Бетховен 1813-1818жж. ақырын және аз шығарады. Бетховенның «кейінгі стилі» фортепианоға арналған ми минорлы ор. 90 сонатасында, виолончельге арналған сонаталарында, халық әндерінің өңдеулерінде көрінеді. «К далекой возлюбленной» әндер циклы, 1816-1822 жж. арасында фортепианолық сонаталар, квартеттері шығады. Композициясы және музыкалық тілі жағынан күрделі болып келеді. Бетховен класикалық сонатаға сипатты формақұрау заңдылықтарының шегінен шығып, полифониялық бөлімдер қосады, тематизмде орын аустыру жаңа даму әдістеріне әкелді. Тоғызыншы симфония. Кейінгі шығармалар арасында асқар шың болып тоғызыншы смфония тұр. Оған Қаһармандық пен Бесінші симфонияның, асторальды» және Жетінші симфонияныңасиеттері келіп өрілді.Симфонияның титандық идеясы – дыбыстармен әлем халықтарының бірлігін, ағайындығын және теңдігін жеткізу – жаңа формаларды талап етті. Бетховен тек ыормалар шекарасын кеңейтіп қана қоймай, жанрдың өзінен тыс шығып кетеді. Оған миллиондарға үндеу үшін, оларды біріктіру үшін аспаптық музыка жетпей, сөз керек болды. Сондықтан Бетховен симфония финалына Шиллердің «К радости» деген одасына хор жазып қосты. Шиллердің көрсеткен ойында Бетховен армандаған гуманисттік идеалдар берілген. Өмірінің соңғы жылдары. Композитордың соңғы жылдары өте қиын және қайғылы болды. Оны сол уақыттағы саяси жағдай шаршатып, өзін жалғыз сезінді. Ұлы композитор ештеңе естімеді.Бетховенның материалдық жағдайы бұрынғыдай нашар болып қала береді. Бетховенның бөлесі композитордың қамқорында еді. Оны тірбиелеуге енді үлкен қиыншылықпен табылатын қаржының барлығы кетіп отырады. Ұлы композитор 1827 жылдың 26 науырызында бірнеше ай ауырған соң өмірден өтті. Дереккөз: “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

Бұл жылдары Бетховен бесінші симфонияның және «Аппасионата» сонатасының жобасы жасалды, «Қаһаямандық» симфониясын және «Аврораны» аяқтап жатқанда «Фиделио» операсымен жұмыс жасайды, кейінірек төртінші симфоияны жаза бастайды. Сөйтіп керемет жігерлі шығармашылық ізденістерде болады. Осы өмір кезеңінде скрипкаға арналған концертін жазады, алтыншы симфония, «Кориолан» увертюрасы, фортепиано, хор, және оркестрге арналған фантазия жарыққа келеді. Үшінші симфония Наолеонға арналған еді, бірақ ол өзін император деп жариялаған соң Бетховенның көзінде түсіп, өзінің туындысын композитор «Eroica», яғни Қаһармандық деп атады. Идеясының бұрын болып көрмеген батылдығына, формалар мен музыкалық мәнерлеу әдістеріне қарай бұл симфония шынымен де революциялық акт болды. Осы шығарма алдағы симфонизмге кең өріс ашты, бұл туындыдан бастап әлем симфонизмінде жаңа эра басталды. Үшінші симфониядан кейін композитор «Фиделио» операсын жазуға кірісіп кетеді.

«Фиделио» - Бетховенның жалғыз операсы. Сахналық жанрларда, және опералық формаларда Бетховен симфонияларда ұрандаған тираниямен күресу және еркіндікке құштарлық идеяларын ашады. Бұл операға француз драматургы Буйидың либреттосын алды. Онда идеалды махаббат пен отбасы беріктігі басты құндылықтар болып табылады.«Фиделионы» жазу жұмысы 1803 жылдық соңына жатады, ал 1805 жылдың күзінде опера «Фиделио» веналық театрдың сазнасында қойылды. Қоғамдағы жағдай пераның сәтсіз қойылуына ықпал етеді. Тек 1814 жылда Венада қайта қойылған «Фиделио» ыстық ықыласқа бөленді. Сәл уақыттан кейін опера Прагада және Берлинде орындалды.

1809-1812 жж. шығармалары. «Эгмонт». Бесінші концерттен кейін Бетховен бұл жанрда жұмысын аяқтайды. Композитор қаламының астынан бұл жылдары ор. 81а ми-бемль-мажорлы соната, жетінші және сегізіншеі симфониялар (1812) шығады.

Осы жылдары Бетховен Гете поэзиясымен әуес болатын. «Фауст» трагедиясының әсерімен опера жазатын ой туады. Және «Эгмонт» трагедиясына музыка жазады. Венада Бетховеннің аты әйгілі болып оған көптеген тапсырыстар беріледң. Шығармадылық өрлеу шыңдалғанмен жеке өмірі қалыптаспаған композитор жанұялық бақытты аңсайды. Ыстық сезімі жайылы ол Жозефина Деймге (Брунсвиг) хатында жазған болатын. Бетховен қаржылық тұрақтылықты мақсат етіп князға жұмысқы композитор болып тұруды сұраумен хат жазды. Бірақ жауап болмаған соң, ұлы композитор австриядан кетуді ойластырады. Бұны біліп қалған кейбір меценаттар сондай көрнекті композитордың оларды қалдырып кетіп қалуын қаламай, оған зейнетақы төлеп тұруға келіседі. Бірақ бұл шешімнен кейін де ақшадан көрі жұмысы көп болды. Композитр өміріне естімеу көп қиыншылық әкелді. Ол Италияға барып концерттер беруден бас тартуға мәжбүр болды. Ақша жағынан да, қарым – қатынастар да азайып күрделі жағдай туды.

 «Киелі достастық» («Священный союз»). Наполеон империясының күйреуінен кейін Еуропада күрделі саяси реакциялар басталды. Австриялық канцлер Меттернихтың қол астында «Киелі достастыққа» ең агрессивті басшылықтар еніп бірікті. Веналық конгресстың салтанатты мерекелерінде зиялы қауым байлықтарын мақтан етіп, революциялық халықтан қорыққандарын жасыруға тырысты. Сол уақытта еуропалық картаны кескіндеп, жерлерді таласып бөлу қайнап жатты.

Бетховенге бұл әрекеттер бөтен болды, композитор осы жағдайға араласпады, түсінбеді. Осыған қарамастан Бетховен көзінің тірі кезіндегі атағының шыңына тек сол уақытта жетті. Ол әйгілі механик Мельцельдың тапсырысы бойынша «Бита при Виттории» шығармасын жазды. Оның тақырыбы сол кезде модада болған әскери арнаға жататын. «Битва при Виттории» орындалған концертте жетінші симфония да орындалған мен ол біріншінің көлеікесінде қалып қойды. Бетховеннің концерттерінде короналы өкілдер келген, және атағы асқақтағасын операсы да еске түсіп қайта қойылды. Сахнада «Фиделио» орындалғанда Бетховен дирижерлік пультте тұрды, бірақ құлағы естңмегендіктен қателіктер кетіп отырды.

Шығармашылық кризис. Зиялы қауымның еркелеткеніне қарамастан шығармашылық өмірде жаңалықтар азайды. Бетховен 1813-1818жж. ақырын және аз шығарады. Бетховенның «кейінгі стилі» фортепианоға арналған ми минорлы ор. 90 сонатасында, виолончельге арналған сонаталарында, халық әндерінің өңдеулерінде көрінеді.

«К далекой возлюбленной» әндер циклы, 1816-1822 жж. арасында фортепианолық сонаталар, квартеттері шығады. Композициясы және музыкалық тілі жағынан күрделі болып келеді. Бетховен класикалық сонатаға сипатты формақұрау заңдылықтарының шегінен шығып, полифониялық бөлімдер қосады, тематизмде орын аустыру жаңа даму әдістеріне әкелді.

  • Тоғызыншы симфония. Кейінгі шығармалар арасында асқар шың болып тоғызыншы смфония тұр. Оған Қаһармандық пен Бесінші симфонияның, асторальды» және Жетінші симфонияныңасиеттері келіп өрілді.Симфонияның титандық идеясы – дыбыстармен әлем халықтарының бірлігін, ағайындығын және теңдігін жеткізу – жаңа формаларды талап етті. Бетховен тек ыормалар шекарасын кеңейтіп қана қоймай, жанрдың өзінен тыс шығып кетеді. Оған миллиондарға үндеу үшін, оларды біріктіру үшін аспаптық музыка жетпей, сөз керек болды. Сондықтан Бетховен симфония финалына Шиллердің «К радости» деген одасына хор жазып қосты. Шиллердің көрсеткен ойында Бетховен армандаған гуманисттік идеалдар берілген.
  • Өмірінің соңғы жылдары. Композитордың соңғы жылдары өте қиын және қайғылы болды. Оны сол уақыттағы саяси жағдай шаршатып, өзін жалғыз сезінді. Ұлы композитор ештеңе естімеді.Бетховенның материалдық жағдайы бұрынғыдай нашар болып қала береді.

Бетховенның бөлесі композитордың қамқорында еді. Оны тірбиелеуге енді үлкен қиыншылықпен табылатын қаржының барлығы кетіп отырады. Ұлы композитор 1827 жылдың 26 науырызында бірнеше ай ауырған соң өмірден өтті.

Дереккөз: “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

Ұқсас материалдар