Қандастар Ассамблея

Барабан және дауылпаз аспаптары

21.10.2013 6865
Барабан — 1) архитектурада— ғимарат күмбезін көрнекі әрі әсерлі көрсету үшін салынатын күмбезасты қабырға. Барабаннан ғимарат ішіне жарық түсіретін ойықтар қалдырылады. Ғибадат орындары мен ескерткіш құрылыстарында кең қолданылған. Орта Азиядағы алғашқы мұсылман кесенелерінде (Саманилер кесенесі, Араб ата, т.б.) Барабан болмағанмен, кейінірек ол Қазақстан, Орта Азия архитектурасында кең тарады. Барабан көбіне дөңгелек әрі көп қырлы, кейде жұлдыз түрінде де кездеседі (Бабажы қатын кесенесі, 10 — 11 ғасырлар; Жошы хан кесенесі, 13 — 14 ғасырлар). Қазақстанның сәулет ескерткіштеріндегі Барабанның христиан архитектурасынан айырмашылығы — оның диаметрі құрылыстың негізімен бірдей не одан үлкен болатындығы. Архитектуралық элемент ретінде Барабан жергілікті дәстүрге сай әр түрлі қалақшалар (Батыс Қазақстанға тән), тегіс цилиндр немесе сегізқырлы (Орталық және Оңтүстік Қазақстанға тән) пішінінде болады. Созақ өңіріндегі кесенелер күмбезасты Барабандарының өте биіктігімен ерекшеленеді. Қазақ кесенелерінде Барабан көп жағдайда күмбезге ұласып кетеді; 2) техникада — машиналардың қуыс цилиндр, кейде конус пішінді айналмалы бөлшектерінің жалпы атауы. Қуыс шошақ, цилиндр немесе түбі бар көп қырлы дене тәріздес тетік. “Барабанды” деп есептелетін көптеген машиналарда заттарға салыстырмалы қозғалыс беретін Барабан түрлері көп. Мысалы, құйманы тазартатын, сусымалы заттарды және боялған маталарды кептіретін, т.б. көтергіш-тасымалдық машиналарда жүкті көтеруге не жылжытуға да Барабан қолданылады. Дауылпаз – қазақтың ұрып ой-налатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты - өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндел жасайды. Қазір дауылпаздың екі түрі белгілі. Оның бірі - этнографиялық сипаттамасы бойынша қалпына келтірілген түрі. Екіншісі - үлкен оркестрлер үшін жетілдіріп жасалған үлгісі. Ол 1933 - 34 ж. ш-да белгілі қолөнер шебері Қ.Қасымов, коми. А.Жұбанов, дирижер Ш.Қажығалиевтердің ұсыныстары бойынша жасалды. Жетілдірілген дауылпаздың жан-жағында терісін босатып не керіл тұратын, дыбысын жоғарылату немесе төмендету үшін жасалған арнаулы құлақтары бар. Ежелгі дауылпазда бұл бөлшектер болмаған. Аспаптың осы екі түрлі үлгі-нүсқасы да қазір халық аспаптар ансамбль оркестрлерінде қолданып жүр. Дауылпаздың бірнеше көне нұсқасы Қазақ халық музыкалық аспаптары мұражайында сақтаулы. Оның әлденеше үлгісін шебер Д.Шоқпарұлы жасады. Дереккөз: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Барабан — 1) архитектурада— ғимарат күмбезін көрнекі әрі әсерлі көрсету үшін салынатын күмбезасты қабырға. Барабаннан ғимарат ішіне жарық түсіретін ойықтар қалдырылады. Ғибадат орындары мен ескерткіш құрылыстарында кең қолданылған. Орта Азиядағы алғашқы мұсылман кесенелерінде (Саманилер кесенесі, Араб ата, т.б.) Барабан болмағанмен, кейінірек ол Қазақстан, Орта Азия архитектурасында кең тарады. Барабан көбіне дөңгелек әрі көп қырлы, кейде жұлдыз түрінде де кездеседі (Бабажы қатын кесенесі, 10 — 11 ғасырлар; Жошы хан кесенесі, 13 — 14 ғасырлар). Қазақстанның сәулет ескерткіштеріндегі Барабанның христиан архитектурасынан айырмашылығы — оның диаметрі құрылыстың негізімен бірдей не одан үлкен болатындығы. Архитектуралық элемент ретінде Барабан жергілікті дәстүрге сай әр түрлі қалақшалар (Батыс Қазақстанға тән), тегіс цилиндр немесе сегізқырлы (Орталық және Оңтүстік Қазақстанға тән) пішінінде болады. Созақ өңіріндегі кесенелер күмбезасты Барабандарының өте биіктігімен ерекшеленеді. Қазақ кесенелерінде Барабан көп жағдайда күмбезге ұласып кетеді; 2) техникада — машиналардың қуыс цилиндр, кейде конус пішінді айналмалы бөлшектерінің жалпы атауы. Қуыс шошақ, цилиндр немесе түбі бар көп қырлы дене тәріздес тетік. “Барабанды” деп есептелетін көптеген машиналарда заттарға салыстырмалы қозғалыс беретін Барабан түрлері көп. Мысалы, құйманы тазартатын, сусымалы заттарды және боялған маталарды кептіретін, т.б. көтергіш-тасымалдық машиналарда жүкті көтеруге не жылжытуға да Барабан қолданылады.

Дауылпаз – қазақтың ұрып ой-налатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты - өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндел жасайды. Қазір дауылпаздың екі түрі белгілі.

  • Оның бірі - этнографиялық сипаттамасы бойынша қалпына келтірілген түрі.
  • Екіншісі - үлкен оркестрлер үшін жетілдіріп жасалған үлгісі. Ол 1933 - 34 ж. ш-да белгілі қолөнер шебері Қ.Қасымов, коми. А.Жұбанов, дирижер Ш.Қажығалиевтердің ұсыныстары бойынша жасалды. Жетілдірілген дауылпаздың жан-жағында терісін босатып не керіл тұратын, дыбысын жоғарылату немесе төмендету үшін жасалған арнаулы құлақтары бар. Ежелгі дауылпазда бұл бөлшектер болмаған. Аспаптың осы екі түрлі үлгі-нүсқасы да қазір халық аспаптар ансамбль оркестрлерінде қолданып жүр. Дауылпаздың бірнеше көне нұсқасы

Қазақ халық музыкалық аспаптары мұражайында сақтаулы. Оның әлденеше үлгісін шебер Д.Шоқпарұлы жасады.

Дереккөз: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Ұқсас материалдар