Қандастар Ассамблея

Жануарлар географиясы

21.10.2013 10966
Зоогеография- жер шарындағы жануарлардың белгілі бір аймақта таралуын, олардың тіршілік жағдайларын, тұр құрамын, дамуын зерттейтін биогеографиялық ғылымының бір саласы. Жануарлар географияның ерте кезде тіршілік еткен жануарлардың таралуын зерттейтін бөлімін палеозоогеография деп атайды. Жануарлар географиялық - биологиялық ғылым, бірақ жануарлар тіршілік мекендері (ареал, стация), тараған жерлеріне (өзен-көлде, теңізде, құрлықта) байланысты ерттелетіндіктен география ғылымымен байлансты. Жануарлардың жер жүзіде таралуы туралы деректер ертеден белгілі болғанымен, зоогеография алғашқы еңбектер 18 ғасырда пайда болып, 19 ғасырдың ортасынан бастап ғылыми тұрғыдан дамып келеді. Бұл ғылымның дамуына Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің шығу тегі» еңбегінің және орыс ғалымдары К.Ф.Рулье, Г.С.Карелин, М.Н.Богданов тағы басқа еңбектерінің үлкен әсері болды, жануарлар географиясы жер шарын және оның әр түрлі бөліктерін жануарлар құрамы мен таралу ерекшелігіне байланысты бірнеше зоогеографиялық аймаққа бөледі. Олар: палеарктика (Еуропа, Орталық және Солтүстік Азия, Африканың солтүстік бөлігі), Неарктика (Солтүстік Америка, Грендландия), Неотропика (Орталық және Оңтүстік Америка, Вест- Индия), Эфиопия (Орта және Оңтүстік Африка, Мадагаскар), Үнді-Малайя (Үнді, Үнді- Қытай және Малайя архпелагы, аралдар), Австралия (Австралия, Тасмания, Жаңа Зеландия, Жаңа Гвинея), Антарктида (Антарктида құрылығы және Оңтүстік Американың ең оңтүстік бөлігі) биогеографиялық аймақтары. Мұнымен қатар мұхиттарда тіршілік ететін жануарлар судың тереңдігіне қарай жиектік (литораль), ашық деңгейлік, терендік деп үшке бөлінеді. Жиектік бөлігі Үнді- Полинезия, Тропикалық – Атлантика, Арктика, Бореал, Атибореал және Антарктика аймақтарына бөлінеді. Ашық деңгейлік бөлігі Арктика, Атлант, Үнді- Тынық мұхит және Антарктика аймағына, ал тереңдік бөлігі Үнді-Пацифи, Атлант және және Арктика аймақтарына бөлінеді. Қазақстанда таралған сүт қоректілер олардың фауна құрамына, кездесетін жеріне (шөл, дала, тау, оран) байланысты шағын 22 зоогеографиялық аймаққа бөлінеді. Бұлар – орман дала, орталық, шығыс дала аймақтары, батыс аралас аймағы, Ұлытау, Сарыарқа, Зайсан, Арал- Каспийдің солтүстігіндегі шөл, Бетпақдала, Алакөл, Үстірт, Қызылқұм, Мойынқұм, Қаратай аймақтары. Жануарлар географиясының кәсіптік маңызы бар әр түрлі жануарларды халық шаруашылығына тиімді пайдалануда, орман, арам шөп зиянкестерін зерттеп, табиғатты қорғауда, бағал жануарларды жерсіндіру, пайдалы жануарлардың санын көбейту үшін маңызы зор. Жануарлар географиясы жануарлар систематикасы, экология, палеонтология, фитогеография, климатология, океанология тағы басқа ғылымдарымен тығыз байланысты. Биогеография - биоценоздардың және олардың құрамына кіретін өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің таралу заңдылықтары туралы ғылым. Биогеография микроорганизмдер географиясын, өсімдік географиясын, өсімдіктер бірлестігі географиясын, жануарлар географиясын және организмдердің жалпы географиясын қамтиды. Кейбір авторлар (Э. Мартонн, В.Г. Гептнер, Ф.Витасек және тағы да басқалары) Биогеографияны ботаникалық география мен зоогеографияның жиынтығы ретінде, басқалары (В.Б. Сочава) Жердегі органикалық дүниенің географиялық таралуының жалпы зандылықтарын зерттейтін осы ғылымдардың қондырмасы есебінде қарайды. Ғылым есебінде XIX ғ. бас кезінде, өсімдік географиясы мен жануарлар географиясы туралы мәліметтер корланған кезде құрылды. Биогеографияның ареологиялық, флоралық, фауналык, экологиялық, тарихи және аймақтық деп аталатын негізгі бағыттары бар. Дереккөз: Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3 “Қазақ Энциклопедиясы”

Зоогеография- жер шарындағы жануарлардың белгілі бір аймақта таралуын, олардың тіршілік жағдайларын, тұр құрамын, дамуын зерттейтін биогеографиялық ғылымының бір саласы.

Жануарлар географияның ерте кезде тіршілік еткен жануарлардың таралуын зерттейтін бөлімін палеозоогеография деп атайды. Жануарлар географиялық - биологиялық ғылым, бірақ жануарлар тіршілік мекендері (ареал, стация), тараған жерлеріне (өзен-көлде, теңізде, құрлықта) байланысты ерттелетіндіктен география ғылымымен байлансты. Жануарлардың жер жүзіде таралуы туралы деректер ертеден белгілі болғанымен, зоогеография алғашқы еңбектер 18 ғасырда пайда болып, 19 ғасырдың ортасынан бастап ғылыми тұрғыдан дамып келеді.

Бұл ғылымның дамуына Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің шығу тегі» еңбегінің және орыс ғалымдары К.Ф.Рулье, Г.С.Карелин, М.Н.Богданов тағы басқа еңбектерінің үлкен әсері болды, жануарлар географиясы жер шарын және оның әр түрлі бөліктерін жануарлар құрамы мен таралу ерекшелігіне байланысты бірнеше зоогеографиялық аймаққа бөледі. Олар:

  • палеарктика (Еуропа, Орталық және Солтүстік Азия, Африканың солтүстік бөлігі),
  • Неарктика (Солтүстік Америка, Грендландия),
  • Неотропика (Орталық және Оңтүстік Америка, Вест- Индия), Эфиопия (Орта және Оңтүстік Африка, Мадагаскар),
  • Үнді-Малайя (Үнді, Үнді- Қытай және Малайя архпелагы, аралдар),
  • Австралия (Австралия, Тасмания, Жаңа Зеландия, Жаңа Гвинея),
  • Антарктида (Антарктида құрылығы және Оңтүстік Американың ең оңтүстік бөлігі) биогеографиялық аймақтары. Мұнымен қатар мұхиттарда тіршілік ететін жануарлар судың тереңдігіне қарай жиектік (литораль), ашық деңгейлік, терендік деп үшке бөлінеді. Жиектік бөлігі Үнді- Полинезия, Тропикалық – Атлантика, Арктика, Бореал, Атибореал және Антарктика аймақтарына бөлінеді. Ашық деңгейлік бөлігі Арктика, Атлант, Үнді- Тынық мұхит және Антарктика аймағына, ал тереңдік бөлігі Үнді-Пацифи, Атлант және және Арктика аймақтарына бөлінеді.

Қазақстанда таралған сүт қоректілер олардың фауна құрамына, кездесетін жеріне (шөл, дала, тау, оран) байланысты шағын 22 зоогеографиялық аймаққа бөлінеді. Бұлар – орман дала, орталық, шығыс дала аймақтары, батыс аралас аймағы, Ұлытау, Сарыарқа, Зайсан, Арал- Каспийдің солтүстігіндегі шөл, Бетпақдала, Алакөл, Үстірт, Қызылқұм, Мойынқұм, Қаратай аймақтары.

Жануарлар географиясының кәсіптік маңызы бар әр түрлі жануарларды халық шаруашылығына тиімді пайдалануда, орман, арам шөп зиянкестерін зерттеп, табиғатты қорғауда, бағал жануарларды жерсіндіру, пайдалы жануарлардың санын көбейту үшін маңызы зор. Жануарлар географиясы жануарлар систематикасы, экология, палеонтология, фитогеография, климатология, океанология тағы басқа ғылымдарымен тығыз байланысты.

Биогеография - биоценоздардың және олардың құрамына кіретін өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің таралу заңдылықтары туралы ғылым. Биогеография микроорганизмдер географиясын, өсімдік географиясын, өсімдіктер бірлестігі географиясын, жануарлар географиясын және организмдердің жалпы географиясын қамтиды. Кейбір авторлар (Э. Мартонн, В.Г. Гептнер, Ф.Витасек және тағы да басқалары) Биогеографияны ботаникалық география мен зоогеографияның жиынтығы ретінде, басқалары (В.Б. Сочава) Жердегі органикалық дүниенің географиялық таралуының жалпы зандылықтарын зерттейтін осы ғылымдардың қондырмасы есебінде қарайды. Ғылым есебінде XIX ғ. бас кезінде, өсімдік географиясы мен жануарлар географиясы туралы мәліметтер корланған кезде құрылды. Биогеографияның ареологиялық, флоралық, фауналык, экологиялық, тарихи және аймақтық деп аталатын негізгі бағыттары бар.

Дереккөз: Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3 “Қазақ Энциклопедиясы”

Ұқсас материалдар