Қандастар Ассамблея

Болат ҰЗАҚОВ, режиссер: «Тарихты көркемдеу – оны біржола өзгертіп жіберу емес»

21.10.2013 3376
Адамзат баласын қашанда өткені тәрбиелейді. Себебі, тарихта небір заңғар тұлғалар, ел бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер болды. Олардың барлығынан тағылым алып, бүгінгі қажетімізге жарату үшін тарихтың атқарар рөлі ерекше. Сондықтан, бүгінгі мәдениет саласында тарихи өнімдердің көп болуы заңды. Әсіресе, көрерменді тәрбиелейтін театр саласында. Тарихи тақырыпты сахналаудың ерекшелігін, қиындықтарын білу мақсатында Астана қаласының  Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының режиссері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақовты әңгімеге тарттық. -           Болат Қасымжанұлы, тарихи тақырыптағы пьесаларға ден қойып, оны көрерменге ұсынып жатқаныңыз баршаға аян. Осы тарихи тақырыпты сахналаудың маңызы қандай деп ойлайсыз? -           «Тарихын терең білмеген елдің болашағы да бұлыңғыр» деген сөз бар ғой. Сондықтан қандай ұлт болса да өзінің өткенін, тамырын, тарихын білуі парыз. Бүгінде жайлы өмір сүруіміз - тарихты жасаған тұлғалардың, осы күнге дейін тілімізді сақтап қалған бабаларымыздың, солардың жанкешті ерліктері мен ақыл-айлаларының арқасында екенін біз ұрпағымызға жеткізуіміз керек. Бұл ретте театрдың алатын орны зор. Сахнада қойылатын тарихи қойылым арқылы кейінгі толқын өкілдеріне әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді көрсетіп, қазақи қаймағы бұзылмаған ұрпақ тәрбиелеуге болады. Бір спектакльден мол пайдалы ақпарат алуға болады. Сондықтан тарихи тақырыпты сахналау осы тұрғыдан құнды деп ойлаймын.           - Тарихи тақырыпты сахналандыруда ең бастысы не? Бұл істі атқаруға бел буған режиссерге қандай талаптар қойылады?          - Тарихи тақырыпты сахналамас бұрын сол оқиғамен немесе тарихи тұлғамен жақсы танысып алу қажет. Басты кейіпкер қандай маңызды шешімдер қабылдады, оның адамгершілік қасиеттері, мінезі қандай болғанын хабардар болуы шарт.  Режиссер тарихи тұлғаны жан-жақты білуі тиіс. Сол заманның демалысын білу де маңызды.   – Тарихи қойылымның мизансценасы немесе декарациясына тоқталсаңыз... – Декарациясы «былай» болуы тиіс деген сияқты қатып қалған қағида жоқ. Кинодағыдай тарихи нысандарды көрсету мүмкіндігі жоқ сахнада. Сондықтан біз актердың рөлді сомдау шеберлігіне, кейіпкер мінезінің жан-жақты ашылуына көңіл бөлеміз.   – Тарихи тақырыптағы қойылымдарды сахналағанда қандай қиындықтар туындауы мүмкін? – Тарихи тақырыпты сахналаған уақытта жазушы, тарихшы, журналистердің арасында түсініспеушілік туындап жатады. Сахналағанда тарихты деректерді көшіріп қоя салу емес, әрине, ол сахнаға шыққаннан кейін көркем дүние болады. Тарихи оқиғаны көркемдетіп, сахнаға шығару тарихи деректерді  кереғар жасап жіберу емес, соның айналасында көркемдетіп шығару деген сөз. Негізгі тарихи деректерден алшақ кетпеуге тырысамыз. Актерлардың сахнадағы киімдеріне қатысты сындар да айтылуы мүмкін. Мәселен «ол кезде мұндай бас киім болмаған, мұндай қылышты қолына алмаған» деген сынды пікірлер арқылы түсініспеушілік жағдайлары болып жатады.   –Абылай хан туралы бір спектакль қояйын деп жатқаныңызды естідік. Бұл туынды қашан көрермендерге жол тартпақ? – Ұлы тарихи тұлғаның 300 жылдығы қарсаңында қойылым қойып, атаққа қол жеткіземіз деген мақсатпен дайындап жатқан жоқпыз. Бұл ой бұрыннан болған. Нақтырақ айтсақ, Думан Рамазан екеумізге бір жыл бұрын Абылай хан туралы пьесаны сахналау ойы келді. Соны жүзеге асыру сәті де келіп жеткен сияқты. Думан Рамазан тарихты жақсы біледі, түйгенін жазды. Менің пікіріме де құлақ түріп, бірнеше рет өзгертті. Сөйтіп, осы айдың басында пьесаны толық бітіріп, менің қолыма берді. Біз де іске қызу кірістік. Құдай қаласа, алдағы тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көрерменге ұсынбақпыз. Бұл қойылымды сахналауда қаражат мәселесіне тап болдық. Сол кездегі костюмдерге жұмсалатын қаржы біздің тізгінімізді тежеді. Бірақ бұл проблеманың түйінін шама-шарқынша тарқатып жатырмыз.    – Болашақта көрермендерге қандай қойылымды ұсынбақ ойыңыз бар?   – Болашақта Алаш ардагерлері туралы спектакль қоюды жоспарлап отырмын.   – Онда тарихи тақырыптарға дендеп енуіңіз Абылай ханмен тоқтап қалмайды екен. Ісіңізге сәттілік!     Айдана Демесінова

Адамзат баласын қашанда өткені тәрбиелейді. Себебі, тарихта небір заңғар тұлғалар, ел бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер болды. Олардың барлығынан тағылым алып, бүгінгі қажетімізге жарату үшін тарихтың атқарар рөлі ерекше. Сондықтан, бүгінгі мәдениет саласында тарихи өнімдердің көп болуы заңды. Әсіресе, көрерменді тәрбиелейтін театр саласында. Тарихи тақырыпты сахналаудың ерекшелігін, қиындықтарын білу мақсатында Астана қаласының  Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының режиссері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақовты әңгімеге тарттық.

-           Болат Қасымжанұлы, тарихи тақырыптағы пьесаларға ден қойып, оны көрерменге ұсынып жатқаныңыз баршаға аян. Осы тарихи тақырыпты сахналаудың маңызы қандай деп ойлайсыз?

-           «Тарихын терең білмеген елдің болашағы да бұлыңғыр» деген сөз бар ғой. Сондықтан қандай ұлт болса да өзінің өткенін, тамырын, тарихын білуі парыз. Бүгінде жайлы өмір сүруіміз - тарихты жасаған тұлғалардың, осы күнге дейін тілімізді сақтап қалған бабаларымыздың, солардың жанкешті ерліктері мен ақыл-айлаларының арқасында екенін біз ұрпағымызға жеткізуіміз керек. Бұл ретте театрдың алатын орны зор. Сахнада қойылатын тарихи қойылым арқылы кейінгі толқын өкілдеріне әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді көрсетіп, қазақи қаймағы бұзылмаған ұрпақ тәрбиелеуге болады. Бір спектакльден мол пайдалы ақпарат алуға болады. Сондықтан тарихи тақырыпты сахналау осы тұрғыдан құнды деп ойлаймын.

 

        - Тарихи тақырыпты сахналандыруда ең бастысы не? Бұл істі атқаруға бел буған режиссерге қандай талаптар қойылады?

         - Тарихи тақырыпты сахналамас бұрын сол оқиғамен немесе тарихи тұлғамен жақсы танысып алу қажет. Басты кейіпкер қандай маңызды шешімдер қабылдады, оның адамгершілік қасиеттері, мінезі қандай болғанын хабардар болуы шарт.  Режиссер тарихи тұлғаны жан-жақты білуі тиіс. Сол заманның демалысын білу де маңызды.

 

Тарихи қойылымның мизансценасы немесе декарациясына тоқталсаңыз...

– Декарациясы «былай» болуы тиіс деген сияқты қатып қалған қағида жоқ. Кинодағыдай тарихи нысандарды көрсету мүмкіндігі жоқ сахнада. Сондықтан біз актердың рөлді сомдау шеберлігіне, кейіпкер мінезінің жан-жақты ашылуына көңіл бөлеміз.

 

Тарихи тақырыптағы қойылымдарды сахналағанда қандай қиындықтар туындауы мүмкін?

– Тарихи тақырыпты сахналаған уақытта жазушы, тарихшы, журналистердің арасында түсініспеушілік туындап жатады. Сахналағанда тарихты деректерді көшіріп қоя салу емес, әрине, ол сахнаға шыққаннан кейін көркем дүние болады. Тарихи оқиғаны көркемдетіп, сахнаға шығару тарихи деректерді  кереғар жасап жіберу емес, соның айналасында көркемдетіп шығару деген сөз. Негізгі тарихи деректерден алшақ кетпеуге тырысамыз. Актерлардың сахнадағы киімдеріне қатысты сындар да айтылуы мүмкін. Мәселен «ол кезде мұндай бас киім болмаған, мұндай қылышты қолына алмаған» деген сынды пікірлер арқылы түсініспеушілік жағдайлары болып жатады.

 

Абылай хан туралы бір спектакль қояйын деп жатқаныңызды естідік. Бұл туынды қашан көрермендерге жол тартпақ?

– Ұлы тарихи тұлғаның 300 жылдығы қарсаңында қойылым қойып, атаққа қол жеткіземіз деген мақсатпен дайындап жатқан жоқпыз. Бұл ой бұрыннан болған. Нақтырақ айтсақ, Думан Рамазан екеумізге бір жыл бұрын Абылай хан туралы пьесаны сахналау ойы келді. Соны жүзеге асыру сәті де келіп жеткен сияқты. Думан Рамазан тарихты жақсы біледі, түйгенін жазды. Менің пікіріме де құлақ түріп, бірнеше рет өзгертті. Сөйтіп, осы айдың басында пьесаны толық бітіріп, менің қолыма берді. Біз де іске қызу кірістік. Құдай қаласа, алдағы тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көрерменге ұсынбақпыз. Бұл қойылымды сахналауда қаражат мәселесіне тап болдық. Сол кездегі костюмдерге жұмсалатын қаржы біздің тізгінімізді тежеді. Бірақ бұл проблеманың түйінін шама-шарқынша тарқатып жатырмыз. 

 

Болашақта көрермендерге қандай қойылымды ұсынбақ ойыңыз бар?

 

– Болашақта Алаш ардагерлері туралы спектакль қоюды жоспарлап отырмын.

 

Онда тарихи тақырыптарға дендеп енуіңіз Абылай ханмен тоқтап қалмайды екен. Ісіңізге сәттілік!

 

 

Айдана Демесінова

Ұқсас материалдар