Қандастар Ассамблея

Садақ атудан жастар арасындағы ӘЧ. Қазақ баласы — финалда

18.10.2013 2346
Қытайдың Уси қаласында садақ атудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл сынға қазақ мергендері де аттанған. Бүгін түн ауа Уси қаласынан қуанышты жаңалық алдық. Он жеті жастағы қазақ баласы Санжар Мұсаев (суретте) ұлдар арасындағы жекелей сында финалға шықты. Демек, қоржынымызда кем дегенде күміс жүлде бар деген сөз. Санжар Мұсаев: – Қандасымыз алдымен поляк Кашпер Визонды, француз Томас Коенигті, ширек финалда тайпейлік Ли Чи Тангты ұтты. Ал жартылай финалда ресейлік Арслан Валдановтан 7:1 есебімен басым түсті. Санжар енді алтынды англиялық Патрик Хюстонмен сарапқа салады. Baq.kz

Қытайдың Уси қаласында садақ атудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл сынға қазақ мергендері де аттанған.

Бүгін түн ауа Уси қаласынан қуанышты жаңалық алдық. Он жеті жастағы қазақ баласы Санжар Мұсаев (суретте) ұлдар арасындағы жекелей сында финалға шықты. Демек, қоржынымызда кем дегенде күміс жүлде бар деген сөз.

Санжар Мұсаев:

– Қандасымыз алдымен поляк Кашпер Визонды, француз Томас Коенигті, ширек финалда тайпейлік Ли Чи Тангты ұтты. Ал жартылай финалда ресейлік Арслан Валдановтан 7:1 есебімен басым түсті. Санжар енді алтынды англиялық Патрик Хюстонмен сарапқа салады.

Baq.kz

Ұқсас материалдар