Әлішер Каримов туған жерінде қайырымдылық концертін өткізді

18.10.2013 2625
«Super Stars» байқауы арқылы тыңдарман жүрегіне жол тапқан тараздық Әлішер Каримов бүгінде ән айтумен қатар, сазгерлікке де ден қоюда. Үнемі шығармашылық ізденісте жүретін эстрада жұлдызы туған жеріне атбасын бұрып, «Сүйем сені...» деген атпен жеке концертін берді. Осы орайда ән кешінің «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Менің елім, менің тілім!» акциясы аясында ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Концертке келген тыңдарман қауымның да қарасы қалың болды. Жас әнші жерлестеріне өз репертуарындағы әндерін тарту етті. Жаңа туындыларының да тұсауы кесілді бұл күні. – Мен өзімді бақытты сезінетін жандардың бірімін. Осы концертке өзімнің ата-анам, туыстарым, достарым, жалпы тыңдарман қауым келіп отыр. Кейде өмірде жағымсыз жайттарды көргенде жүрегім сыздайды. Ешқандай ана, ешқандай бала жыламаса екен деп ойлаймын. Әндерімнің басым көпшілігі де елдің еңсесін көтеруге бағытталуы да сондықтан, – деді Әлішер. Әншінің тағы бір азаматтылығы, концерттен түскен қаражаттың қарттар мен балалар үйлеріне аударылуы болды. Әуезді әнмен қанаттанған көпшілік «Әнші болсаң, Әлішердей бол» деп тарасты. Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ Baq.kz

«Super Stars» байқауы арқылы тыңдарман жүрегіне жол тапқан тараздық Әлішер Каримов бүгінде ән айтумен қатар, сазгерлікке де ден қоюда. Үнемі шығармашылық ізденісте жүретін эстрада жұлдызы туған жеріне атбасын бұрып, «Сүйем сені...» деген атпен жеке концертін берді.

Осы орайда ән кешінің «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Менің елім, менің тілім!» акциясы аясында ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн.
Концертке келген тыңдарман қауымның да қарасы қалың болды. Жас әнші жерлестеріне өз репертуарындағы әндерін тарту етті. Жаңа туындыларының да тұсауы кесілді бұл күні.
– Мен өзімді бақытты сезінетін жандардың бірімін. Осы концертке өзімнің ата-анам, туыстарым, достарым, жалпы тыңдарман қауым келіп отыр. Кейде өмірде жағымсыз жайттарды көргенде жүрегім сыздайды. Ешқандай ана, ешқандай бала жыламаса екен деп ойлаймын. Әндерімнің басым көпшілігі де елдің еңсесін көтеруге бағытталуы да сондықтан, – деді Әлішер.
Әншінің тағы бір азаматтылығы, концерттен түскен қаражаттың қарттар мен балалар үйлеріне аударылуы болды. Әуезді әнмен қанаттанған көпшілік «Әнші болсаң, Әлішердей бол» деп тарасты.


Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ

Baq.kz

Ұқсас материалдар