Қандастар Ассамблея

Сәулет өнерінің барокко стилі

18.10.2013 15077
Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі, сәулетші мүсінші сияқты кең тыныспен, қиялға еркін беріліп жұмыс істейді. Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Бұл бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған. Шығыс архитектурасының тарихы біздің заманымыздан бұрынғы мыңыншы жылдардан басталады. Үндістанда мінажат үйлерінің сәулетті нұсқалары: ступалар, үңгір-ғибадатханалар және жер үсті ғимараттары салынды, зәулім сарай кешендері пайда болды. Үнді архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. Олар: біздің заманымыздан бұрынғы 1000 ж. салынған Каджураходағы, 14 ғасырда салынған Танджордағы ғибадатханалар. Қытай архитектурасының басты ерекшелігі өз елінің сенім-нанымынан туып, тұрмыс-тіршілігіне және табиғатына сай келеді. Жалған монументалшылдық пен бос әлеміштер кездеспейді. Әр тетік лайықты орнында тұрады, бар нәрсенің қолданыс табуы ақылға сыйымды. Әлемге әйгілі Ұлы Қытай қорғаны біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда салынған, Цзяюйганьнан (Ганьсу провинциясы) Ляодун шығанағына дейін созылған. Ежелгі Жапония архитектурасының жетістіктері ғибадатхана кешендерімен байланысты. Атап айтқанда олар: Нарадағы (көне астана) Хорюдзи (7 ғасыр), Якусидзи (7 – 8 ғасырлар), Удзидегі Бедоин (11 ғасыр), Киото қаласының түбіндегі Дзиседзи (15 ғасыр) ғибадатханалары. Бұл көне құрылыстардың кейбір композициялық құрылымы 14 – 18 ғасырларда өз жалғасын тапты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап, 20 ғасырдың басында әлемде өндірістің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты фабрикалар, зауыттар, электр стансалары, вокзалдар, аңғарлар, гараждар, элеваторлар салынды және банктер, биржалар, фирмалар жұмыс істей бастады. Қалаларда көп қабатты үйлер бой көтерді, театрлар, музейлер, ауруханалар, ғылым және оқу ғимараттары салынды. Құрылыс техникасының дамуына байланысты бұл кезеңде металл, әйнек, темір-бетон кеңінен пайдаланылды. Үлкен кеңістіктерді жаба алатын, зәулім үйлер тұрғызуға мүмкіндік беретін жаңа жүйелер мен тәсілдер туды (ірі блокты, ірі панельді қабырғалар, тақия-күмбездер, ванттық құрастырмалар, т.б.). Инженер Александр Эйфель металдан 1889 ж. биіктігі 312 м Эйфель мұнарасын орнатты. Америкада көп қабатты зәулім үйлер пайда болды. Алғашқы биік үй 1880 ж. салынды. 55 қабат «Булворт-билдинг» 1913 ж., 77 қабат «Крайслер – Билдинг» 1932 ж. салынып бітті. 30-жылдардағы ең биік (380 м) 102 қабат «Эмпайр стейт билдинг» ұзақ уақыт биіктігі жағынан 1-орында тұрды. 1971 – 73 ж. Нью-Йоркте архитектор Минору Ямасакидің жобасы бойынша Халықаралық сауда орталығының призма тектес екі үйі іске қосылды (биіктігі 412 м, 110 қабат). Қазіргі әлемдегі ең биік ғимарат – «Сирс-Орбак» Чикагода, биіктігі 442 м, 109 қабат. Дүние жүзі архитектурасының дамуында көптеген бағыт болды: конструктивизм, функционализм, метаболизм, модерн, халықаралық стиль, органикалық архитектура, рационализм. 20 ғасыр архитектурасының дамуына зор үлес қосқан Огюст Перре бірінші болып қаңқалық құрылымдарды, темір-бетонды қолданды, құрылысқа стандарттауды және өнеркәсіптік әдістерді кіргізді. Италия инженері әрі архитектор Пьер Нерви армоцементті ойлап тауып, темір-бетонды тиімді және көркемдік тапқырлықпен пайдаланды. Ол Римде Спорт сарайын, Флоренцияда еңселі биік стадионды салды. Функционализмнің негізін қалаушылар Вальтер Гропиус пен Мис ван дер Роэ «Баухауз» көркем құрылыс мектебін басқарды, архитектуралық формалардың қалыптасу заңдылығын зерттеді. Америка архитекторы Франк Райт органикалық архитектураның (Пенсильваниядағы «Су үстіндегі үй», Нью-Йорктегі «Гуггенхейм» музейі) негізін қалады. Француз Ле Корбюзьенің архитектура тарихында алатын орны өте зор (Роншандағы капелла, Марселдегі тұрғын-үй, Чандигархтың жобасы, ондағы тұрғын және қоғамдық үйлер). Жапон сәулетшісі Кэндзо Тангэ жас кезінде Ле Корбюзьенің әсерінде болған, кейін өз жолын, шеберлік арнасын тапты. Оның Олимпиялық спорт кешені «Йойоги» 22 мың адам сиятын стадионнан, төрт мың адамдық жабық спорт залынан тұрады. Бұл спорт кешені мүсіндік сұлулығымен, батыл инженер-конструкторлық шешімімен, көлемінің динамикасымен ерекше көзге түседі. Тарихшыларымыздың айтуынша қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-ден астам неолит және энеолит дәуірінің ескерткіштері мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрағы деп төрт түрге бөлінеді. Орталық Қазақстанда да кромлехтер, менгирлер, дольмендер болған. Бұлардың қойылу ретінде де Мысырдағы, Орталық Америкадағы құрылыстар сияқты астрономиялық заңдылықтар ескерілгендігі, сол кездегі діни-нанымдарға орай салынғандығы байқалады. Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта тиграхауда сақтары тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Олар Қазақстан жерінің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін толық игерген. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері аңғарларында көптеген үлкенді-кішілі обалар шоғырланған. Биіктігі 20 м-ге дейін жететін «патша» обалары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда өте көп. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырға жататын Бесшатыр қорымынан («сақ пирамидаларынан») бөренелерден тұрғызылылып, жақсы сақталған ірі құрылыстар табылды. Бұлар Орта Азия мен Қазақстанда ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі бірегей ескерткіштері болып табылады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық таспен және топырақпен жабылған. Үлкен обалардың диаметрі 45 м-ден 105 м-ге, биіктігі 6 м-ден 18 м-ге дейін жетеді. «Алтын адам» табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Біздің заманымыздың 6 – 7 ғасырларында керуен жолының үстінде, Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам (Исфиджаб) Отырар, Сығанақ, Құмкент, Созақ, Алмалық сияқты ірі қалалар, Ақыртас, Баба Ата, Ақсүмбе сияқты қорған-бекіністер болған. Оңтүстік қалалары бекініс, шаһристан, рабаттан тұрған, су құбырлары болған. Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендері бойынан 10 – 11 ғасырларда өмір сүрген алпысқа жуық қалашық орындары анықталды. Бабаджа хатун күмбезі, Айша Бибі мазары, Жұбан ана күмбезі, сәулет өнерінің күрт дамығанын көрсетеді. Қарахан әулеті тұсында Алаша хан күмбезі, Жошы хан күмбезі, Аяққамыр күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі 10 – 14 ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін танытады.   Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.

Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі, сәулетші мүсінші сияқты кең тыныспен, қиялға еркін беріліп жұмыс істейді. Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Бұл бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған. Шығыс архитектурасының тарихы біздің заманымыздан бұрынғы мыңыншы жылдардан басталады. Үндістанда мінажат үйлерінің сәулетті нұсқалары: ступалар, үңгір-ғибадатханалар және жер үсті ғимараттары салынды, зәулім сарай кешендері пайда болды. Үнді архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. Олар: біздің заманымыздан бұрынғы 1000 ж. салынған Каджураходағы, 14 ғасырда салынған Танджордағы ғибадатханалар. Қытай архитектурасының басты ерекшелігі өз елінің сенім-нанымынан туып, тұрмыс-тіршілігіне және табиғатына сай келеді. Жалған монументалшылдық пен бос әлеміштер кездеспейді. Әр тетік лайықты орнында тұрады, бар нәрсенің қолданыс табуы ақылға сыйымды. Әлемге әйгілі Ұлы Қытай қорғаны біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда салынған, Цзяюйганьнан (Ганьсу провинциясы) Ляодун шығанағына дейін созылған. Ежелгі Жапония архитектурасының жетістіктері ғибадатхана кешендерімен байланысты. Атап айтқанда олар: Нарадағы (көне астана) Хорюдзи (7 ғасыр), Якусидзи (7 – 8 ғасырлар), Удзидегі Бедоин (11 ғасыр), Киото қаласының түбіндегі Дзиседзи (15 ғасыр) ғибадатханалары. Бұл көне құрылыстардың кейбір композициялық құрылымы 14 – 18 ғасырларда өз жалғасын тапты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап, 20 ғасырдың басында әлемде өндірістің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты фабрикалар, зауыттар, электр стансалары, вокзалдар, аңғарлар, гараждар, элеваторлар салынды және банктер, биржалар, фирмалар жұмыс істей бастады. Қалаларда көп қабатты үйлер бой көтерді, театрлар, музейлер, ауруханалар, ғылым және оқу ғимараттары салынды. Құрылыс техникасының дамуына байланысты бұл кезеңде металл, әйнек, темір-бетон кеңінен пайдаланылды. Үлкен кеңістіктерді жаба алатын, зәулім үйлер тұрғызуға мүмкіндік беретін жаңа жүйелер мен тәсілдер туды (ірі блокты, ірі панельді қабырғалар, тақия-күмбездер, ванттық құрастырмалар, т.б.). Инженер Александр Эйфель металдан 1889 ж. биіктігі 312 м Эйфель мұнарасын орнатты. Америкада көп қабатты зәулім үйлер пайда болды. Алғашқы биік үй 1880 ж. салынды. 55 қабат «Булворт-билдинг» 1913 ж., 77 қабат «Крайслер – Билдинг» 1932 ж. салынып бітті. 30-жылдардағы ең биік (380 м) 102 қабат «Эмпайр стейт билдинг» ұзақ уақыт биіктігі жағынан 1-орында тұрды. 1971 – 73 ж. Нью-Йоркте архитектор Минору Ямасакидің жобасы бойынша Халықаралық сауда орталығының призма тектес екі үйі іске қосылды (биіктігі 412 м, 110 қабат). Қазіргі әлемдегі ең биік ғимарат – «Сирс-Орбак» Чикагода, биіктігі 442 м, 109 қабат. Дүние жүзі архитектурасының дамуында көптеген бағыт болды: конструктивизм, функционализм, метаболизм, модерн, халықаралық стиль, органикалық архитектура, рационализм. 20 ғасыр архитектурасының дамуына зор үлес қосқан Огюст Перре бірінші болып қаңқалық құрылымдарды, темір-бетонды қолданды, құрылысқа стандарттауды және өнеркәсіптік әдістерді кіргізді. Италия инженері әрі архитектор Пьер Нерви армоцементті ойлап тауып, темір-бетонды тиімді және көркемдік тапқырлықпен пайдаланды. Ол Римде Спорт сарайын, Флоренцияда еңселі биік стадионды салды. Функционализмнің негізін қалаушылар Вальтер Гропиус пен Мис ван дер Роэ «Баухауз» көркем құрылыс мектебін басқарды, архитектуралық формалардың қалыптасу заңдылығын зерттеді. Америка архитекторы Франк Райт органикалық архитектураның (Пенсильваниядағы «Су үстіндегі үй», Нью-Йорктегі «Гуггенхейм» музейі) негізін қалады. Француз Ле Корбюзьенің архитектура тарихында алатын орны өте зор (Роншандағы капелла, Марселдегі тұрғын-үй, Чандигархтың жобасы, ондағы тұрғын және қоғамдық үйлер). Жапон сәулетшісі Кэндзо Тангэ жас кезінде Ле Корбюзьенің әсерінде болған, кейін өз жолын, шеберлік арнасын тапты. Оның Олимпиялық спорт кешені «Йойоги» 22 мың адам сиятын стадионнан, төрт мың адамдық жабық спорт залынан тұрады. Бұл спорт кешені мүсіндік сұлулығымен, батыл инженер-конструкторлық шешімімен, көлемінің динамикасымен ерекше көзге түседі. Тарихшыларымыздың айтуынша қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-ден астам неолит және энеолит дәуірінің ескерткіштері мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрағы деп төрт түрге бөлінеді. Орталық Қазақстанда да кромлехтер, менгирлер, дольмендер болған. Бұлардың қойылу ретінде де Мысырдағы, Орталық Америкадағы құрылыстар сияқты астрономиялық заңдылықтар ескерілгендігі, сол кездегі діни-нанымдарға орай салынғандығы байқалады. Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта тиграхауда сақтары тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Олар Қазақстан жерінің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін толық игерген. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері аңғарларында көптеген үлкенді-кішілі обалар шоғырланған. Биіктігі 20 м-ге дейін жететін «патша» обалары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда өте көп. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырға жататын Бесшатыр қорымынан («сақ пирамидаларынан») бөренелерден тұрғызылылып, жақсы сақталған ірі құрылыстар табылды. Бұлар Орта Азия мен Қазақстанда ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі бірегей ескерткіштері болып табылады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық таспен және топырақпен жабылған. Үлкен обалардың диаметрі 45 м-ден 105 м-ге, биіктігі 6 м-ден 18 м-ге дейін жетеді. «Алтын адам» табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Біздің заманымыздың 6 – 7 ғасырларында керуен жолының үстінде, Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам (Исфиджаб) Отырар, Сығанақ, Құмкент, Созақ, Алмалық сияқты ірі қалалар, Ақыртас, Баба Ата, Ақсүмбе сияқты қорған-бекіністер болған. Оңтүстік қалалары бекініс, шаһристан, рабаттан тұрған, су құбырлары болған. Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендері бойынан 10 – 11 ғасырларда өмір сүрген алпысқа жуық қалашық орындары анықталды. Бабаджа хатун күмбезі, Айша Бибі мазары, Жұбан ана күмбезі, сәулет өнерінің күрт дамығанын көрсетеді. Қарахан әулеті тұсында Алаша хан күмбезі, Жошы хан күмбезі, Аяққамыр күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі 10 – 14 ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін танытады.

 

Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.

Ұқсас материалдар