Қандастар Ассамблея

"Барыс" кезекті жеңісіне қол жеткізді

18.10.2013 2023
Кеше Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Металлург» командасын жеңді. Новокузнецк қаласының командасы биылғы чемпионаттың аутсайдері болса да, осы жолғы матчта «Барыстың» мазасын алды. Астаналық команда есепті бірінші болып ашты. Алайда қарсыластар есепті теңестіріп, екінші кезеңде бір шайбамен алға шықты. «Барыс» бір минуттың ішінде таразы басын теңестірді. Есеп - 2:2. Үшінші кезеңде «Металлург» тағы да алға шықты. Дегенмен, Брэндон Боченски дубльмен көзге түсіп, қайтадан есепті теңестіре білді. Ал ойынның аяқталуына екі минуттай қалғанда, Найджел Доустың шайбасы «Барысты» алға шығарды. Осы кезде «Металлургтың» бапкері қақпашыны алып тастап, алтыншы ойыншыны шығарады. Негізгі мақсат - есепті теңестіру. Бірақ «Барыстың» хоккейшілері шайбаны алып қойып, бос тұрған қақпаға бесінші шайбаны салып кетті. Қорытынды есеп - 5:3. Осы мачтан кейін «Барыс» тағы үш ұпайға (жалпы 37 ұпай) қол жеткізіп, Шығыс конференцияда қайтадан бірінші орынға шықты. Ал жалпы турнирлік кестеде команда «Ақ Барсты» (35 ұпай) артқа тастап, үшінші орынға көтерілді. Baq.kz

Кеше Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Металлург» командасын жеңді.

Новокузнецк қаласының командасы биылғы чемпионаттың аутсайдері болса да, осы жолғы матчта «Барыстың» мазасын алды. Астаналық команда есепті бірінші болып ашты. Алайда қарсыластар есепті теңестіріп, екінші кезеңде бір шайбамен алға шықты. «Барыс» бір минуттың ішінде таразы басын теңестірді. Есеп - 2:2. Үшінші кезеңде «Металлург» тағы да алға шықты. Дегенмен, Брэндон Боченски дубльмен көзге түсіп, қайтадан есепті теңестіре білді. Ал ойынның аяқталуына екі минуттай қалғанда, Найджел Доустың шайбасы «Барысты» алға шығарды. Осы кезде «Металлургтың» бапкері қақпашыны алып тастап, алтыншы ойыншыны шығарады. Негізгі мақсат - есепті теңестіру. Бірақ «Барыстың» хоккейшілері шайбаны алып қойып, бос тұрған қақпаға бесінші шайбаны салып кетті. Қорытынды есеп - 5:3.

Осы мачтан кейін «Барыс» тағы үш ұпайға (жалпы 37 ұпай) қол жеткізіп, Шығыс конференцияда қайтадан бірінші орынға шықты. Ал жалпы турнирлік кестеде команда «Ақ Барсты» (35 ұпай) артқа тастап, үшінші орынға көтерілді.

Baq.kz

Ұқсас материалдар