Қандастар Ассамблея

Евгений Свешников

17.10.2013 2422
Қарағанды футбол мектебінің талантты өкілі, екі дүркін ел чемпионы, оң қапталдағы жартылай қорғаушылардың бірі ­– Евгений Свешников. Евгений Валентинович Свешников 1973 жылы 6 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Женя жеті жасында футболшы болуды армандап, қаладағы футбол мектебіне жазылады. Кеншілер шаһарындағы балалар мен жасөпірімдер спорт мектебінде елге танымал бірнеше балалар бапкерінен тәлім алды. Анатолий Чудинов, Андрей Гумиров, Семён Неверов, Сергей Красиков, Геннадий Костюченко секілді жаттықтырушылардан үйренгені көп болды. Мектепті бітірген соң, «Шахтердің» негізгі құрамына бірден іліне қоймады. Сосын футболдағы карьерасын Көкшетаудан бастауды жөн санады. Кейіннен Теміртаудың «Болаты» мен өскемендік «Востокта» өнер көрсетті. Әсіресе, щығыстың командасында екі маусым тер төкті. Ол кезде «Востоктың» бас бапкері Сергей Гороховодацский болатын. Ұзақ жылдар команданың тізігінін ұстаған Гороховодацский жанкүйерлеріне 1994 жылы Қазақстан кубогын жеңіп алып берді. Ал Свешников ойнаған екі жылда «Восток» Қазақстан біріншілігінің тарихындағы өздерінің ең жоғары жетістіктері бесінші орынға табан тіреді. Жақсы ойынымен көзге түсе бастаған жартылай қорғаушы павлодарлық «Ертістен» шақырту алды. Кереку өңірінің командасы сол жылы құрамына бірнеше шебер ойыншыларды жинай білді. Виктор Зубарев, Нилтон Мендес, Алекскей Клишин, Алевтин Осипов, Виталий Спарышев, Самат Смақов, Евгений Лунев, Руслан Гумар, Юрий Ишутин, Андрей Мирошниченко болып жалғаса беретін тізімдегі футболшыларға ол жылдары кез келген команда қызығатын. Осылардың арасында Евгений Свешниковтың орны бөлек болды. Орталық алаңда ерекше көзге түсіп, шеберлігін паш етті. Команданы маусымның алғашқы жартысында Анатолий Чернов жаттықырса, кейіннен оның орнын Владимир Линчевский басты. Линчевский бірінші кезекте, футболшылардың техникалық арсеналдарын жетілдіріп, жаттығуларына аса мән берді. Әрбір кездесуде командадан жоғары нәтиже талап етті. Сол ойлаған мақсаттарына жетті. Бұл Евгенийдің ел чемпионатындағы алғашқы алтыны болды. Сондай-ақ, Азия Чемпиондар кубогының топтық кезеңіне қатысты. Келесі жылы «Ертіс» біріншілікті үшінші орынмен аяқтады. Сосын 2001 жылы Керекуден кетіп, «Восток», «Елімай», «Шахтер» командаларында өнер көрсетті. Үш дүркін ел чемпионы атанған Семейдің «Елімай» клубында екі жыл ойнады. Қазақ футболының отаны саналатын шаһардың командасындағы көшбасшы футболшылардың бірі болды. «Елімайдан» кетуінің басты себебі команданың қаржылық қиындықтары болды. Бірнеше ай жалақы алмаған футболшылар өзге клубтарды жағалап бытырай бастады. Семейден кеткен соң, 2004 жылы «Ақтөбеден» шақырту алды. Алғашқы жылы 33 ойын өткізіп, 4 гол соқты. «Ақтөбе» біріншілікті ол жылы 4-ші орынмен аяқтады. Бұл кез команданың жаңа жұлдызды эрасының бастауы болатын. Қызу қанды батыс жанкүйерлері сүйікті командасынан жүлделі орынды күткенімен, ұзақ жыл ол армандары орындала қоймады. Бірнеше рет талпынғандарымен, өзге фавориттер мүмкіндік берген жоқ. Осы олқылықтың орнын Равил Рамазанов команданың тізгінін ұстағанда толықтырды. Қостанайлық «Тобылмен» мәреге дейін үзеңгі қағыстырып келген ақтөбеліктер шешуі сында жолы болып чемпион атанды. «Ақтөбенің» чемпион атануына оң қапталдағы жартылай қорғаушы Евгенийдің жылдармен жиналған мол тәжірибесі өз септігін тигізді. Жеңімпаз команданың сапында ол барлығы 60 рет алаңға шыққан. Карьерасын аяқтайтын тұста «Тараз», «Екібастұз» клубтарында ойнады. Бутсысын шегеге 2007 жылы ілді. Ұлттық құрамада Еліміздің бас командасы сапындағы алғашқы ойынын 1997 жылы әлем чемпионатының електік додасы аясында Алматыда Жапония құрамасына қарсы өткізді. Ол кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Келесі жылы Қазақстан құрамасы қатысқан Азия ойындарының барлық матчтарына қатысты. Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, бапкерлікке бет бұрды. Басында облыстың «Гефест» клубын жаттықтырса, кейіннен «Шахтердің» жастарын баптады. Ал қазір Қарағандының бірінші командасындың бапкерлер щтатында жаттықтырушы. Футболшы ретінде «Шахтерде» ойнауды армандаған Свешников Қарағандыда бар-жоғы жарты маусым ғана өнер көрсетті. Есесіне бапкер ретінде «Шахтердің» жеңістеріне өз үлесін қосып жүр. Жетістіктері: Қазақстан чемпионы: 1999, 2005 жылдары Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2000 жылы.   Бек Төлеуов, «Sport»

Қарағанды футбол мектебінің талантты өкілі, екі дүркін ел чемпионы, оң қапталдағы жартылай қорғаушылардың бірі ­– Евгений Свешников.

Евгений Валентинович Свешников 1973 жылы 6 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Женя жеті жасында футболшы болуды армандап, қаладағы футбол мектебіне жазылады. Кеншілер шаһарындағы балалар мен жасөпірімдер спорт мектебінде елге танымал бірнеше балалар бапкерінен тәлім алды. Анатолий Чудинов, Андрей Гумиров, Семён Неверов, Сергей Красиков, Геннадий Костюченко секілді жаттықтырушылардан үйренгені көп болды. Мектепті бітірген соң, «Шахтердің» негізгі құрамына бірден іліне қоймады. Сосын футболдағы карьерасын Көкшетаудан бастауды жөн санады. Кейіннен Теміртаудың «Болаты» мен өскемендік «Востокта» өнер көрсетті. Әсіресе, щығыстың командасында екі маусым тер төкті. Ол кезде «Востоктың» бас бапкері Сергей Гороховодацский болатын. Ұзақ жылдар команданың тізігінін ұстаған Гороховодацский жанкүйерлеріне 1994 жылы Қазақстан кубогын жеңіп алып берді. Ал Свешников ойнаған екі жылда «Восток» Қазақстан біріншілігінің тарихындағы өздерінің ең жоғары жетістіктері бесінші орынға табан тіреді. Жақсы ойынымен көзге түсе бастаған жартылай қорғаушы павлодарлық «Ертістен» шақырту алды. Кереку өңірінің командасы сол жылы құрамына бірнеше шебер ойыншыларды жинай білді. Виктор Зубарев, Нилтон Мендес, Алекскей Клишин, Алевтин Осипов, Виталий Спарышев, Самат Смақов, Евгений Лунев, Руслан Гумар, Юрий Ишутин, Андрей Мирошниченко болып жалғаса беретін тізімдегі футболшыларға ол жылдары кез келген команда қызығатын. Осылардың арасында Евгений Свешниковтың орны бөлек болды. Орталық алаңда ерекше көзге түсіп, шеберлігін паш етті. Команданы маусымның алғашқы жартысында Анатолий Чернов жаттықырса, кейіннен оның орнын Владимир Линчевский басты. Линчевский бірінші кезекте, футболшылардың техникалық арсеналдарын жетілдіріп, жаттығуларына аса мән берді. Әрбір кездесуде командадан жоғары нәтиже талап етті. Сол ойлаған мақсаттарына жетті. Бұл Евгенийдің ел чемпионатындағы алғашқы алтыны болды. Сондай-ақ, Азия Чемпиондар кубогының топтық кезеңіне қатысты. Келесі жылы «Ертіс» біріншілікті үшінші орынмен аяқтады. Сосын 2001 жылы Керекуден кетіп, «Восток», «Елімай», «Шахтер» командаларында өнер көрсетті. Үш дүркін ел чемпионы атанған Семейдің «Елімай» клубында екі жыл ойнады. Қазақ футболының отаны саналатын шаһардың командасындағы көшбасшы футболшылардың бірі болды. «Елімайдан» кетуінің басты себебі команданың қаржылық қиындықтары болды. Бірнеше ай жалақы алмаған футболшылар өзге клубтарды жағалап бытырай бастады. Семейден кеткен соң, 2004 жылы «Ақтөбеден» шақырту алды. Алғашқы жылы 33 ойын өткізіп, 4 гол соқты. «Ақтөбе» біріншілікті ол жылы 4-ші орынмен аяқтады. Бұл кез команданың жаңа жұлдызды эрасының бастауы болатын. Қызу қанды батыс жанкүйерлері сүйікті командасынан жүлделі орынды күткенімен, ұзақ жыл ол армандары орындала қоймады. Бірнеше рет талпынғандарымен, өзге фавориттер мүмкіндік берген жоқ. Осы олқылықтың орнын Равил Рамазанов команданың тізгінін ұстағанда толықтырды. Қостанайлық «Тобылмен» мәреге дейін үзеңгі қағыстырып келген ақтөбеліктер шешуі сында жолы болып чемпион атанды. «Ақтөбенің» чемпион атануына оң қапталдағы жартылай қорғаушы Евгенийдің жылдармен жиналған мол тәжірибесі өз септігін тигізді. Жеңімпаз команданың сапында ол барлығы 60 рет алаңға шыққан.

Карьерасын аяқтайтын тұста «Тараз», «Екібастұз» клубтарында ойнады. Бутсысын шегеге 2007 жылы ілді.

Ұлттық құрамада

Еліміздің бас командасы сапындағы алғашқы ойынын 1997 жылы әлем чемпионатының електік додасы аясында Алматыда Жапония құрамасына қарсы өткізді. Ол кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Келесі жылы Қазақстан құрамасы қатысқан Азия ойындарының барлық матчтарына қатысты.

Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, бапкерлікке бет бұрды. Басында облыстың «Гефест» клубын жаттықтырса, кейіннен «Шахтердің» жастарын баптады. Ал қазір Қарағандының бірінші командасындың бапкерлер щтатында жаттықтырушы. Футболшы ретінде «Шахтерде» ойнауды армандаған Свешников Қарағандыда бар-жоғы жарты маусым ғана өнер көрсетті. Есесіне бапкер ретінде «Шахтердің» жеңістеріне өз үлесін қосып жүр.

Жетістіктері:
Қазақстан чемпионы: 1999, 2005 жылдары

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2000 жылы.

 

Бек Төлеуов, «Sport»