Қандастар Ассамблея

Ақмолалық оқушылардың ЭКСПО-жобалары халықаралық форумда назарға ұсынылды

17.10.2013 2266
Ақмола облысы Аршалы ауданының оқушылары «Ғылымға мектеп қабырғасынан» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірбиелік форумда үздік деп танылды. Бұл туралы BNews.kz тілшісі аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  Астана қаласында өткен форумда ЭКСПО-2017 тақырыбындағы жұмыстар назарға ұсынылды. Еліміздің әр аймағынан келген оқушылармен қатар шетелдіктер де өздерінің жобаларын жолдаған.  «Аршалы жас техниктері станциясының тәрбиеленушісі Илья Сафроновтың жобасы «Ақпараттық технологиялар, радиотехника, электротехника және телемеханика» аталымы бойынша екінші орын алды. «Жасыл» энергетика, энерготиімділік және энергоүнемдеу тақырыбына арналған Ілияс Рамазановтың жұмысы үшінші орынға лайық деп танылды. Осы аталымдағы үздік жұмысы үшін Майя Румбекова да арнайы сыйлықпен марапатталды»,-деп жазылған хабарламада.

Ақмола облысы Аршалы ауданының оқушылары «Ғылымға мектеп қабырғасынан» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірбиелік форумда үздік деп танылды. Бұл туралы BNews.kz тілшісі аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Астана қаласында өткен форумда ЭКСПО-2017 тақырыбындағы жұмыстар назарға ұсынылды. Еліміздің әр аймағынан келген оқушылармен қатар шетелдіктер де өздерінің жобаларын жолдаған. 

«Аршалы жас техниктері станциясының тәрбиеленушісі Илья Сафроновтың жобасы «Ақпараттық технологиялар, радиотехника, электротехника және телемеханика» аталымы бойынша екінші орын алды. «Жасыл» энергетика, энерготиімділік және энергоүнемдеу тақырыбына арналған Ілияс Рамазановтың жұмысы үшінші орынға лайық деп танылды. Осы аталымдағы үздік жұмысы үшін Майя Румбекова да арнайы сыйлықпен марапатталды»,-деп жазылған хабарламада.

Ұқсас материалдар