Қандастар Ассамблея

Алматы облысының спортшылары бокстан әлем чемпионатында 3 медаль жеңіп алды

16.10.2013 2195
Алматы облысында бокстан әлем чемпонатының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Қыркүйек айының соңында Болгарияның Альбена қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында бокстан әлем чемпионаты өтті. Бұл біріншілікке дүние жүзінен 200-ден астам спортшы қатысты. Жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан екінші орынға ие болды. Бұл жетістікке Алматы облысының өкілдері де өз үлестерін қосты. Олар үш медаль жеңіп алды. Рингте Жетісудың 3 қызы жеңіске жетті. Олар Гаухар Ермекбай, Баян Ақбаева және Мұздиман Балауса. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Гаухар әлем чемпионы атанды, Мұздиман 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша күміс медаль, ал Баян 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қола медаль алды.

Алматы облысында бокстан әлем чемпонатының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қыркүйек айының соңында Болгарияның Альбена қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында бокстан әлем чемпионаты өтті. Бұл біріншілікке дүние жүзінен 200-ден астам спортшы қатысты. Жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан екінші орынға ие болды. Бұл жетістікке Алматы облысының өкілдері де өз үлестерін қосты. Олар үш медаль жеңіп алды.

Рингте Жетісудың 3 қызы жеңіске жетті. Олар Гаухар Ермекбай, Баян Ақбаева және Мұздиман Балауса. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Гаухар әлем чемпионы атанды, Мұздиман 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша күміс медаль, ал Баян 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қола медаль алды.

Ұқсас материалдар