Қандастар Ассамблея

Тарихы терең «Торғай газеті»

16.10.2013 5529
Ақиық ақын Ғафу Қайырбеков: «Торғай қазақтың Ленинграды» деп тегін айтпаса керек. Бұл зейініңді аударатын, зерттеуді ойға алдыратын ақын үні еді. Тарихымызды кейінгі ұрпақтың жадында қалдыру баршаға ортақ парыз. Бүгінде тәуелсіз ел болғалы тарихымызды түгендеуге толықтай жол ашылғаны көпшілікке белгілі. Осы ретте кезінде астанамыз болған Орынбор қаласындағы мұрағаттан тарихымызға қатысты құжаттарды қарап шығуға мүмкіндік туды. Тарихи құжаттарда Торғай даласын, байтақ қазақ жерін зерттеген біз біле бермейтін зерттеушілердің есімдері көзге оттай басылады. Айталық, Генс Григорий Федорович 1814-1815 жылдары Петербург ұйымдастырған экспедициямен қазақтардың орыстармен қарым-қатынасын, қазақтардың өнерін, әдебиетін, тарихын, хандық басқару құрылымын, табиғатын, жер байлығын зерттеген ғалымның бірі. Ол отарлық езгінің озбыр саясатына қызмет етпеген. Генс неміс, француз, татар, қазақ тілін жетік білген деседі. Сондықтан оның қазақ ұлтының тарихын, өнерін зерттеп біраз еңбектенгеніне төмендегі жазба куә. «В 1818 году ему было поручено провести в порядок богатейший архив Оренбурской губернской концелярии и пограничной комиссии (ф.и-4 оп. 1.Д.1579). Әрине, әр ғасырдағы өзгерістер патшалы ресейдің отарлау саясатының жүруі, әсіресе Екатерина ІІ патшайым тұсында түрікке қараған Астрахан (Қажытархан) хандығы Ресейдің қол астына кіргені белгілі (Ресей сенаты, толық заңдары кітабы, 574 б. Ф, 6.Оп.6). Онда Ақтөбе өңірін игеруге қалмақ полкі, Астрахан казактар армиясы, Орал армиясы оны басқарған генераль-фельдмаршал Графа Паскевич Эрванский екені тарихи құжаттарда көрсетілген. Патшалы Ресей қазақ даласына отарлауды мақсат етіп екі жүз жылдай қалмақтар мен қазақтарды соғыстырғалы отырғаны анық. Ал осы тұста саясат үшін газеттің атқарар қызметі орасан. «Тургайская газетаның» 1896 жылы жарыққа шығуы соның дәлелі. Газетте «өңірлерді кімдер басқарады, қандай қызмет атқарады?» деген сұраққа жауапты табасыз. Газеттің 58 санындағы бір мақалада Торғай губерниясы бойынша «Қызыл крест» басқармасының бастығы Н.Н.Ардашев, орынбасарлары А.А.Кравсцев, И.Богданскийдің ұйымдастыруымен кедейлерге көмегі айтылады. Ел ішіндегі түрлі індетпен күресу барынша баяндалады. Газеттің осы санында қазақ даласындағы орман шаруашылығын басқаруға білімді маман Ысқақовтың тағайындалғанына губерниялық хатшы Бубнов пен Тұяқов қол қойған екен. Бұдан байқайтынымыз, орыс елінің мамандары қазақ даласына қоныстана бастағаны. Ал газеттің 74 санында Торғай губерниясының губернаторы Д.Беркінбаев, С.Нұрмағамбетовты туыс-туғандарымен Ресей патшалығы арнайы қонаққа шақырып, Александров залында жылы қабылдаған. Д.Беркінбаев императорға күмістен жасалған түйе мүсінін сыйлағаны жазылған. Екатерина ІІ-нің Орынбор губернаторына жазған хатында: «Қырғыз-қайсақтармен тіл табыс, күнәсіне қарай жазалуды түсіністікпен жүргіз!» деген тапсырмасын ойға алсақ қылыштың қырындағы өмірді, айла-амалды қолдануды меңзейтіні көрініп тұрған жоқ па? Біреудің қолымен от көсегеннің қолы күймейтіні тәрізді, біріне-бірін айдап салуды мақсат еткен жоқ па? Дегенмен «Торғай газеті» ел мен жердегі байлықты, ел тірлігін біраз жазған. 1900 жылдары Торғай губерниясы бойынша 435735 халық болса, 1904 жылы өмірге келген сәби – 13304 екен. Күйзелген тұрмыс, жоқтық қысқан тірліктен дүниеге келген сәбилердің 8016-сы шетінеп кеткен. Бұл дерекке сүйенсек, губернияда медициналық бөлімшелер жеткіліксіз болған. Бүкіл аймақта бар болғаны 12 дәрігерлік бөлімше, онда 45 медицина қызметкері еңбек еткен. Осындай қиындықтарға қарамастан, дәрігерлер жылына 56256 адамға медициналық қызмет көрсеткені айтылады. Сондай-ақ газет жазбаларында халыққа білім беру мәселесі де қозғалған. 1901-1905 жылдары губерния бойынша 161 мектепте 7143 оқушы білім алған. Төрт ер балалар интернаты, 3 қыздар интернаты жұмыс атқарып, 2883 ер бала, 356 қыздар оқыған деп жазылған газеттің 54 санында. Мұнда әскери губернатор Никольский, Наурызым болысы Ә.Тоққожин екенін де деректерден көреміз. Мақалада бұларды атап отырғаны, 1895 жылдың өзінде мектептерде оқулықтар жеткілікті және министрлік қажетті қаржымен қамтығанын, әрбір мектептің оқу, тәрбие жұмысына 51191 сом бөлініп және әр баланың оқуына жұмсалатын қаржы 421 сом 51 тиын екені айтылған. Жері шүйгін, табиғаты ерекше Торғай өңірі қай кезеңде де төрт түлік малға кедейшілік танытпаған. Патша сарайындағылар да Торғайдың бағыланының етін, қымызын, шұбатын алдырып азықтаныпты дегенді естігенбіз. Газетте 1902 жылы Торғай уезінің өзінде қой, ешкі – 45210, ірі қара – 7220, жылқы – 1328, ал, облыс бойынша барлық мал саны – 554127-ге жетіпті. Осыншама мал облыстағы 16218 отбасы меншігінде болса, қоныстанған орыстардың жанұясы – 1405 екен. Ғұлама жазушы Лев Толстойдың қағазға түсіргені жұрттың айтуынша 1898 жылы аштық болған. Әрине, аштық Торғай өңірін де шарпыған. Дегенмен, егіншілікпен айналысқан халық аштыққа жаппай ұрынбаған. Облыс бойынша 1903 жылы 296710 гектар алқапқа егін өсіріп, 1.242.818 пұт астық өндірген. Торғай газетінде өндіріс орындары да жазылған. Тау кен зауыты 136 учаскі бойынша 6 пұт алтын өндірсе, тұз өндірісі 2.66643 пұт тұз өңдеп таратса, құс өсіру, балық өңдеу өнеркәсіптері жұмыс істеп жылына 266950 сомның өнімін шығарып таратқан. Демек, Торғай губерниясы бойынша ірілі, ұсақты 295 өндіріс орындарында жұмыс істеген қазақтардың тұрмыс-тірлігі анау айтарлықтайжақсы болғанға ұқсайды. Патшалы Ресей қазақ жерін жаппай отарлауды жүргізгендіктен газеттің негізгі мақсаты аз-кем жақсылықтарды насихаттай отырып, отарлау саясатын тереңнен жазу болған. Барлық уездерде басшылық жұмысы, тәртіп, тәрбие, заңдылық шаруалары «көп қорқытады, терең батырады» дегенге сәйкестеніп, мыңдаған орыстардың қазақ жеріне қоныстануы, оларға жасалатын жағдайды баяндау баршылық. Орыс мектептері де ашыла бас­тайды, оған қазақ жастарын да тартады. Орыс тілін жас ұрпақтың бойына дарыту бірінші кезекке қойылады. Көптеген уездерде билік орыстардың қолында болады. Торғай уезінің басқармасын капитан Алексей Авдеевич Молчанов басқарса, көмекшісі Т.А.Сейдалин болыпты. Ал ұжымдық хатшылықты К.Д.Чодольский атқарған. Сондай-ақ түрлі арыз, шағым, құжаттарды тәржімалауды О.Мәмбетұлы жүргізіпті. Уезд халқына медициналық қызмет еткен П.В.Доброболский, Бакин, Рогожниковтар және мал дәрігері В.Х.Элпидинг атқарса, байланыс бөлімін С.Т.Гаврилов басқарыпты. Сондай-ақ орыс-қазақ училищесінің мұғалімдері И.Г.Григорьев, шоқындырушы Киличков, мұғалім Есенғазы Бағин, ислам дінінен сабақ беруші М. Болғынбаев жұмыс атқарғанын газет деректерінен көреміз. Торғай өңірінде орыс-қазақ қыздар училищесі, сол сықылды қол өнер училищесі де жастарға білім берген. Оларда Ахмет Балғынбаев ұстаздық еткен. Сол 1895 жылдың өзінде Торғай өңірінде көптеген ауылдық мектептер жұмыс атқарып, халыққа білім берумен айналысқан екен. «Қараторғай» болысы бойынша болыстық мектепті Тілеген Медетов басқарыпты. «Шұбалаң» болыстық мектебінде Салық Бабин, «Сарыторғай» болыстық мектебінде Ерназар Көбенов қызмет атқарғандығы туралы мақалаларда айтылған. Сонымен қатар болыстардың аты-жөні де назардан тыс қалмаған. Мәселен, «Шұбалаң» болысын Смағұл Токин басқарып, халық соты М.Итаяқов, Н.Бұзаубеков, Б.Атабаев, Ы.Бөкеевтер халыққа қызмет көрсеткендігі жайлы газет деректері көрсетеді. Мақалаларда олардың жұмысындағы жетістігі, кемшілігі баяндалады. «Торғай газетінің» 1902 жылғы 6-санында «Қабырға» болысын басқар­ған Абдезан Тұрғынбаев және Торғай ауыл мектебі ұжымы және Торғай болысының 1-ауылы, «Қараторғай», «Сарықопа» адамдары Баймұрат Түркебаевтың жұмылдыруымен өзен, көлдерден бөгет салып суармалы егісті жолға қойып тары дақылын өсіргенін, одан мол өнім алғанын газет мақаласы жұртқа жариялайды. «Бұл кәсіпті 1777 жылы «Қабырға» өңірінде туған Жарылғап Шармышевтен жалғасқан диқандық дәстүрді алты жүз жанұя жалғастырып ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп келеді» дейді газет мақаласында. Сөйтіп, олар жылына өндірген астықты әрбір жанұя бойынша 100-150 пұт тарыны сатуға мүмкіндік алған. Дамыл таппай жер өңдеп астық өсіру отырықшы елдің байлығына айналған. Олардан өнеге, тәжірибе алған «Кеңарал» болысын басқаратын Өміртай Аққошқаров, «Шұбар» болысын басқаратын Жүсіп Аманшаловтар жұртын егіншілікке жұмылдырғанын газет ашық жазыпты. Орынбор мұрағатынан көзіміз шалғаны ХVІІ ғасырдың 50-60 жылдарындағы орыс, қалмақ тарихы туралы кітапшаның 147 бетінен: «1747-1748 жылы Әбілқайыр хан ұлы Ералы екеуі Торғай өңірі «Борсық» құмын қыстаған» деген жолдардан аңғарғанымыз «Қазақ елінің қалың халқымен байланысып Ресейдің отарлау саясатының жымысқы тұсынан сақтануды хандар, билер болып ақылдасты ма екен?» деген ой келеді. Десек те, «Торғай» газетінде бұрынғы хандар мен билер туралы деректер жоқтың қасы. Басты бағыты да, тақырыбы да болыстар мен уездерде, облыс, губернияда Ресей патшалығының заңдары негізінде ғана мақала, хабарлар жазылыпты. Бір айта кетерлігі, газеттің кейбір сандарында фельетон айдарымен сыни мақала көрініп қалады және оны бірінші бетке орналас­тырады екен. Бірқатар уездерде басшылықта орыстар жоқ. Мысалы «Сарыторғай» болысында болыс Жүсіп Шонов, халық соты Айқадам Әутенов, Сырлыбай Керімбаев, Жүсіп Жауғашев, Тілеулі Қайсаров, Дабы Бекеновтер екенін оқыдық. «Қайдауыл» болысы Жүніс Қаратышқанов, ауылдық соты Жарылғас Көбегеновтердің есімдері аталады. Иә, олардың патшалы Ресей талабына қарай жұмыс атқаруы бақылауда, сараптауда болатыны белгілі. Мүлт кетсе газетте фельетонмен сынап тастайды. Сын, сықақ жанрының ерекшелігі сонда. «Сарыторғай» өңірін ауызға алғанда ерте заманда бой көтерген мешіттердің құрылысындағы ерекшелікті айтпай кету­ге болмас. Қабырғаға қаланған кірпіштердің арасында ауа қалдыруы арқылы қысқы аязда да бөлмелерге от жақпай-ақ жылылықты сақтап тұратынын көріп, біліп қазақтардың құрылыс салудағы ерекшелігіне таңғалғанбыз. Осы өңірдегі «Қыз моласы» (классик жазушы Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының кейіпкері деседі), «Шымылдық» және басқада кесенелердің кірпіштерінің әлі күнге міні құрымағанының құпиясы талай аңыз арқау болған. Сонау, 1552 жылдары бой көтерген «Жүніс» («Юнусов») және «Бай» («Байская») мешіттерінің құрылыс сапасы қазақ даласында жүзеге аса отырып ертеден дінге ұйытып, дін сабағын алатын оқу орыны болғанын ескерсек, кейбір Акимов сықылды шовинистердің қазақта жер болмаған деуі, олардың мекені Моңғолия мен Қытайда деп айтуы көрсоқырлық дер едік. Әріден басталатын тарихымызды білгісі келмесе «Торғай газетін» Орынбор мұрағатынан бір оқып шықсын. Осы газеттегі қаншама білімдар қазақтардың ұрпақты оқыту, медицина саласында қызмет көрсету, егіншілік, мал өсірудегі ғаламат еңбегін білсін. Патшалы Ресейдің отарлау саясаты, рейдерлік басқыншылығы аш қасқырдай талғамай жұтқан қыспағына түскен қазақтар 1840-1850 жылдарда Троицк, Челябі, Орынбор губернияларындағы алтын, тұз, балық өндірісінде құл есебінде еңбек еткен (Ф.6.О.10.Д.6305.Л.137). Қазақты кісісінбеу, қорлау, небір азапты көрсетіп, миына патша жендеттерінің қанқұйлылығын Акимов сықылдылардың ұмытпай жүруі еркін ел болғанымызды алмауы екені анық. Қазақ ондайға «Ішің күйсе тұз жала» деп қолын бір-ақ сілтеген. Дана ойлы Ғафудың «Торғай қазақтың Ленинграды» деуі тапқырлық, тарихи шындыққа көз жеткізетін асыл ой екенін түсініп «Тургайская газетадан» біраз ақиқатқа көзіміз жетті. Бұл газет 1911 жылға дейін Орынборда шығып, қазақ еліне тарап тұрған… Жамағатқа айтарымыз – тарихыңды біле жүріңіз. Сонда жандайшаптардың еліргенін басып, ешкімге жалтақтамай шындыққа жүгіндіре білесіз! Табыл Құлияс

Ақиық ақын Ғафу Қайырбеков: «Торғай қазақтың Ленинграды» деп тегін айтпаса керек. Бұл зейініңді аударатын, зерттеуді ойға алдыратын ақын үні еді. Тарихымызды кейінгі ұрпақтың жадында қалдыру баршаға ортақ парыз. Бүгінде тәуелсіз ел болғалы тарихымызды түгендеуге толықтай жол ашылғаны көпшілікке белгілі. Осы ретте кезінде астанамыз болған Орынбор қаласындағы мұрағаттан тарихымызға қатысты құжаттарды қарап шығуға мүмкіндік туды.

Тарихи құжаттарда Торғай даласын, байтақ қазақ жерін зерттеген біз біле бермейтін зерттеушілердің есімдері көзге оттай басылады. Айталық, Генс Григорий Федорович 1814-1815 жылдары Петербург ұйымдастырған экспедициямен қазақтардың орыстармен қарым-қатынасын, қазақтардың өнерін, әдебиетін, тарихын, хандық басқару құрылымын, табиғатын, жер байлығын зерттеген ғалымның бірі. Ол отарлық езгінің озбыр саясатына қызмет етпеген. Генс неміс, француз, татар, қазақ тілін жетік білген деседі. Сондықтан оның қазақ ұлтының тарихын, өнерін зерттеп біраз еңбектенгеніне төмендегі жазба куә.
«В 1818 году ему было поручено провести в порядок богатейший архив Оренбурской губернской концелярии и пограничной комиссии (ф.и-4 оп. 1.Д.1579). Әрине, әр ғасырдағы өзгерістер патшалы ресейдің отарлау саясатының жүруі, әсіресе Екатерина ІІ патшайым тұсында түрікке қараған Астрахан (Қажытархан) хандығы Ресейдің қол астына кіргені белгілі (Ресей сенаты, толық заңдары кітабы, 574 б. Ф, 6.Оп.6). Онда Ақтөбе өңірін игеруге қалмақ полкі, Астрахан казактар армиясы, Орал армиясы оны басқарған генераль-фельдмаршал Графа Паскевич Эрванский екені тарихи құжаттарда көрсетілген. Патшалы Ресей қазақ даласына отарлауды мақсат етіп екі жүз жылдай қалмақтар мен қазақтарды соғыстырғалы отырғаны анық. Ал осы тұста саясат үшін газеттің атқарар қызметі орасан. «Тургайская газетаның» 1896 жылы жарыққа шығуы соның дәлелі. Газетте «өңірлерді кімдер басқарады, қандай қызмет атқарады?» деген сұраққа жауапты табасыз. Газеттің 58 санындағы бір мақалада Торғай губерниясы бойынша «Қызыл крест» басқармасының бастығы Н.Н.Ардашев, орынбасарлары А.А.Кравсцев, И.Богданскийдің ұйымдастыруымен кедейлерге көмегі айтылады. Ел ішіндегі түрлі індетпен күресу барынша баяндалады. Газеттің осы санында қазақ даласындағы орман шаруашылығын басқаруға білімді маман Ысқақовтың тағайындалғанына губерниялық хатшы Бубнов пен Тұяқов қол қойған екен. Бұдан байқайтынымыз, орыс елінің мамандары қазақ даласына қоныстана бастағаны. Ал газеттің 74 санында Торғай губерниясының губернаторы Д.Беркінбаев, С.Нұрмағамбетовты туыс-туғандарымен Ресей патшалығы арнайы қонаққа шақырып, Александров залында жылы қабылдаған. Д.Беркінбаев императорға күмістен жасалған түйе мүсінін сыйлағаны жазылған. Екатерина ІІ-нің Орынбор губернаторына жазған хатында: «Қырғыз-қайсақтармен тіл табыс, күнәсіне қарай жазалуды түсіністікпен жүргіз!» деген тапсырмасын ойға алсақ қылыштың қырындағы өмірді, айла-амалды қолдануды меңзейтіні көрініп тұрған жоқ па? Біреудің қолымен от көсегеннің қолы күймейтіні тәрізді, біріне-бірін айдап салуды мақсат еткен жоқ па? Дегенмен «Торғай газеті» ел мен жердегі байлықты, ел тірлігін біраз жазған. 1900 жылдары Торғай губерниясы бойынша 435735 халық болса, 1904 жылы өмірге келген сәби – 13304 екен. Күйзелген тұрмыс, жоқтық қысқан тірліктен дүниеге келген сәбилердің 8016-сы шетінеп кеткен. Бұл дерекке сүйенсек, губернияда медициналық бөлімшелер жеткіліксіз болған. Бүкіл аймақта бар болғаны 12 дәрігерлік бөлімше, онда 45 медицина қызметкері еңбек еткен. Осындай қиындықтарға қарамастан, дәрігерлер жылына 56256 адамға медициналық қызмет көрсеткені айтылады. Сондай-ақ газет жазбаларында халыққа білім беру мәселесі де қозғалған. 1901-1905 жылдары губерния бойынша 161 мектепте 7143 оқушы білім алған. Төрт ер балалар интернаты, 3 қыздар интернаты жұмыс атқарып, 2883 ер бала, 356 қыздар оқыған деп жазылған газеттің 54 санында. Мұнда әскери губернатор Никольский, Наурызым болысы Ә.Тоққожин екенін де деректерден көреміз. Мақалада бұларды атап отырғаны, 1895 жылдың өзінде мектептерде оқулықтар жеткілікті және министрлік қажетті қаржымен қамтығанын, әрбір мектептің оқу, тәрбие жұмысына 51191 сом бөлініп және әр баланың оқуына жұмсалатын қаржы 421 сом 51 тиын екені айтылған. Жері шүйгін, табиғаты ерекше Торғай өңірі қай кезеңде де төрт түлік малға кедейшілік танытпаған. Патша сарайындағылар да Торғайдың бағыланының етін, қымызын, шұбатын алдырып азықтаныпты дегенді естігенбіз. Газетте 1902 жылы Торғай уезінің өзінде қой, ешкі – 45210, ірі қара – 7220, жылқы – 1328, ал, облыс бойынша барлық мал саны – 554127-ге жетіпті. Осыншама мал облыстағы 16218 отбасы меншігінде болса, қоныстанған орыстардың жанұясы – 1405 екен. Ғұлама жазушы Лев Толстойдың қағазға түсіргені жұрттың айтуынша 1898 жылы аштық болған. Әрине, аштық Торғай өңірін де шарпыған. Дегенмен, егіншілікпен айналысқан халық аштыққа жаппай ұрынбаған. Облыс бойынша 1903 жылы 296710 гектар алқапқа егін өсіріп, 1.242.818 пұт астық өндірген. Торғай газетінде өндіріс орындары да жазылған. Тау кен зауыты 136 учаскі бойынша 6 пұт алтын өндірсе, тұз өндірісі 2.66643 пұт тұз өңдеп таратса, құс өсіру, балық өңдеу өнеркәсіптері жұмыс істеп жылына 266950 сомның өнімін шығарып таратқан. Демек, Торғай губерниясы бойынша ірілі, ұсақты 295 өндіріс орындарында жұмыс істеген қазақтардың тұрмыс-тірлігі анау айтарлықтайжақсы болғанға ұқсайды. Патшалы Ресей қазақ жерін жаппай отарлауды жүргізгендіктен газеттің негізгі мақсаты аз-кем жақсылықтарды насихаттай отырып, отарлау саясатын тереңнен жазу болған. Барлық уездерде басшылық жұмысы, тәртіп, тәрбие, заңдылық шаруалары «көп қорқытады, терең батырады» дегенге сәйкестеніп, мыңдаған орыстардың қазақ жеріне қоныстануы, оларға жасалатын жағдайды баяндау баршылық. Орыс мектептері де ашыла бас­тайды, оған қазақ жастарын да тартады. Орыс тілін жас ұрпақтың бойына дарыту бірінші кезекке қойылады. Көптеген уездерде билік орыстардың қолында болады. Торғай уезінің басқармасын капитан Алексей Авдеевич Молчанов басқарса, көмекшісі Т.А.Сейдалин болыпты. Ал ұжымдық хатшылықты К.Д.Чодольский атқарған. Сондай-ақ түрлі арыз, шағым, құжаттарды тәржімалауды О.Мәмбетұлы жүргізіпті. Уезд халқына медициналық қызмет еткен П.В.Доброболский, Бакин, Рогожниковтар және мал дәрігері В.Х.Элпидинг атқарса, байланыс бөлімін С.Т.Гаврилов басқарыпты. Сондай-ақ орыс-қазақ училищесінің мұғалімдері И.Г.Григорьев, шоқындырушы Киличков, мұғалім Есенғазы Бағин, ислам дінінен сабақ беруші М. Болғынбаев жұмыс атқарғанын газет деректерінен көреміз.
Торғай өңірінде орыс-қазақ қыздар училищесі, сол сықылды қол өнер училищесі де жастарға білім берген. Оларда Ахмет Балғынбаев ұстаздық еткен. Сол 1895 жылдың өзінде Торғай өңірінде көптеген ауылдық мектептер жұмыс атқарып, халыққа білім берумен айналысқан екен. «Қараторғай» болысы бойынша болыстық мектепті Тілеген Медетов басқарыпты. «Шұбалаң» болыстық мектебінде Салық Бабин, «Сарыторғай» болыстық мектебінде Ерназар Көбенов қызмет атқарғандығы туралы мақалаларда айтылған. Сонымен қатар болыстардың аты-жөні де назардан тыс қалмаған. Мәселен, «Шұбалаң» болысын Смағұл Токин басқарып, халық соты М.Итаяқов, Н.Бұзаубеков, Б.Атабаев, Ы.Бөкеевтер халыққа қызмет көрсеткендігі жайлы газет деректері көрсетеді. Мақалаларда олардың жұмысындағы жетістігі, кемшілігі баяндалады. «Торғай газетінің» 1902 жылғы 6-санында «Қабырға» болысын басқар­ған Абдезан Тұрғынбаев және Торғай ауыл мектебі ұжымы және Торғай болысының 1-ауылы, «Қараторғай», «Сарықопа» адамдары Баймұрат Түркебаевтың жұмылдыруымен өзен, көлдерден бөгет салып суармалы егісті жолға қойып тары дақылын өсіргенін, одан мол өнім алғанын газет мақаласы жұртқа жариялайды. «Бұл кәсіпті 1777 жылы «Қабырға» өңірінде туған Жарылғап Шармышевтен жалғасқан диқандық дәстүрді алты жүз жанұя жалғастырып ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп келеді» дейді газет мақаласында. Сөйтіп, олар жылына өндірген астықты әрбір жанұя бойынша 100-150 пұт тарыны сатуға мүмкіндік алған. Дамыл таппай жер өңдеп астық өсіру отырықшы елдің байлығына айналған. Олардан өнеге, тәжірибе алған «Кеңарал» болысын басқаратын Өміртай Аққошқаров, «Шұбар» болысын басқаратын Жүсіп Аманшаловтар жұртын егіншілікке жұмылдырғанын газет ашық жазыпты. Орынбор мұрағатынан көзіміз шалғаны ХVІІ ғасырдың 50-60 жылдарындағы орыс, қалмақ тарихы туралы кітапшаның 147 бетінен: «1747-1748 жылы Әбілқайыр хан ұлы Ералы екеуі Торғай өңірі «Борсық» құмын қыстаған» деген жолдардан аңғарғанымыз «Қазақ елінің қалың халқымен байланысып Ресейдің отарлау саясатының жымысқы тұсынан сақтануды хандар, билер болып ақылдасты ма екен?» деген ой келеді. Десек те, «Торғай» газетінде бұрынғы хандар мен билер туралы деректер жоқтың қасы. Басты бағыты да, тақырыбы да болыстар мен уездерде, облыс, губернияда Ресей патшалығының заңдары негізінде ғана мақала, хабарлар жазылыпты. Бір айта кетерлігі, газеттің кейбір сандарында фельетон айдарымен сыни мақала көрініп қалады және оны бірінші бетке орналас­тырады екен. Бірқатар уездерде басшылықта орыстар жоқ. Мысалы «Сарыторғай» болысында болыс Жүсіп Шонов, халық соты Айқадам Әутенов, Сырлыбай Керімбаев, Жүсіп Жауғашев, Тілеулі Қайсаров, Дабы Бекеновтер екенін оқыдық. «Қайдауыл» болысы Жүніс Қаратышқанов, ауылдық соты Жарылғас Көбегеновтердің есімдері аталады. Иә, олардың патшалы Ресей талабына қарай жұмыс атқаруы бақылауда, сараптауда болатыны белгілі. Мүлт кетсе газетте фельетонмен сынап тастайды. Сын, сықақ жанрының ерекшелігі сонда. «Сарыторғай» өңірін ауызға алғанда ерте заманда бой көтерген мешіттердің құрылысындағы ерекшелікті айтпай кету­ге болмас. Қабырғаға қаланған кірпіштердің арасында ауа қалдыруы арқылы қысқы аязда да бөлмелерге от жақпай-ақ жылылықты сақтап тұратынын көріп, біліп қазақтардың құрылыс салудағы ерекшелігіне таңғалғанбыз. Осы өңірдегі «Қыз моласы» (классик жазушы Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының кейіпкері деседі), «Шымылдық» және басқада кесенелердің кірпіштерінің әлі күнге міні құрымағанының құпиясы талай аңыз арқау болған. Сонау, 1552 жылдары бой көтерген «Жүніс» («Юнусов») және «Бай» («Байская») мешіттерінің құрылыс сапасы қазақ даласында жүзеге аса отырып ертеден дінге ұйытып, дін сабағын алатын оқу орыны болғанын ескерсек, кейбір Акимов сықылды шовинистердің қазақта жер болмаған деуі, олардың мекені Моңғолия мен Қытайда деп айтуы көрсоқырлық дер едік. Әріден басталатын тарихымызды білгісі келмесе «Торғай газетін» Орынбор мұрағатынан бір оқып шықсын. Осы газеттегі қаншама білімдар қазақтардың ұрпақты оқыту, медицина саласында қызмет көрсету, егіншілік, мал өсірудегі ғаламат еңбегін білсін. Патшалы Ресейдің отарлау саясаты, рейдерлік басқыншылығы аш қасқырдай талғамай жұтқан қыспағына түскен қазақтар 1840-1850 жылдарда Троицк, Челябі, Орынбор губернияларындағы алтын, тұз, балық өндірісінде құл есебінде еңбек еткен (Ф.6.О.10.Д.6305.Л.137). Қазақты кісісінбеу, қорлау, небір азапты көрсетіп, миына патша жендеттерінің қанқұйлылығын Акимов сықылдылардың ұмытпай жүруі еркін ел болғанымызды алмауы екені анық. Қазақ ондайға «Ішің күйсе тұз жала» деп қолын бір-ақ сілтеген. Дана ойлы Ғафудың «Торғай қазақтың Ленинграды» деуі тапқырлық, тарихи шындыққа көз жеткізетін асыл ой екенін түсініп «Тургайская газетадан» біраз ақиқатқа көзіміз жетті. Бұл газет 1911 жылға дейін Орынборда шығып, қазақ еліне тарап тұрған… Жамағатқа айтарымыз – тарихыңды біле жүріңіз. Сонда жандайшаптардың еліргенін басып, ешкімге жалтақтамай шындыққа жүгіндіре білесіз!

Табыл Құлияс

Ұқсас материалдар