Қандастар Ассамблея

Н.Сауранбаев ғылыми ізденістері

16.10.2013 3427
Жаңа бел алып жатқан зерттеу жұмыстарының сапасын арттырып, мазмұн-мәнін тереңдету үшін қаншама күш-жігер ортаға салынып, жоспар түзілді, бағыт-бағдар жасалды. Осы іс-тірліктің жүйелі жүргізілуіне септігі мол болған. «КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Хабаршысы» атты ғылыми журналдың «Тіл және Әдебиет» сериясын ұйымдастырып, оның дер кезінде, қажетті материалдардың жүйелі шығып тұруын қадағалаған да, басшылық жасаған да – Н.Сауранбаев. 1936 жылы қазақтың «Ұлт мәдениеті» институты ұйымдастырылып, оның құрамына тіл мамандары, әдебиетшілер және тарихшылар енгізілген болатын. Жоғарыда аталған институт осының негізінде құрылған. Ал кейін 1946 жылы тарих өз алдына жеке мекемеге айналады да, Тіл мен Әдебиет өз алдына институт атанды. Тіл мамандары мен әдебиетшілер 1961 жылы ғана жеке-жеке институт болып бөлініп шықты. Жоғарыда айтылғандардан біз Н.Сау­ранбаевтың ізденіс жолдары мен ғылыми ұйымдастыру жұмыстарын көреміз. Сонымен қатар ол ғылыми-зерттеу жұ­мыстарымен де үздіксіз айна­лысып отыр­ған. Оның ең алғашқы айтулы еңбегі ретінде 1940 жылы жарияланған «Қазақ тіліндегі көсемшелердің семан­тикасы мен функциялары» дейтін кө­лемді кітабын атауға болады. Еңбек орыс тілінде жазылған тұңғыш монография еді. Ленинградтағы Н.Я.Марр атындағы Тіл мен ойлау институты Н.Сауранбаевқа осы еңбегі үшін филология ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәреже береді. Қолжазба негізінде «Қазақ тіліндегі көсемшелер» деген атпен 1940 жылы жарияланады да, ол кейінірек 1944 жылы орыс тіліне аударылып қайта басылған. Н.Т.Сауранбаев ғылыми ізденісті одан ары тереңдете түседі. 1943 жылы «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» деген тақырып бойынша докторлық диссертация жазып бітіріп, оны қорғап шығады. Сонда қазақ тіл білімінен докторлық қорғаған топтың бастауында осы Нықаң тұрғаны анық. Ғылымның дамуы қоғамның дамуына орай өрбитіні белгілі. Қазақстан жағдайында да осы құбылысты үздіксіз байқап отыруға болады. Республиканың ғылыми-мәдени өмірі дами келе, 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясын құруға алып келді. Н.Сауранбаев тәрізді зерделі ғалым бұл ғылыми өмірден тыс қалмағаны мәлім. Академияның алғашқы сессиясында ол академияның толық мүшесі болып сайланды. Ұлттық академияның құрамына енген сол кездегі тұлғалардың төртеуі қоғамдық ғылым өкілдері еді. Атап айтқанда: жазушы, әдебиет зерттеушісі М.О.Әуезов, композитор, музыка зерттеушісі А.Қ.Жұбанов, лингвист түркітанушылар Н.Т.Сауранбаев және С.К.Кеңесбаев. Осыдан алпыс бес жылдай бұрын ашылған Ұлттық Ғылым академиясы республика тарихында тарихи мәні айрықша ірі оқиғаның бірі болып қалды. Міне, осы тарихи оқиғалардың басы-қасында Н.Т.Сауранбаевтың болуы, оның қаншалықты ірі тұлға екенінен хабар берсе керек. Ол қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы (кезіндегі атауы – төрағасы) қызметіне тағайындалады. Әрі президиум мүшесі ретінде қоғамдық ғылымдар саласы бойынша сан алуан тірліктің бастамашысы болды. Нақтылы жұмыстар мен келелі міндеттер туралы мақалалар жазды, талқылаулар өткізді, ойға жетелер сөздер сөйледі. Күні бүгінге дейін үзбей шығып келе жатқан «Қазақ КСР Ғылым академиясының Хабаршысы» (қоғамдық ғылымдар сериясы) сол кезде Н.Т.Сауранбаевтың жетекшілігімен шыға бастаған болатын. Қоғамдық ғылым­дар саласы бойынша атқарылар қаншама жұмыстар осы журнал бетінде жарияланып отырды. Сөйтіп, қоғамдық ғылымдардың даму арналары қалыптаса бастады. 1951 жылы Н.Т.Сауранбаев Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-президенті болып сайланады. Респуб­лика аумағындағы қоғамдық ғылымдар ауқымындағы зерттеу жұмыстарының бәрі академик Н.Т.Сауранбаевтың басқаруына өтеді, яғни бұл кезде жасалған жұмыстардың бәрінде Н.Сауранбаев қаламының табы жатыр. 1956-1958 жылдары Н.Т.Сауранбаев қазақ тілінің әлі онша зерттеле қоймаған тіл тарихы мен диалектологиясына зейін қоя бастағанын көреміз. Осы екі сала бо­йынша зерттеу жүргізіп, маман тәрбиелеу мақсатымен бөлім басқарады. Аталған мәселелерге арнап келелі мақалалар жазады. Бөлім қызметкерлерін күрделі мәселелерді қарастыруға жұмылдырады. Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ «Ана тілі»

Жаңа бел алып жатқан зерттеу жұмыстарының сапасын арттырып, мазмұн-мәнін тереңдету үшін қаншама күш-жігер ортаға салынып, жоспар түзілді, бағыт-бағдар жасалды. Осы іс-тірліктің жүйелі жүргізілуіне септігі мол болған. «КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Хабаршысы» атты ғылыми журналдың «Тіл және Әдебиет» сериясын ұйымдастырып, оның дер кезінде, қажетті материалдардың жүйелі шығып тұруын қадағалаған да, басшылық жасаған да – Н.Сауранбаев.
1936 жылы қазақтың «Ұлт мәдениеті» институты ұйымдастырылып, оның құрамына тіл мамандары, әдебиетшілер және тарихшылар енгізілген болатын. Жоғарыда аталған институт осының негізінде құрылған. Ал кейін 1946 жылы тарих өз алдына жеке мекемеге айналады да, Тіл мен Әдебиет өз алдына институт атанды. Тіл мамандары мен әдебиетшілер 1961 жылы ғана жеке-жеке институт болып бөлініп шықты.
Жоғарыда айтылғандардан біз Н.Сау­ранбаевтың ізденіс жолдары мен ғылыми ұйымдастыру жұмыстарын көреміз. Сонымен қатар ол ғылыми-зерттеу жұ­мыстарымен де үздіксіз айна­лысып отыр­ған. Оның ең алғашқы айтулы еңбегі ретінде 1940 жылы жарияланған «Қазақ тіліндегі көсемшелердің семан­тикасы мен функциялары» дейтін кө­лемді кітабын атауға болады. Еңбек орыс тілінде жазылған тұңғыш монография еді. Ленинградтағы Н.Я.Марр атындағы Тіл мен ойлау институты Н.Сауранбаевқа осы еңбегі үшін филология ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәреже береді. Қолжазба негізінде «Қазақ тіліндегі көсемшелер» деген атпен 1940 жылы жарияланады да, ол кейінірек 1944 жылы орыс тіліне аударылып қайта басылған.
Н.Т.Сауранбаев ғылыми ізденісті одан ары тереңдете түседі. 1943 жылы «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» деген тақырып бойынша докторлық диссертация жазып бітіріп, оны қорғап шығады. Сонда қазақ тіл білімінен докторлық қорғаған топтың бастауында осы Нықаң тұрғаны анық.
Ғылымның дамуы қоғамның дамуына орай өрбитіні белгілі. Қазақстан жағдайында да осы құбылысты үздіксіз байқап отыруға болады. Республиканың ғылыми-мәдени өмірі дами келе, 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясын құруға алып келді. Н.Сауранбаев тәрізді зерделі ғалым бұл ғылыми өмірден тыс қалмағаны мәлім. Академияның алғашқы сессиясында ол академияның толық мүшесі болып сайланды. Ұлттық академияның құрамына енген сол кездегі тұлғалардың төртеуі қоғамдық ғылым өкілдері еді. Атап айтқанда: жазушы, әдебиет зерттеушісі М.О.Әуезов, композитор, музыка зерттеушісі А.Қ.Жұбанов, лингвист түркітанушылар Н.Т.Сауранбаев және С.К.Кеңесбаев.
Осыдан алпыс бес жылдай бұрын ашылған Ұлттық Ғылым академиясы республика тарихында тарихи мәні айрықша ірі оқиғаның бірі болып қалды. Міне, осы тарихи оқиғалардың басы-қасында Н.Т.Сауранбаевтың болуы, оның қаншалықты ірі тұлға екенінен хабар берсе керек. Ол қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы (кезіндегі атауы – төрағасы) қызметіне тағайындалады. Әрі президиум мүшесі ретінде қоғамдық ғылымдар саласы бойынша сан алуан тірліктің бастамашысы болды. Нақтылы жұмыстар мен келелі міндеттер туралы мақалалар жазды, талқылаулар өткізді, ойға жетелер сөздер сөйледі. Күні бүгінге дейін үзбей шығып келе жатқан «Қазақ КСР Ғылым академиясының Хабаршысы» (қоғамдық ғылымдар сериясы) сол кезде Н.Т.Сауранбаевтың жетекшілігімен шыға бастаған болатын. Қоғамдық ғылым­дар саласы бойынша атқарылар қаншама жұмыстар осы журнал бетінде жарияланып отырды. Сөйтіп, қоғамдық ғылымдардың даму арналары қалыптаса бастады.
1951 жылы Н.Т.Сауранбаев Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-президенті болып сайланады. Респуб­лика аумағындағы қоғамдық ғылымдар ауқымындағы зерттеу жұмыстарының бәрі академик Н.Т.Сауранбаевтың басқаруына өтеді, яғни бұл кезде жасалған жұмыстардың бәрінде Н.Сауранбаев қаламының табы жатыр.
1956-1958 жылдары Н.Т.Сауранбаев қазақ тілінің әлі онша зерттеле қоймаған тіл тарихы мен диалектологиясына зейін қоя бастағанын көреміз. Осы екі сала бо­йынша зерттеу жүргізіп, маман тәрбиелеу мақсатымен бөлім басқарады. Аталған мәселелерге арнап келелі мақалалар жазады. Бөлім қызметкерлерін күрделі мәселелерді қарастыруға жұмылдырады.

Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ

«Ана тілі»

Ұқсас материалдар