Қандастар Ассамблея

Ғұбайдолла Айдаровтың еңбек жолы

16.10.2013 4811
Ерте есейген Ғұбекең тек екі-үш айлық «институттың» директоры ғана емес, 1944-1948-жылдары Красноводск, Небитдағ қалаларындағы мектеп­тердің (сірә, қазақ мектептері болар, әлде түрікпен аралас мектептер ме) мұғалімі болып, тіпті олардағы оқу ісінің меңгерушісі (директордың орынбасары) деген жауапты жүкті де арқалайды. Өмір жолын тәптіштеп тізіп көрсетіп отырған себебіміз есімін ардақтап, еске алып жатқан Ғұбекеңнің «тегін адам» еместігін, оның өзіне жүктелген міндетті атқара білетін, алдында көздеген мақсат-мұраты бар, ар-намысы күшті жан екенін баса айту еді. Осындай кісілік қасиеттер «тауда туып, таста өскен, ағайыннан басқа өскен» Ғұбайдолланы туған халқының топырағына – Жамбыл облысына алып келеді, тағы да оқу-ағарту ісіне кіріседі, мектеп директоры болады. Жұмыс істей жүріп Шымкенттегі екі жылдық оқытушылар институтында, кейінірек Абай атындағы педагогикалық институтта сырттай оқып, диплом алып шығады. Есейе түскен Ғұбекең Алматыға келеді, С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеттің аспирантурасына түседі. Бұл – енді ғылым атты шырқау шыңға шықсам деген мақсаты мен сол жолдағы іс-әрекетін танытады. Институттарда алған білім-танымдары педагогика саласына, оның ішінде филологияға жататындықтан, сол ғылымды қандай тақырыппен зерттеуден бастау керек? Ол да – оңай шаруа емес, Ғұбекеңді ойлантқан тұс. Айдар баласы Ғұбайдолла ғылым есігін ашар болған 1950 жылдардың басында Қазақ тіл білімі атты ғылым саласының негізгі зерттеу нысандары – қазақ тілінің грамматикасы, фонетикасы, лексикографиясы (сөздіктер жасау), диалектология тарамдары болатын. Бұл кезде қазақ тіл мамандары одақтық, не дүниежүзілік үлкен түркологияға (түркітануға) әлі бармаған-ды. Әрине, бұл саланы елемегендіктен емес, маман ғалымдар күші жоқтығынан еді. Түркологияның қай тақырыбын да өзінің білім-білігімен игере алатын, өзіне сенетін «жүрек жұтқандар» болмаса, екінің бірі бара қоймайтын. Бала шағынан аты түркі болғанмен, қыпшақ тобындағы қазақ тілінен бөлектеу оғыз тобындағы түрікпен тілді ортада өскендіктен, нағыз қазақ мектептерінен сусындай алмағанын сезді ме, «қазақ тіліне қатысты тақырыптарды зерттеп, жарыта қоймаспын» деп жүрексінді ме, – әйтеуір түркологиялық қиын бағытқа бет бұруды қалады. Оның үстіне бұған объективті факторлар да себеп болды. Ғұбекең аспирант болып, оқи бастаған кезде белгілі моңғол, түркі тілдерін зерттеуші ғалым Церен Доржы Номинханов ұйымдастырған бір үйірме болды. Ол үйірмеде сөз болатын көне түркі жазуы, ол жазудің үлгісін қалдырған өте ертедегі V-VIII ғасырларда жасап өткен бабалар тілі қызықтырған аспирант кандидаттық жұмысының тақырыбы етіп «Тоныкөк ескерткіштерінің тілі және оның қазіргі кейбір түркі тілдеріне қатысы» дегенді таңдады. Табиғатынан зерек, қолға алған жұмысына мейлінше жауапты қарауға дағдыланған Ғұбекең «инемен құдық қаза бастайды» – алдымен, «көне түркі жазулары деген не, оны көрсететін тасқа қашалған – «сызылған» сөздер қайдан, қашан табылған, кімдер жазған», не жазған, сырын кімдер, қашан ашқан деген сан алуан мағлұматтарды алу үшін екі ғасыр бойы зерттеліп, шет тілдерде, көбінесе орыс, неміс тілдерінде жарияланған еңбектерді оқуға кірісті. Оларды оқып, танысып алудың өзі де Ғұбекеңе оңайға соқпады: шет тіл­дерді былай қойғанда, орыс тілінде жа­зыл­ған­дарға Айдаровтың «түрікпенше орысшасы» жетпей жатты, оны жетілдіре түсу де қосымша жүк болды. Орыс тілін жақсы білу тек оқып, түсіну үшін ғана емес, осы тілде ғылыми еңбектер жазу үшін де керек болды. Оны да игерді. Сөйтіп, қазақ тіл білімінде түркологиялық зерттеулерге жол салынды. Жол салушылардың бірі ғана емес, ең ілгергісі, ең өнімді еңбек еткені – Ғұбайдолла Айдаров болды. Әрине, бұл жолды Ғ.Айдаров жалғыз өзі салып, жалғыз жалғастырды деуге болмас, дегенмен оның бұл саладағы еңбегі ересен екенін баса айтуға болады. Қазақ тіл мамандарының ішінде түркологиялық білім-танымның негіздерін Мәскеу, Ленинград сияқты орталықтардың университеттерінде оқып, оны жақсы біліп келген, сондай-ақ Алматыдағы университет пен пединституттың филология факультеттерінде оқыған жастар көне түркі сына жазуы жайында, Орхон-Енисей ескерткіштер тілінің жеке тақырыптарын, әсіресе XIII-XVI ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің тілін зерттеуде айтарлықтай жұмыстар атқарды. Олардың қатарында А.Аманжолов, Е.Ағыманов, М.Мәженова, Ә.Құрышжанов, Ә.Ибатов, Ә.Керімов, Қ.Өмірәлиев, Б.Сағындықов, Р.Сыздықова т.б. сияқты ғалымдардың есімдері аталып жүр. Бұлардың көбі түр­кология тақырыптарына Ғ.Айдаровтан кейін өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап кірісті (ал Ғұбекеңнің көне түркі жазуы мен ескерткіштерінің тілі туралы мақалалары 1950 жылдардың соңынан бастап жарияланған болатын). Демек, Ғ.Айдаровты бұл салаға алғашқы түрен салушы, жол бастаушы деуге болады. Ашылған жолмен алға қарай жүруді Ғұбекең әрі қарай жалғастырды. 1974 жылы «Орхон-Енисей және Талас ес­керткіштерінің лексикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация жазып, Бакуде жақсы қорғады. Монографиялары жарық көрді: «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» – орыс тілінде (1971 және 1986 ж.), «Орхон ескерткіштері­нің тексі» (1991 ж.), «Көне түркі жазуларынан материалдар» (1966 ж.). Язык памятника Кюль-тегина VIII в.» (1993), «Күлтегін ескерткіші (1995 ж.), «Тоныкөк ескерткішінің тілі, VIII ғ. (2000). «Язык орхонского памятника Бильге-Кагана» (1966); «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (Павлодар, 2010), «Язык орхонских памятников древнетюркской письменности VII века» (1971). Ғ.Айдаровтың зерттеу жұмыстары­ның көбі (200-ден астам) мақала түрінде ғылыми және көпшілікке арналған журналдарда, жинақтарда оқу-ағартуға арналған журналдарда қазақ, орыс, түрікпен тілдерінде жарық көрді. Қысқасы, ғылым әлеміне енген 40 жылдан астам уақыттың барысында Ғ.Айдаровтың қаламынан ірілі-ұсақты 20-ға тарта басылым (кітап), 200-ден астам ғылыми мақала шыққан екен. Бұл аталған еңбектің нәтижесі мен құндылығын арнайы ғылыми талдаулармен жазып көрсетуге болады, ол – өз алдына мәселе. Ал қысқаша айтқанда, бұл еңбектері арқылы ғалым, алдымен қазақ жұртшылығын, әсіресе студент жастар мен олардың оқытушыларын ертедегі ата-бабаларымыздың мәдени-рухани дүниесімен қазақ тілінде кеңінен таныс­тырды. Атап айтқанда, көне түркі сына жазуы сияқты талай заман сырын ашып, тани алмай келген жұмбақ та сиқырлы таңбаларды 1898 жылы тұңғыш рет дат ғалымы Томсен мен 1894 жылы онымен қатарласа жұмбақ тас жазуларының кілтін ашқан орыс ғалымы В.В.Радлов екенін білеміз. Бұлардан кейін білгеніміз – ертедегі түркі халықтарының дүниежү­зін­де мұндай да кереметке ие екендігіне таңдай қаға отырып, әр қырынан зерттей бастағандар, әрине, еуропалықтар мен орыс ғалымдары болғаны. Осылардың ізін ала XX ғасыр­дың орта тұсында өз бабаларының 10-15 ғасыр бұрынғы мәдени-рухани дүниесін танытуға кіріскен қазақ ғалымы Ғұбайдолла Айдаров екендігін жоғарыда аталып көрсетілген еңбектерінен біліп отырмыз. Ғұбекең екінің бірі бара алмайтын қиын іске барды, саналы түрде, өз күш-қабілетін жақсы біліп барды. Бұл күшін бір орында – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында табан аудармастан 40 жылдай отырып көрсете білді, ақшасы молдау, атақты көбірек беретін өзге жерлерге бармады. «Теңдесі жоқ еңбекті елемедіңдер деп, сегіз баламды еркін ойнатып өсіретін үй-жайым да болған жоқ деп (жұмыс істейтін жеке кабинетті былай қойғанда дегендей), қаланың ең шетінен жалдап тұрған үйден жұмысқа жететін көлігім, оны алатын ақшам да жоқ болды» деп ешкімге міндет артқан жоқ. «Соған қарамастан том-том кітап жаздым, ғалым атандым, 5 ұл, 3 қызыма жоғары білім бергіздім, оларды абыройлы, іскер азаматтар етіп тәрбиеледім» деп те ешкімге қыр көрсеткен жоқ. Бұл ретте Ғұбекеңді эпосшы жырауларымыз айтқандай, ұлдар өсіріп, Алашқа аттарын жайғызған, қыздар өсіріп, алаштан бекзат келтірген бақытты әке, жарты ғасырдан астам шаңырағының отанасы болған Балжандай қосағын сыйлап өткен отағасысы. Бұл да замандас, сыйлас әріптестерін сүйіндірген, артындағы ұрпақтарға үлгі-өнеге болған кісілік сипатының тағы бір қырын танытса керек.   Рабиға Сыздық «Ана тілі»

Ерте есейген Ғұбекең тек екі-үш айлық «институттың» директоры ғана емес, 1944-1948-жылдары Красноводск, Небитдағ қалаларындағы мектеп­тердің (сірә, қазақ мектептері болар, әлде түрікпен аралас мектептер ме) мұғалімі болып, тіпті олардағы оқу ісінің меңгерушісі (директордың орынбасары) деген жауапты жүкті де арқалайды. Өмір жолын тәптіштеп тізіп көрсетіп отырған себебіміз есімін ардақтап, еске алып жатқан Ғұбекеңнің «тегін адам» еместігін, оның өзіне жүктелген міндетті атқара білетін, алдында көздеген мақсат-мұраты бар, ар-намысы күшті жан екенін баса айту еді. Осындай кісілік қасиеттер «тауда туып, таста өскен, ағайыннан басқа өскен» Ғұбайдолланы туған халқының топырағына – Жамбыл облысына алып келеді, тағы да оқу-ағарту ісіне кіріседі, мектеп директоры болады. Жұмыс істей жүріп Шымкенттегі екі жылдық оқытушылар институтында, кейінірек Абай атындағы педагогикалық институтта сырттай оқып, диплом алып шығады.
Есейе түскен Ғұбекең Алматыға келеді, С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеттің аспирантурасына түседі. Бұл – енді ғылым атты шырқау шыңға шықсам деген мақсаты мен сол жолдағы іс-әрекетін танытады. Институттарда алған білім-танымдары педагогика саласына, оның ішінде филологияға жататындықтан, сол ғылымды қандай тақырыппен зерттеуден бастау керек? Ол да – оңай шаруа емес, Ғұбекеңді ойлантқан тұс.
Айдар баласы Ғұбайдолла ғылым есігін ашар болған 1950 жылдардың басында Қазақ тіл білімі атты ғылым саласының негізгі зерттеу нысандары – қазақ тілінің грамматикасы, фонетикасы, лексикографиясы (сөздіктер жасау), диалектология тарамдары болатын. Бұл кезде қазақ тіл мамандары одақтық, не дүниежүзілік үлкен түркологияға (түркітануға) әлі бармаған-ды. Әрине, бұл саланы елемегендіктен емес, маман ғалымдар күші жоқтығынан еді. Түркологияның қай тақырыбын да өзінің білім-білігімен игере алатын, өзіне сенетін «жүрек жұтқандар» болмаса, екінің бірі бара қоймайтын.
Бала шағынан аты түркі болғанмен, қыпшақ тобындағы қазақ тілінен бөлектеу оғыз тобындағы түрікпен тілді ортада өскендіктен, нағыз қазақ мектептерінен сусындай алмағанын сезді ме, «қазақ тіліне қатысты тақырыптарды зерттеп, жарыта қоймаспын» деп жүрексінді ме, – әйтеуір түркологиялық қиын бағытқа бет бұруды қалады. Оның үстіне бұған объективті факторлар да себеп болды. Ғұбекең аспирант болып, оқи бастаған кезде белгілі моңғол, түркі тілдерін зерттеуші ғалым Церен Доржы Номинханов ұйымдастырған бір үйірме болды. Ол үйірмеде сөз болатын көне түркі жазуы, ол жазудің үлгісін қалдырған өте ертедегі V-VIII ғасырларда жасап өткен бабалар тілі қызықтырған аспирант кандидаттық жұмысының тақырыбы етіп «Тоныкөк ескерткіштерінің тілі және оның қазіргі кейбір түркі тілдеріне қатысы» дегенді таңдады.
Табиғатынан зерек, қолға алған жұмысына мейлінше жауапты қарауға дағдыланған Ғұбекең «инемен құдық қаза бастайды» – алдымен, «көне түркі жазулары деген не, оны көрсететін тасқа қашалған – «сызылған» сөздер қайдан, қашан табылған, кімдер жазған», не жазған, сырын кімдер, қашан ашқан деген сан алуан мағлұматтарды алу үшін екі ғасыр бойы зерттеліп, шет тілдерде, көбінесе орыс, неміс тілдерінде жарияланған еңбектерді оқуға кірісті. Оларды оқып, танысып алудың өзі де Ғұбекеңе оңайға соқпады: шет тіл­дерді былай қойғанда, орыс тілінде жа­зыл­ған­дарға Айдаровтың «түрікпенше орысшасы» жетпей жатты, оны жетілдіре түсу де қосымша жүк болды. Орыс тілін жақсы білу тек оқып, түсіну үшін ғана емес, осы тілде ғылыми еңбектер жазу үшін де керек болды. Оны да игерді.
Сөйтіп, қазақ тіл білімінде түркологиялық зерттеулерге жол салынды. Жол салушылардың бірі ғана емес, ең ілгергісі, ең өнімді еңбек еткені – Ғұбайдолла Айдаров болды. Әрине, бұл жолды Ғ.Айдаров жалғыз өзі салып, жалғыз жалғастырды деуге болмас, дегенмен оның бұл саладағы еңбегі ересен екенін баса айтуға болады. Қазақ тіл мамандарының ішінде түркологиялық білім-танымның негіздерін Мәскеу, Ленинград сияқты орталықтардың университеттерінде оқып, оны жақсы біліп келген, сондай-ақ Алматыдағы университет пен пединституттың филология факультеттерінде оқыған жастар көне түркі сына жазуы жайында, Орхон-Енисей ескерткіштер тілінің жеке тақырыптарын, әсіресе XIII-XVI ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің тілін зерттеуде айтарлықтай жұмыстар атқарды. Олардың қатарында А.Аманжолов, Е.Ағыманов, М.Мәженова, Ә.Құрышжанов, Ә.Ибатов, Ә.Керімов, Қ.Өмірәлиев, Б.Сағындықов, Р.Сыздықова т.б. сияқты ғалымдардың есімдері аталып жүр. Бұлардың көбі түр­кология тақырыптарына Ғ.Айдаровтан кейін өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап кірісті (ал Ғұбекеңнің көне түркі жазуы мен ескерткіштерінің тілі туралы мақалалары 1950 жылдардың соңынан бастап жарияланған болатын). Демек, Ғ.Айдаровты бұл салаға алғашқы түрен салушы, жол бастаушы деуге болады.
Ашылған жолмен алға қарай жүруді Ғұбекең әрі қарай жалғастырды. 1974 жылы «Орхон-Енисей және Талас ес­керткіштерінің лексикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация жазып, Бакуде жақсы қорғады. Монографиялары жарық көрді: «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» – орыс тілінде (1971 және 1986 ж.), «Орхон ескерткіштері­нің тексі» (1991 ж.), «Көне түркі жазуларынан материалдар» (1966 ж.). Язык памятника Кюль-тегина VIII в.» (1993), «Күлтегін ескерткіші (1995 ж.), «Тоныкөк ескерткішінің тілі, VIII ғ. (2000).
«Язык орхонского памятника Бильге-Кагана» (1966); «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (Павлодар, 2010), «Язык орхонских памятников древнетюркской письменности VII века» (1971).
Ғ.Айдаровтың зерттеу жұмыстары­ның көбі (200-ден астам) мақала түрінде ғылыми және көпшілікке арналған журналдарда, жинақтарда оқу-ағартуға арналған журналдарда қазақ, орыс, түрікпен тілдерінде жарық көрді. Қысқасы, ғылым әлеміне енген 40 жылдан астам уақыттың барысында Ғ.Айдаровтың қаламынан ірілі-ұсақты 20-ға тарта басылым (кітап), 200-ден астам ғылыми мақала шыққан екен.
Бұл аталған еңбектің нәтижесі мен құндылығын арнайы ғылыми талдаулармен жазып көрсетуге болады, ол – өз алдына мәселе. Ал қысқаша айтқанда, бұл еңбектері арқылы ғалым, алдымен қазақ жұртшылығын, әсіресе студент жастар мен олардың оқытушыларын ертедегі ата-бабаларымыздың мәдени-рухани дүниесімен қазақ тілінде кеңінен таныс­тырды. Атап айтқанда, көне түркі сына жазуы сияқты талай заман сырын ашып, тани алмай келген жұмбақ та сиқырлы таңбаларды 1898 жылы тұңғыш рет дат ғалымы Томсен мен 1894 жылы онымен қатарласа жұмбақ тас жазуларының кілтін ашқан орыс ғалымы В.В.Радлов екенін білеміз. Бұлардан кейін білгеніміз – ертедегі түркі халықтарының дүниежү­зін­де мұндай да кереметке ие екендігіне таңдай қаға отырып, әр қырынан зерттей бастағандар, әрине, еуропалықтар мен орыс ғалымдары болғаны. Осылардың ізін ала XX ғасыр­дың орта тұсында өз бабаларының 10-15 ғасыр бұрынғы мәдени-рухани дүниесін танытуға кіріскен қазақ ғалымы Ғұбайдолла Айдаров екендігін жоғарыда аталып көрсетілген еңбектерінен біліп отырмыз.
Ғұбекең екінің бірі бара алмайтын қиын іске барды, саналы түрде, өз күш-қабілетін жақсы біліп барды. Бұл күшін бір орында – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында табан аудармастан 40 жылдай отырып көрсете білді, ақшасы молдау, атақты көбірек беретін өзге жерлерге бармады. «Теңдесі жоқ еңбекті елемедіңдер деп, сегіз баламды еркін ойнатып өсіретін үй-жайым да болған жоқ деп (жұмыс істейтін жеке кабинетті былай қойғанда дегендей), қаланың ең шетінен жалдап тұрған үйден жұмысқа жететін көлігім, оны алатын ақшам да жоқ болды» деп ешкімге міндет артқан жоқ. «Соған қарамастан том-том кітап жаздым, ғалым атандым, 5 ұл, 3 қызыма жоғары білім бергіздім, оларды абыройлы, іскер азаматтар етіп тәрбиеледім» деп те ешкімге қыр көрсеткен жоқ. Бұл ретте Ғұбекеңді эпосшы жырауларымыз айтқандай, ұлдар өсіріп, Алашқа аттарын жайғызған, қыздар өсіріп, алаштан бекзат келтірген бақытты әке, жарты ғасырдан астам шаңырағының отанасы болған Балжандай қосағын сыйлап өткен отағасысы. Бұл да замандас, сыйлас әріптестерін сүйіндірген, артындағы ұрпақтарға үлгі-өнеге болған кісілік сипатының тағы бір қырын танытса керек.
 

Рабиға Сыздық

«Ана тілі»

Ұқсас материалдар