Қандастар Ассамблея

Техникалық терминдерді жасаудағы ізденістер

16.10.2013 8711
Техникалық терминдердің ширайтын, орнығатын жері өндіріс десек, ол термин-ұғымдарды сала мамандарымен қоян-қолтық араласа жүріп жасайтын – сол өндірістегі аудармашылар. Алғашқы тәжірибе – «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы сырттағы аудармашылар ұжымына тапсырып, осыдан он жыл бұрын 2002 жылы әзірленіп, мемлекеттік терминология комиссиясы мақұлдаған мұнай-газ саласы терминдерінің қазақша-орысша-ағылшынша үш тілдік, үш нұсқалы сөздігін жасап шығарды. Ондағы нұсқалардың кейбіріне сол салада тікелей еңбек етіп жүрген мамандар келісе қоймағанымен, тәжірибе ретінде құптауға лайық, саралап қолданып келеміз. Оның электронды нұсқасын компанияда барлық компьютерге орнаттық, кітап түріндегі нұсқасын және басқа да техникалық сөздіктерді, әмбебап сөздіктер топтамасын орталық аппаратта әрбір қызметкердің қолына ұстаттық. Осы орайда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің түрлі сөздіктер, көмекші құралдар беру арқылы жасап отырған зор көмегін ризашылықпен атап айтуымыз керек. Енді Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылдануына байланыс­ты терминдер жасаудың жаңа кезеңі басталды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінен түскен тапсырмаға орай біздің бас ұйымымыз «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қазақ тіліндегі салалық терминдерді әзірлеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия кұрды, оның ережесін бекітті. Комиссия тоқсанына бір рет жиналады. Оның кұрамына «ҚазМұнайГазға» қарайтын еншілес ұйымдардан өкілдер тартылған. Комиссия төрағасы «ҚазМұнайГаз» орталық аппаратының басшысы, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Андар Мәулешұлы Шоқпытов. «ҚазТрансОйлдың» өкілі ретінде мен осы комиссияға мүшемін. Әрбір еншілес ұйым комиссияға тоқсанына кемінде он бес термин ұсынуға міндетті. Комиссия талқылап, мақұлдаған ұсыныстар үстімізде тұрған мемлекеттік уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігіне жіберіледі, министрлік өз кезегінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетіне Терминология комиссиясына жолдайды. Осы бір жылдай уақыттың ішінде «ҚазМұнайГаз» терминология комиссиясы жүз қаралы термин сөзге қатысты ұсыныс енгізді, бірақ олардың қабылданған-қабылданбаған жай-күйі бізге белгісіз. Тіл комитеті осындай ұсыныс енгізген ұйымдарға оның жайы туралы хабарлап отырса не баспасөзде жариялап көпшілік талқылауына салып, пысықтап алса, тіпті құба-құп болар еді. Сонда бір термин қазір кездесіп қалатындай, бірнеше қайтара бекітіліп, әр сөздікте әркелкі алынбас еді. Өзімізде құрылған терминологиялық комиссияның пайдалы екендігін көріп отырмыз. Бұл жерде тілшілер мен сала мамандары бір мүддеге жұмылады. Аудармашылар өздеріне күнделікті кездесетін сөздерді мамандармен ақылдаса отырып, өздері тапқан қазақша баламаларымен ұсынып келеді. Біз өзіміз жасаған сөздерден мысал келтірейін. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ қазақ тіліндегі салалық терминдерді әзірлеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының қарауына «ҚазТрансОйл» АҚ ұсынған терминдер жобасы мынадай: Агрессивная среда ­– жегі орта Антиокислитель – уытқайырғыш Балансировщик – теңгерімдеуші Вымывание – шайылу Высоконапорный – жоғары арынды Вытяжная вентиляция – сорма желдеткіш Габарит – ауқым, қомақ (қорам, кенер, сыртмөлшер, нықпішін – техникалық сөздіктерде) Глубокая очистка – жете тазалау Горячая линия – қауырт желі Гофрированная трубка – бүрмелі (кеңірдекше) түтік Датчик – сезгі (сезбек) (қадаға – Sozdik.kz компьютерлік сөздік) Диагностика – ізерлеу Дрель – тескі Дуальный – қосақтамалы Дюбель – мықшеге Запас – босалқы (қор) Запасная часть – босалқы бөлшек Калибровка – мөлшерлеу Капельница – тамшылауыш Кворум – көпшілік құрам (толық жиналым – қазақша-орысша, орысша-қазақша қоғамдық ғылымдар терминдерінің сөздігі, Алматы, 2010, «Фирма «Орнак» ЖШС); жиналым – Sozdik.kz компьютерлік сөздік) кворум Ключевые – жоталы, түйінді Кнопка – батырма Компрессор – сығымдағыш Консервант – айнытпауыш Корпоратив(ный) – топ (топтық) Кумулятивный – шоғырланбалы Маркер – таңбалуыш Мобильный остаток – ақаба (сарқынды) қалдық Муфта – жалғастырғыш Мышка – жортпаш (терминком тінтуір деп бекітті, осылай қолданып жүрміз) Нефтесносность – мұнайлылық Нефтеотдача – мұнай түсімі Обвязка – байламдау Обеспечение – қамсыздама Огнеупорщик – оттөзім қалаушы Окрошка – көккөже Отстойник – тұндырғыш Очное заседание – бас қосқан отырыс Пилотный проект – аңдау жоба Пипетка – тамызғы Пирс – сукөген Плата за проживание – тұрғынақы Подпорный насос – тірек сорап Подставка – тұғыр Понтон – қалқыма Портальный кран – төрт тағанды шығыран Посетитель – келермен Презентация – таныстырым Приточная вентиляция – үрлеме желдеткіш Просечно-вытяжная листовая сталь – кесіліп тартылған қаңылтыр Простой – қаңтарылу Противогаз – газтұмша Расшифровка – ежіктеме Резервуар – сұйыққойма (жергілікті мамандар «қазан» деп атайды) Рейтинг – дәреже Сегрегированное хранение – сұрыптап сақтау (мағынасы: түрлі мұнайды бөлек-бөлек сақтау) Сенсор – сезгіш Скоба – қапсырма (тоғын) Скотч – үлбір желім Станок винторезный – бұрама кескіш білдегі Станок сверлильный – бұрғылау білдегі Станок шлифовально-заточный – ажарлау-қайрау білдегі Стикер – тілше Тонкая очистка – қанық тазалау Трехжильный – үш тінді Трубопроводчик – құбыршы Трубоукладчик – құбыр төсеуші Уровень – деңгейлеуіш Уровномер – деңгей өлшеуіш Утечка – жылыстау Форсунка – бүріккіш Фундамент – негіз Шинопровод – байпан шеген (шина – шина, байпан; шинопровод – шинаұстағыш, байпан ұстағыш – техникалық сөздікте) Шлем – дулыға Шуруп – бұрандаша Электроталь – электр көтергі Электротельфер – электр шығыр Эмульгатор – тәбеттеуіш қоспа. Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ «Ана тілі»

Техникалық терминдердің ширайтын, орнығатын жері өндіріс десек, ол термин-ұғымдарды сала мамандарымен қоян-қолтық араласа жүріп жасайтын – сол өндірістегі аудармашылар.
Алғашқы тәжірибе – «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы сырттағы аудармашылар ұжымына тапсырып, осыдан он жыл бұрын 2002 жылы әзірленіп, мемлекеттік терминология комиссиясы мақұлдаған мұнай-газ саласы терминдерінің қазақша-орысша-ағылшынша үш тілдік, үш нұсқалы сөздігін жасап шығарды. Ондағы нұсқалардың кейбіріне сол салада тікелей еңбек етіп жүрген мамандар келісе қоймағанымен, тәжірибе ретінде құптауға лайық, саралап қолданып келеміз. Оның электронды нұсқасын компанияда барлық компьютерге орнаттық, кітап түріндегі нұсқасын және басқа да техникалық сөздіктерді, әмбебап сөздіктер топтамасын орталық аппаратта әрбір қызметкердің қолына ұстаттық. Осы орайда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің түрлі сөздіктер, көмекші құралдар беру арқылы жасап отырған зор көмегін ризашылықпен атап айтуымыз керек.

Енді Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылдануына байланыс­ты терминдер жасаудың жаңа кезеңі басталды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінен түскен тапсырмаға орай біздің бас ұйымымыз «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қазақ тіліндегі салалық терминдерді әзірлеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия кұрды, оның ережесін бекітті. Комиссия тоқсанына бір рет жиналады. Оның кұрамына «ҚазМұнайГазға» қарайтын еншілес ұйымдардан өкілдер тартылған. Комиссия төрағасы «ҚазМұнайГаз» орталық аппаратының басшысы, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Андар Мәулешұлы Шоқпытов. «ҚазТрансОйлдың» өкілі ретінде мен осы комиссияға мүшемін. Әрбір еншілес ұйым комиссияға тоқсанына кемінде он бес термин ұсынуға міндетті. Комиссия талқылап, мақұлдаған ұсыныстар үстімізде тұрған мемлекеттік уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігіне жіберіледі, министрлік өз кезегінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетіне Терминология комиссиясына жолдайды. Осы бір жылдай уақыттың ішінде «ҚазМұнайГаз» терминология комиссиясы жүз қаралы термин сөзге қатысты ұсыныс енгізді, бірақ олардың қабылданған-қабылданбаған жай-күйі бізге белгісіз. Тіл комитеті осындай ұсыныс енгізген ұйымдарға оның жайы туралы хабарлап отырса не баспасөзде жариялап көпшілік талқылауына салып, пысықтап алса, тіпті құба-құп болар еді. Сонда бір термин қазір кездесіп қалатындай, бірнеше қайтара бекітіліп, әр сөздікте әркелкі алынбас еді. Өзімізде құрылған терминологиялық комиссияның пайдалы екендігін көріп отырмыз. Бұл жерде тілшілер мен сала мамандары бір мүддеге жұмылады. Аудармашылар өздеріне күнделікті кездесетін сөздерді мамандармен ақылдаса отырып, өздері тапқан қазақша баламаларымен ұсынып келеді.
Біз өзіміз жасаған сөздерден мысал келтірейін. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ қазақ тіліндегі салалық терминдерді әзірлеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының қарауына «ҚазТрансОйл» АҚ ұсынған терминдер жобасы мынадай:
Агрессивная среда ­– жегі орта
Антиокислитель – уытқайырғыш
Балансировщик – теңгерімдеуші
Вымывание – шайылу
Высоконапорный – жоғары арынды
Вытяжная вентиляция – сорма желдеткіш
Габарит – ауқым, қомақ
(қорам, кенер, сыртмөлшер, нықпішін – техникалық
сөздіктерде)
Глубокая очистка – жете тазалау
Горячая линия – қауырт желі
Гофрированная трубка – бүрмелі (кеңірдекше) түтік
Датчик – сезгі (сезбек)
(қадаға – Sozdik.kz компьютерлік сөздік)
Диагностика – ізерлеу
Дрель – тескі
Дуальный – қосақтамалы
Дюбель – мықшеге
Запас – босалқы (қор)
Запасная часть – босалқы бөлшек
Калибровка – мөлшерлеу
Капельница – тамшылауыш
Кворум – көпшілік құрам
(толық жиналым – қазақша-орысша, орысша-қазақша қоғамдық ғылымдар терминдерінің сөздігі, Алматы, 2010, «Фирма «Орнак» ЖШС);
жиналым – Sozdik.kz компьютерлік сөздік) кворум
Ключевые – жоталы, түйінді
Кнопка – батырма
Компрессор – сығымдағыш
Консервант – айнытпауыш
Корпоратив(ный) – топ (топтық)
Кумулятивный – шоғырланбалы
Маркер – таңбалуыш
Мобильный остаток – ақаба (сарқынды) қалдық
Муфта – жалғастырғыш
Мышка – жортпаш (терминком тінтуір деп бекітті, осылай қолданып жүрміз)
Нефтесносность – мұнайлылық
Нефтеотдача – мұнай түсімі
Обвязка – байламдау
Обеспечение – қамсыздама
Огнеупорщик – оттөзім қалаушы
Окрошка – көккөже
Отстойник – тұндырғыш
Очное заседание – бас қосқан отырыс
Пилотный проект – аңдау жоба
Пипетка – тамызғы
Пирс – сукөген
Плата за проживание – тұрғынақы
Подпорный насос – тірек сорап
Подставка – тұғыр
Понтон – қалқыма
Портальный кран – төрт тағанды шығыран
Посетитель – келермен
Презентация – таныстырым
Приточная вентиляция – үрлеме желдеткіш
Просечно-вытяжная листовая сталь – кесіліп тартылған қаңылтыр
Простой – қаңтарылу
Противогаз – газтұмша
Расшифровка – ежіктеме
Резервуар – сұйыққойма (жергілікті мамандар «қазан» деп атайды) Рейтинг – дәреже
Сегрегированное хранение – сұрыптап сақтау (мағынасы: түрлі мұнайды бөлек-бөлек сақтау)
Сенсор – сезгіш
Скоба – қапсырма (тоғын)
Скотч – үлбір желім
Станок винторезный – бұрама кескіш білдегі
Станок сверлильный – бұрғылау білдегі
Станок шлифовально-заточный – ажарлау-қайрау білдегі
Стикер – тілше
Тонкая очистка – қанық тазалау
Трехжильный – үш тінді
Трубопроводчик – құбыршы
Трубоукладчик – құбыр төсеуші
Уровень – деңгейлеуіш
Уровномер – деңгей өлшеуіш
Утечка – жылыстау
Форсунка – бүріккіш
Фундамент – негіз
Шинопровод – байпан шеген
(шина – шина, байпан; шинопровод – шинаұстағыш, байпан ұстағыш – техникалық сөздікте)
Шлем – дулыға
Шуруп – бұрандаша
Электроталь – электр көтергі
Электротельфер – электр шығыр
Эмульгатор – тәбеттеуіш қоспа.

Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ

«Ана тілі»