Қандастар Ассамблея

Отырар – өркениет бастауы

16.10.2013 4360
Отырар – мыңдаған жылдар бойы отырықшы елдер мен көшпенділер өркениетінің та­биғи шекарасы болған Сырдария өзенінің шұрайлы жағалауында орналасқан. Тарихтан сыр шертетін мына бір деректерге назар аударып көрейікші: Қытай жеріндегі Алтын империясымен соғысып жатқан Шыңғыс хан әскерлері арасында сауда жасап, мол олжамен оралған Хорезм саудагерлері Отырар қаласына келіп тоқтайды. Хорезм мемлекетін жаулап алмақ болған Шыңғыс хан 1219 жылдың қыркүйек айында Отырар қаласына келіп, қаланы қоршауға алады. 400 мың әскермен Қытайды жаулап алмақ болып, Самарқан қаласынан шыққан Ақсақ Темір жолда Отырарда қайтыс болады. 1391 жылы қаңтар айында Тоқтамысқа қарсы бірінші жорығына шыққан Ақсақ Темір Отырарға келді. Одан ары жорық жолы Ұлытау-Жыланшық-Аманқарағай-Тобыл-Жайыққа жалғасты. Осы және басқа да оқиғалардың бәрінде жорықшылардың түпкі баратын жері – Отырарға тіреле беруінің сыры неде? Мұның бәрі кездейсоқтық па? Қытай жерінен оралған саудагерлердің негізгі баратын бағыты Самарқан қаласы болды? Егер де олар қазіргі жол Тараз-Ташкент (Ходжент)-Самарқан жолымен кетсе, жол қысқара түсер еді ғой. Бірақ олар Отырар арқылы айналды. Неге? «Бір жол бар жақын, жақын болса да алыс. Бір жол бар алыс, алыс болса да жақын» деген мәтел осы кезде айтылған болса керек. Ол кездегі жолаушылар үшін таулар да, өзен-көлдер де, сусыз шөлдер де, үлкен кедергілер еді. Әсіресе, қосымша көп жүгі бар үлкен әскер, үлкен сауда керуендері үшін жол таңдай білу өте маңызды еді. Сондықтан олар ұзақ жолға шыққанда міндетті түрде жақсы жолбасшы алып жүретін. Ал енді жоғарыда аталған мысалдар­­да жорық жолдарының неге Отырарға тіре­ле беретініне қайта оралайық. Самарқан­нан Қытайға барар жолдың солтүстігінде ол кез үшін кесіп өту мүмкін емес екі шөл – Кызылқұм шөлі мен Бетпақдала жатыр. Ал оңтүстігінде бір-біріне жалғасқан тау­лар тізбегі Қытайға дейін созылған. Сонымен қатар ол таулардың етегінде осы таулардан бастау алатын көптеген өзендер бар. Өздерімен бірге қажетті азық-түлік, қару-жарақ сияқты көптеген заттарды бірге алып жүретін үлкен әскер мен сауда керуен өз заттарын бүлдірмей тиісті жеріне жеткізу үшін ыңғайлы жол тауып жүруге мәжбүр болды. Асу бермес таулар мен сол таулардың етегіндегі сансыз өзендердің шетін ала жағалап, әрі су табуға қолайсыз шөлдердің шетін ала жүруге мәжбүр болған олар Сырдария өзенінен өтер тұста Арыстың Сырдарияға құятын сағасындағы Отырар мен Түркістанның арасынан қолайлы жер таппайтын. Сондықтан да Орта Азия арқылы шығысқа жол тартқан әскер мен үлкен керуен міндетті түрде Отырар арқылы жүретін болған. Ол кез үшін Отырар өлкесі Кавказдағы Дербент қақпасы, бұрынғы гректік Визянтиядағы, қазіргі Түркия жеріндегі Босфор бұғазы, Мысыр жеріндегі Азиядан Африкаға өтетін тар мойнақ сияқты өте маңызды орын болатын. Бейсенбай Бекжан «Ана тілі»

Отырар – мыңдаған жылдар бойы отырықшы елдер мен көшпенділер өркениетінің та­биғи шекарасы болған Сырдария өзенінің шұрайлы жағалауында орналасқан. Тарихтан сыр шертетін мына бір деректерге назар аударып көрейікші: Қытай жеріндегі Алтын империясымен соғысып жатқан Шыңғыс хан әскерлері арасында сауда жасап, мол олжамен оралған Хорезм саудагерлері Отырар қаласына келіп тоқтайды. Хорезм мемлекетін жаулап алмақ болған Шыңғыс хан 1219 жылдың қыркүйек айында Отырар қаласына келіп, қаланы қоршауға алады. 400 мың әскермен Қытайды жаулап алмақ болып, Самарқан қаласынан шыққан Ақсақ Темір жолда Отырарда қайтыс болады. 1391 жылы қаңтар айында Тоқтамысқа қарсы бірінші жорығына шыққан Ақсақ Темір Отырарға келді. Одан ары жорық жолы Ұлытау-Жыланшық-Аманқарағай-Тобыл-Жайыққа жалғасты. Осы және басқа да оқиғалардың бәрінде жорықшылардың түпкі баратын жері – Отырарға тіреле беруінің сыры неде? Мұның бәрі кездейсоқтық па? Қытай жерінен оралған саудагерлердің негізгі баратын бағыты Самарқан қаласы болды? Егер де олар қазіргі жол Тараз-Ташкент (Ходжент)-Самарқан жолымен кетсе, жол қысқара түсер еді ғой. Бірақ олар Отырар арқылы айналды. Неге?
«Бір жол бар жақын, жақын болса да алыс. Бір жол бар алыс, алыс болса да жақын» деген мәтел осы кезде айтылған болса керек. Ол кездегі жолаушылар үшін таулар да, өзен-көлдер де, сусыз шөлдер де, үлкен кедергілер еді. Әсіресе, қосымша көп жүгі бар үлкен әскер, үлкен сауда керуендері үшін жол таңдай білу өте маңызды еді. Сондықтан олар ұзақ жолға шыққанда міндетті түрде жақсы жолбасшы алып жүретін.
Ал енді жоғарыда аталған мысалдар­­да жорық жолдарының неге Отырарға тіре­ле беретініне қайта оралайық. Самарқан­нан Қытайға барар жолдың солтүстігінде ол кез үшін кесіп өту мүмкін емес екі шөл – Кызылқұм шөлі мен Бетпақдала жатыр. Ал оңтүстігінде бір-біріне жалғасқан тау­лар тізбегі Қытайға дейін созылған. Сонымен қатар ол таулардың етегінде осы таулардан бастау алатын көптеген өзендер бар.
Өздерімен бірге қажетті азық-түлік, қару-жарақ сияқты көптеген заттарды бірге алып жүретін үлкен әскер мен сауда керуен өз заттарын бүлдірмей тиісті жеріне жеткізу үшін ыңғайлы жол тауып жүруге мәжбүр болды. Асу бермес таулар мен сол таулардың етегіндегі сансыз өзендердің шетін ала жағалап, әрі су табуға қолайсыз шөлдердің шетін ала жүруге мәжбүр болған олар Сырдария өзенінен өтер тұста Арыстың Сырдарияға құятын сағасындағы Отырар мен Түркістанның арасынан қолайлы жер таппайтын. Сондықтан да Орта Азия арқылы шығысқа жол тартқан әскер мен үлкен керуен міндетті түрде Отырар арқылы жүретін болған. Ол кез үшін Отырар өлкесі Кавказдағы Дербент қақпасы, бұрынғы гректік Визянтиядағы, қазіргі Түркия жеріндегі Босфор бұғазы, Мысыр жеріндегі Азиядан Африкаға өтетін тар мойнақ сияқты өте маңызды орын болатын.

Бейсенбай Бекжан

«Ана тілі»

Ұқсас материалдар