Қандастар Ассамблея

Журналистика факультетіне шығармашылық мәртебесін беру керек

16.10.2013 2669
Өздерін бірінші орынға шығарып, таққа жайғас­тырған да – сол Құдіретті мәлімет екенін неге елемейміз?!. О баста үңгір қабырғаларына ойып не қырнап салынған бейнелерден бастап, қазір газет, журнал, кітап беттерінде, радио эфирінде, теледидар шарайнасында таратып жатқан, сол арқылы жоғары-төменгі билік иелері де, ғылым-білім оқымыстыларының да өз ойларын жеткізу тетігі – мәлімет. Оны қалайша «алтын, күміс, қола ме­дальді» орындардан да ысырып, «Төртінші билікке» тастауға дәтіміз барады? Өздерін бірінші орынға шығарып, таққа жайғас­тырған да – сол Құдіретті мәлімет екенін неге елемейміз?!. Сол құзыретті мәліметті (бұл жерде ғылыми және нанотехнологиялық де­ректерді) құрметтей де қадірлей білу, оларды ұсынақты жетілдіре білу әрекетінің үлгісін Күншығыс елі көрсетіп отыр. Осыдан тура 90 жыл бұрын екі классик, бірі – Сұлтанмахмұт: «Япондар 35-40 жылда ержетіп, Европа халіне кірді. 1895 жылында Қытайды шалқасынан түсірді. 1904 жылда «бөрікпен ұрып жығамыз «деген Руссияны шалқасынан түсірді. Әрине, япондар осы халіне Европаның пісулі астай дайын өнерін (қара әріптермен бөлген А. – Х.М.) алумен жылдам жетті» деді. Екіншісі – Мұхтар: «Бұл – Японияның ғылымға нағыз жұмылған уақыты... Европа не істесе де, соған көз жұмып ере берген жоқ. Әр­қайсысының жиып апарған білімін зейінге салып, сынап, өздеріне қолайлы, жақсы дегендерін ғана алатын болды...  Бұл ту­ралы өз араларында айтысып жүрген пікірлері: «Сыртымыз басқа жұрттармен тату, сыпайы болсын, іштен тарахиат (өнер-білім) аса бағалы болып, «еркін өссін деген» деген. Осы Құдіретті мәліметтің «бас бұйдасы» журналист, баспагер қаламгерлердің құзырында екенін мойындайтын шы­ғармыз. Мұны мен негізгі мамандығым есебінде айтып отырғаным рас. Ал басқа саладағы азаматтардың құлық қақпай мойындауы некен-саяқ екені – шындық. Және ол ойын жұртшылық алдында мойындау – өте сирек ұшырасатын, біз үшін бойтұмардай тұратын уақиға, өзара сүйінші сұрауға тұрарлық факт. Сол фактіге Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің ұжымы куәгер болған-ды. Университеттің бұрынғы ректоры, қазіргі министріміз ең әуелі факультеттерді аралап жүріп, біздің факультетке көбірек көңіл бөлгендей еді. Артынан факультет деканы, кафедра меңгерушілері, жетекші оқы­тушылардың басын қосып, әңгіме-дүкен құрған. Сонда «әлқиссасын»: «Мен үшін қалған он үш факультет – бір төбе, журналистика факультеті бір төбе», – дегеннен бастаған-ды. Мұндай мәліметті аталмыш ұғым бұрын-соңды есіткен емес. Журналист – бәрінен бұрын күнделікті практикалық тірліктің «шығармашылық реакторы». Рас, олардың ішінде өз бетінше ғылыммен шұғылданып, кандидат, доктор ғылыми атағын иеленгендері, Құдайға шүкір, бірсыпыра бар. Мұндай ғылыми атақ алу секілді жақсы ниет конвейерге айналып кетпесе. Журналистика тәріздес негізінен, шы­ғармашылыққа басымдылық беретін жо­ғары мектеп факультеттеріне түсушілерді басқа нақтылы ғылым салаларын таң­даушылармен «бірге байлап», тестілеу – қаттырақ айтсақ, білместік. Мұндай жағ­дай тұрақтылыққа айналса  халық ара­­­сындағы өте сирек ұшырасатын, өне­рінен үміт күттіретін  жастардың  жолын «тестілеу» деген  монстр-әб­жы­ланмен шорт кесіп тынамыз. Мысалы: тестідегі жиырма – математика, жиырма – гео­графия  сұрақтарына  А.С.Пушкиннен әтібірлі жауап күтіп көріңізші!...Сондай-ақ, Нильс Бор мен Л.П.Капицаға «Әде­биеттегі жағымды-жағымсыз» кейіп­керлер» немесе «Гогольдің «Өлі жан­дарындағы» лирикалық шегіністер», болмаса «Грамматикадағы құрмалас сөйлемдер ерекшеліктері» деген сұрақтар келсе, Нобель сыйлықтарын иеленгендері былай тұрсын, жоғары мектептердің жел жағынан да жүре алмайтынын көз ал­дыңызға елестетіңізші.... Міне, осыдан барып творчестволық факультеттерге тек қана шығармашылық бәсеке – конкурс арқылы қабылдау қисынды. Ал болашақ журналистер бұрындары көлдей-көлдей, көптеген жарияланымдарын құжаттарымен қоса ұсынғанда ғана қабылданатын. Бүгіндері біздің мерзімді баспасөздің ажарын келтіріп, беделін өсіріп жүрген жур­на­листердің сиынатыны – сол «Құдіретті» тестілеу.  Сенің  журналист  болар-болма­сың (әрине, басым көпшілігі  бола  алмай­ды) соның құзырында! Қиялгер қисынның бір күдігі – «маман­дарымызға халықаралық стандартқа сәйкес білім берейік» деген ұрандау. Бұл тезис – «жаратылыстану», «нақтылы», тіпті «іргелі» деп аталатын (М.Әуезов оны «дәлшіл» деуді ұсынған-ды) жүрген ғы­лымдар үшін қажет шығар. Ал «журналис­тика» есімді сиқырлы салаға стандарт – залалды рак ісігі. Қатты кетсем жұрт кешірер. «Жазу, сызу ісі» саналатын бұл қасиетті кәсіпті қандай қалыпқа салып, стандарттай аларсың?! Әр қалам иесі – өз бетінше бір әлем, тұтас бір галактика. Қамшы үйіріп, «стандарт Лефортовосына» тыққыштау, осы бір, ұнамды мағынада «бас білдірмейтін» шығармашылықтың нағыз бұқаралық арнасын «жабатын көрген­дік». Былай бағдарлап отырсақ, тестілеу де, 100-ге дейін балл санын өргізіп жіберу де, жыл сайын журналист-студенттердің өндірістік практикасын бір-екі жұмаға дейін шұнтиту әдісі – сайып келгенде, жоғарыдағылардың «стандарттау» мүд­делерінің «диірменіне құятын су!». Мұның астарында «жаһандану» деген, қазірде еріншектерден басқалардың аузынан түспейтін ұғым болып алды. Тіпті терминге айналғандай. Және бүгінгі күннің тудырған проблемасы деп біледі. Алайда «олай емес» деуге ұлықсат етіңіз. Бұл – адамзат өзінің даму жолында бірте-бірте жоғары плейстоцен дәуірінде тіршілік еткен кроманьондар мен неондерталь кейпіне енгеннен бастап-ақ билік жүргізу синдромы. Сол жаһандастыруды кейінгі тарихтан белгілі Ескендір Зұлқарнайын – түзу қылыш, темір сауыт-сайманмен, Шыңғыс хан – тас ататын зеңбірекпен, Шикльгрубер – «Майн Кампф» және соғыс техникасының ең соңғы табыс­та­рымен өз қоластына бағындыру деп қана қабылдаған-ды. Қазірде  бәрімізге  аян, қара күш көрсету – жаһандастырудың тиімді жолы болмай қалды. Оның «әдеби образын» тамаша ақын Қадыр Мырза Әли: «Қас­терлесең дала деген ұлы үйді,// Кеткен ұлға қалай ішің жылиды?//Бәрінің де бөлтірігі бүгінде// Батысының әуенімен ұлиды» деп, жалпы жағдайды сипаттай келе: «Өңір едік жылқылы да түйелі,// Өлең еді тіліміздің тиегі...// Білім қазір сыйыспай жүр тіліммен,// Білім менің – көзге шыққан сүйелім», – деп, тура оқу жүйесінің айғақ келбетін береді. Осы жерде бір «білгіштер» жаһан­дастырудың түп-тамыры, басты ындыны – экономика деп есептейді. Тіпті тұр­мыстық тыныс-тіршілігімізді сол монстр-әбжыланның «тәбетіне» қарай ыңғай­ластырғанды жөн көреді. Бұл – сөлекет пікір. Жаһандастыру – бәрінен бұрын сенің тарихыңды, мәдениетіңді, ғылым-білімнен тұратын эрудицияңды «жұтуды» қалайды. Біздің сорымыз – кейбір идеологтардың сондай идеяның  қолты­ғына «су бүркуі».  Аспантану терминімен сөйлесек: «жаһандану – ғарыш әлеміндегі Қара құрдым (Черная дыра) аталатын жұлдыз. Ол өзінің «гравитациялық қармағы» жеткен космостағы кез келген денені жұтып алуға қабілетті. Ол – өз бойынан, ең болмағанда бір фотон да жарық шы­ғармайтын «әлемдік магнит». Оның қасында шық бермес Шығайбай жолда қалады! (Әзіл ғой!)... Басқа бір тақырыпқа бағыштағанымен, әлгі Қадырдың: «Жыртқыш сенің сұрап жатпас жөніңді,// Жұмыры оның жұмыс icтер өнiмдi...// Өтпейтұғын тырнақ,// Тұмсық,// Тісің де// Тасбақаның сауыты бар сенімді, – дегені де философ, саясат­танушы, т.б. осы төңіректе қалам тербет­кендердің нысанының  cypeтін берсе керек. Осыны сөз еткен авторлар көбіне-көп, табиғаттағы күш бермес цунами тә­різді, саясаттағы көзқарастан сақтандыра отырып, бip «қарның ашатын» тұсы – соған бейімделуге шақыратын тәрізді.   Біздің ойымызша, ақырзаман секілді, түптің түбінде келмей қоймайтын нәрсе болса, оның «шашбауын көтеру» орнына сол жаһанданушылардың тең  дәрежелі  бip мүшесі ретінде өзіңнің қазына-құн­дылығыңды үлгі тұттыра білуден басқа тиімді жолы жоқ. Ал оның панацея-«емі» – ғылым, білім негіздері ұлт тарихы, ұлт үрдістері, ұлт мәдениеті, ұлт дәстүрінен – жалпы интеллектіден ғана табылады. Оған барар жолда, тіпті 19 жасар ­  Қ.Сәтбаевтың «Қазақ елінің ана тіліндегі мектептер үшін алгебра оқулығы», 20 жасар М.Жұмабаевтың «Педагогика. Баланы тәрбия қылу жолдары» секілді ақжолтай тұңғыштарды бетке ұстау да – ғанибет. Мен оқу жүйесінен жаһандандырудың кейбір элементтерін байқағандықтан, осы мәселеге тоқтаңқырадым. Оған үстемелете, таяуда өзімізде жарық көрген орыстілді газеттен қазіргі заман математикасының бip сүлейі – «Шығыстың Нобель сыйлығы» деп те аталатын «Шао прайз» сыйлығының иегерi, топология, дифференциал тең­дік­тер теориясы, механика және математи­каның басқа да салаларында зор еңбек етіп жүрген академик В.И.Арнольд жөніндегі эсседен: «Үкіметтің күші – халықтың сауатсыздығында. Ол мұны біледі. Сон­дықтан да әрқашан білім беруге қарсы күресіп бағады» деген Толстойдың сөзін жұрттың есіне салудан шаршамайды» (Время. «Задачи Арнольда». 2008. 16 ка­зан) деген жолдарды ұшырас­тыр­ғанмын. «Бүгіндері АҚШ оқу-ағарту жүйесінде белең алған осындай тенденция сол «қиқар, дана Толстой шалдың осыдан екі ғасырдай бұрын айтқаны басымызға түспесін»  дедім іштей. Бұл жерде жалғыз-ақ мүдде, тек қана ерте күннің сәйгүлік қаламгерлерін да­йындаудың бүгінгі проблемаларын шешу. Қозғалып отырған әңгіме – басты мә­селенің беташар – прелюдиясы ғана. Негізгі шаруаны алдарыңызға жайып салуға мерзімді баспасөздің күнделікті әуені – практикасы мен назария – тео­риясына тиісінше дәрежеде өзін жетік деп санайтын журналистика профессорының хақысы бар деп білем. Олар – ең әуелі факультетке «твор­честволық» мәртебесін  әперу. Сонда  оның ерекше оқу-тәжірибелік жоспары, ешқандай, химия, физика, биология, т.б. «көршілерге» жалтақтап, қарағыштамау мүмкіншілігі туар еді. Сонда оқу мерзімін бес жылдық қажеттігі өзінен-өзі «шыға келер» еді. Және жазу-сызу шаруашылығы, яғни творчествомен айналысуға еш мұрса бермей отырған магистратура-магниттің алдамшы «тартылыс күші» мүлдем жо­йылмақ. Тағы да: дәрісханадағы теориялық сабақтардан кейін жыл сайын бір семестрді оқу және өндірістік практикаға бөліп, нағыз творчество қазанында қайнатып шығаруға  жағдай жасалар еді... Сонда  ғана басқа да үлкенді-кішілі проблемалар оңтайлы шешімін тауып жататынына сенімім мол. Абдул-Хамид Ф.МАРХАБАЕВ «Айқын»

Өздерін бірінші орынға шығарып, таққа жайғас­тырған да – сол Құдіретті мәлімет екенін неге елемейміз?!.
О баста үңгір қабырғаларына ойып не қырнап салынған бейнелерден бастап, қазір газет, журнал, кітап беттерінде, радио эфирінде, теледидар шарайнасында таратып жатқан, сол арқылы жоғары-төменгі билік иелері де, ғылым-білім оқымыстыларының да өз ойларын жеткізу тетігі – мәлімет. Оны қалайша «алтын, күміс, қола ме­дальді» орындардан да ысырып, «Төртінші билікке» тастауға дәтіміз барады? Өздерін бірінші орынға шығарып, таққа жайғас­тырған да – сол Құдіретті мәлімет екенін неге елемейміз?!.
Сол құзыретті мәліметті (бұл жерде ғылыми және нанотехнологиялық де­ректерді) құрметтей де қадірлей білу, оларды ұсынақты жетілдіре білу әрекетінің үлгісін Күншығыс елі көрсетіп отыр. Осыдан тура 90 жыл бұрын екі классик, бірі – Сұлтанмахмұт: «Япондар 35-40 жылда ержетіп, Европа халіне кірді. 1895 жылында Қытайды шалқасынан түсірді. 1904 жылда «бөрікпен ұрып жығамыз «деген Руссияны шалқасынан түсірді. Әрине, япондар осы халіне Европаның пісулі астай дайын өнерін (қара әріптермен бөлген А. – Х.М.) алумен жылдам жетті» деді. Екіншісі – Мұхтар: «Бұл – Японияның ғылымға нағыз жұмылған уақыты... Европа не істесе де, соған көз жұмып ере берген жоқ. Әр­қайсысының жиып апарған білімін зейінге салып, сынап, өздеріне қолайлы, жақсы дегендерін ғана алатын болды...  Бұл ту­ралы өз араларында айтысып жүрген пікірлері: «Сыртымыз басқа жұрттармен тату, сыпайы болсын, іштен тарахиат (өнер-білім) аса бағалы болып, «еркін өссін деген» деген.
Осы Құдіретті мәліметтің «бас бұйдасы» журналист, баспагер қаламгерлердің құзырында екенін мойындайтын шы­ғармыз. Мұны мен негізгі мамандығым есебінде айтып отырғаным рас. Ал басқа саладағы азаматтардың құлық қақпай мойындауы некен-саяқ екені – шындық. Және ол ойын жұртшылық алдында мойындау – өте сирек ұшырасатын, біз үшін бойтұмардай тұратын уақиға, өзара сүйінші сұрауға тұрарлық факт. Сол фактіге Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің ұжымы куәгер болған-ды. Университеттің бұрынғы ректоры, қазіргі министріміз ең әуелі факультеттерді аралап жүріп, біздің факультетке көбірек көңіл бөлгендей еді. Артынан факультет деканы, кафедра меңгерушілері, жетекші оқы­тушылардың басын қосып, әңгіме-дүкен құрған. Сонда «әлқиссасын»: «Мен үшін қалған он үш факультет – бір төбе, журналистика факультеті бір төбе», – дегеннен бастаған-ды. Мұндай мәліметті аталмыш ұғым бұрын-соңды есіткен емес.
Журналист – бәрінен бұрын күнделікті практикалық тірліктің «шығармашылық реакторы». Рас, олардың ішінде өз бетінше ғылыммен шұғылданып, кандидат, доктор ғылыми атағын иеленгендері, Құдайға шүкір, бірсыпыра бар. Мұндай ғылыми атақ алу секілді жақсы ниет конвейерге айналып кетпесе.
Журналистика тәріздес негізінен, шы­ғармашылыққа басымдылық беретін жо­ғары мектеп факультеттеріне түсушілерді басқа нақтылы ғылым салаларын таң­даушылармен «бірге байлап», тестілеу – қаттырақ айтсақ, білместік. Мұндай жағ­дай тұрақтылыққа айналса  халық ара­­­сындағы өте сирек ұшырасатын, өне­рінен үміт күттіретін  жастардың  жолын «тестілеу» деген  монстр-әб­жы­ланмен шорт кесіп тынамыз. Мысалы: тестідегі жиырма – математика, жиырма – гео­графия  сұрақтарына  А.С.Пушкиннен әтібірлі жауап күтіп көріңізші!...Сондай-ақ, Нильс Бор мен Л.П.Капицаға «Әде­биеттегі жағымды-жағымсыз» кейіп­керлер» немесе «Гогольдің «Өлі жан­дарындағы» лирикалық шегіністер», болмаса «Грамматикадағы құрмалас сөйлемдер ерекшеліктері» деген сұрақтар келсе, Нобель сыйлықтарын иеленгендері былай тұрсын, жоғары мектептердің жел жағынан да жүре алмайтынын көз ал­дыңызға елестетіңізші....
Міне, осыдан барып творчестволық факультеттерге тек қана шығармашылық бәсеке – конкурс арқылы қабылдау қисынды. Ал болашақ журналистер бұрындары көлдей-көлдей, көптеген жарияланымдарын құжаттарымен қоса ұсынғанда ғана қабылданатын. Бүгіндері біздің мерзімді баспасөздің ажарын келтіріп, беделін өсіріп жүрген жур­на­листердің сиынатыны – сол «Құдіретті» тестілеу.  Сенің  журналист  болар-болма­сың (әрине, басым көпшілігі  бола  алмай­ды) соның құзырында!
Қиялгер қисынның бір күдігі – «маман­дарымызға халықаралық стандартқа сәйкес білім берейік» деген ұрандау. Бұл тезис – «жаратылыстану», «нақтылы», тіпті «іргелі» деп аталатын (М.Әуезов оны «дәлшіл» деуді ұсынған-ды) жүрген ғы­лымдар үшін қажет шығар. Ал «журналис­тика» есімді сиқырлы салаға стандарт – залалды рак ісігі. Қатты кетсем жұрт кешірер. «Жазу, сызу ісі» саналатын бұл қасиетті кәсіпті қандай қалыпқа салып, стандарттай аларсың?! Әр қалам иесі – өз бетінше бір әлем, тұтас бір галактика. Қамшы үйіріп, «стандарт Лефортовосына» тыққыштау, осы бір, ұнамды мағынада «бас білдірмейтін» шығармашылықтың нағыз бұқаралық арнасын «жабатын көрген­дік».
Былай бағдарлап отырсақ, тестілеу де, 100-ге дейін балл санын өргізіп жіберу де, жыл сайын журналист-студенттердің өндірістік практикасын бір-екі жұмаға дейін шұнтиту әдісі – сайып келгенде, жоғарыдағылардың «стандарттау» мүд­делерінің «диірменіне құятын су!».
Мұның астарында «жаһандану» деген, қазірде еріншектерден басқалардың аузынан түспейтін ұғым болып алды. Тіпті терминге айналғандай. Және бүгінгі күннің тудырған проблемасы деп біледі. Алайда «олай емес» деуге ұлықсат етіңіз. Бұл – адамзат өзінің даму жолында бірте-бірте жоғары плейстоцен дәуірінде тіршілік еткен кроманьондар мен неондерталь кейпіне енгеннен бастап-ақ билік жүргізу синдромы. Сол жаһандастыруды кейінгі тарихтан белгілі Ескендір Зұлқарнайын – түзу қылыш, темір сауыт-сайманмен, Шыңғыс хан – тас ататын зеңбірекпен, Шикльгрубер – «Майн Кампф» және соғыс техникасының ең соңғы табыс­та­рымен өз қоластына бағындыру деп қана қабылдаған-ды.
Қазірде  бәрімізге  аян, қара күш көрсету – жаһандастырудың тиімді жолы болмай қалды. Оның «әдеби образын» тамаша ақын Қадыр Мырза Әли: «Қас­терлесең дала деген ұлы үйді,// Кеткен ұлға қалай ішің жылиды?//Бәрінің де бөлтірігі бүгінде// Батысының әуенімен ұлиды» деп, жалпы жағдайды сипаттай келе: «Өңір едік жылқылы да түйелі,// Өлең еді тіліміздің тиегі...// Білім қазір сыйыспай жүр тіліммен,// Білім менің – көзге шыққан сүйелім», – деп, тура оқу жүйесінің айғақ келбетін береді.
Осы жерде бір «білгіштер» жаһан­дастырудың түп-тамыры, басты ындыны – экономика деп есептейді. Тіпті тұр­мыстық тыныс-тіршілігімізді сол монстр-әбжыланның «тәбетіне» қарай ыңғай­ластырғанды жөн көреді. Бұл – сөлекет пікір. Жаһандастыру – бәрінен бұрын сенің тарихыңды, мәдениетіңді, ғылым-білімнен тұратын эрудицияңды «жұтуды» қалайды. Біздің сорымыз – кейбір идеологтардың сондай идеяның  қолты­ғына «су бүркуі».
 Аспантану терминімен сөйлесек: «жаһандану – ғарыш әлеміндегі Қара құрдым (Черная дыра) аталатын жұлдыз. Ол өзінің «гравитациялық қармағы» жеткен космостағы кез келген денені жұтып алуға қабілетті. Ол – өз бойынан, ең болмағанда бір фотон да жарық шы­ғармайтын «әлемдік магнит». Оның қасында шық бермес Шығайбай жолда қалады! (Әзіл ғой!)...
Басқа бір тақырыпқа бағыштағанымен, әлгі Қадырдың: «Жыртқыш сенің сұрап жатпас жөніңді,// Жұмыры оның жұмыс icтер өнiмдi...// Өтпейтұғын тырнақ,// Тұмсық,// Тісің де// Тасбақаның сауыты бар сенімді, – дегені де философ, саясат­танушы, т.б. осы төңіректе қалам тербет­кендердің нысанының  cypeтін берсе керек. Осыны сөз еткен авторлар көбіне-көп, табиғаттағы күш бермес цунами тә­різді, саясаттағы көзқарастан сақтандыра отырып, бip «қарның ашатын» тұсы – соған бейімделуге шақыратын тәрізді.   Біздің ойымызша, ақырзаман секілді, түптің түбінде келмей қоймайтын нәрсе болса, оның «шашбауын көтеру» орнына сол жаһанданушылардың тең  дәрежелі  бip мүшесі ретінде өзіңнің қазына-құн­дылығыңды үлгі тұттыра білуден басқа тиімді жолы жоқ. Ал оның панацея-«емі» – ғылым, білім негіздері ұлт тарихы, ұлт үрдістері, ұлт мәдениеті, ұлт дәстүрінен – жалпы интеллектіден ғана табылады. Оған барар жолда, тіпті 19 жасар ­  Қ.Сәтбаевтың «Қазақ елінің ана тіліндегі мектептер үшін алгебра оқулығы», 20 жасар М.Жұмабаевтың «Педагогика. Баланы тәрбия қылу жолдары» секілді ақжолтай тұңғыштарды бетке ұстау да – ғанибет.
Мен оқу жүйесінен жаһандандырудың кейбір элементтерін байқағандықтан, осы мәселеге тоқтаңқырадым. Оған үстемелете, таяуда өзімізде жарық көрген орыстілді газеттен қазіргі заман математикасының бip сүлейі – «Шығыстың Нобель сыйлығы» деп те аталатын «Шао прайз» сыйлығының иегерi, топология, дифференциал тең­дік­тер теориясы, механика және математи­каның басқа да салаларында зор еңбек етіп жүрген академик В.И.Арнольд жөніндегі эсседен: «Үкіметтің күші – халықтың сауатсыздығында. Ол мұны біледі. Сон­дықтан да әрқашан білім беруге қарсы күресіп бағады» деген Толстойдың сөзін жұрттың есіне салудан шаршамайды» (Время. «Задачи Арнольда». 2008. 16 ка­зан) деген жолдарды ұшырас­тыр­ғанмын. «Бүгіндері АҚШ оқу-ағарту жүйесінде белең алған осындай тенденция сол «қиқар, дана Толстой шалдың осыдан екі ғасырдай бұрын айтқаны басымызға түспесін»  дедім іштей.
Бұл жерде жалғыз-ақ мүдде, тек қана ерте күннің сәйгүлік қаламгерлерін да­йындаудың бүгінгі проблемаларын шешу. Қозғалып отырған әңгіме – басты мә­селенің беташар – прелюдиясы ғана. Негізгі шаруаны алдарыңызға жайып салуға мерзімді баспасөздің күнделікті әуені – практикасы мен назария – тео­риясына тиісінше дәрежеде өзін жетік деп санайтын журналистика профессорының хақысы бар деп білем.
Олар – ең әуелі факультетке «твор­честволық» мәртебесін  әперу. Сонда  оның ерекше оқу-тәжірибелік жоспары, ешқандай, химия, физика, биология, т.б. «көршілерге» жалтақтап, қарағыштамау мүмкіншілігі туар еді. Сонда оқу мерзімін бес жылдық қажеттігі өзінен-өзі «шыға келер» еді. Және жазу-сызу шаруашылығы, яғни творчествомен айналысуға еш мұрса бермей отырған магистратура-магниттің алдамшы «тартылыс күші» мүлдем жо­йылмақ. Тағы да: дәрісханадағы теориялық сабақтардан кейін жыл сайын бір семестрді оқу және өндірістік практикаға бөліп, нағыз творчество қазанында қайнатып шығаруға  жағдай жасалар еді... Сонда  ғана басқа да үлкенді-кішілі проблемалар оңтайлы шешімін тауып жататынына сенімім мол.

Абдул-Хамид Ф.МАРХАБАЕВ

«Айқын»

Ұқсас материалдар