Қандастар Ассамблея

Кәсіподақшылар төл мерекелерін атап өтті

11.10.2013 2534
Оныншы қазан Қазақстан кәсіподақ жұмысшылары күніне орай «ASTANA MALL» сауда орталығында денсаулық сақтау, білім беру, темір жол көлігі, түрғын-үй коммуналдық шаруашылық, байланыс саласындағы кәсіподақтардың жаңа мүшелеріне кәсіподақ билетін беру салтанаты өтті. Кәсіподақ федерацияның құрамына өткен азаматтарға мүшелік билетін ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ә. Құсайнов табыс етті. «Орталық аппараттың мақсаты – кәсіподақтар ұйымдарын күшті, беделді, тиімді, әрі еңбек етушілердің құқығын қорғай алатын органға айналдыру. Сіздерді кәсіподаққа мүше болуларыңызбен құттықтаймын», деді ҚР КФ төрағасы Ә. Құсайынов. Мұнан соң жас кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылып, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кәсіподақшылар күнін ауқымды түрде атап өтудегі басты мақсат – Кәсіподақтар федерациясының қызметі жаңа форматқа ауысатындығын көрсету. Атап айтқанда таяу арада федерация жұмысында елеулі өзгерістер болмақ. «Кәсіптік одақтар туралы» Заң жобасы жасалып, қазір ҚР Парламенті қарауына жіберілді. Қолданыстағы заңнан бұл жобаның өзгешелігі – кәсіподақ ұйымдарының құқықтары нақты айқындалған. Бүгінде Федерация құрамына республикалық деңгейдегі 26 салалық және аймақтарда 14 облыстық кәсіподақ кіреді. 2,1 млн. адам Федерация мүшесі. Олардың 1,1 млн.-ны білім мен медицина қызметкерлері, 5 мың – бұл студенттер мен зейнеткерлер. Өзге мүшелер экономиканың нақты секторында қызмет етеді. Ресми статистика бойынша Қазақстандағы жалданып жұмыс істейтіндердің жалпы саны (2012 ж.) – 5,8 млн. Солардың 30% Федерация құрамында. Baq.kz  

Оныншы қазан Қазақстан кәсіподақ жұмысшылары күніне орай «ASTANA MALL» сауда орталығында денсаулық сақтау, білім беру, темір жол көлігі, түрғын-үй коммуналдық шаруашылық, байланыс саласындағы кәсіподақтардың жаңа мүшелеріне кәсіподақ билетін беру салтанаты өтті.

Кәсіподақ федерацияның құрамына өткен азаматтарға мүшелік билетін ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ә. Құсайнов табыс етті.
«Орталық аппараттың мақсаты – кәсіподақтар ұйымдарын күшті, беделді, тиімді, әрі еңбек етушілердің құқығын қорғай алатын органға айналдыру. Сіздерді кәсіподаққа мүше болуларыңызбен құттықтаймын», деді ҚР КФ төрағасы Ә. Құсайынов.
Мұнан соң жас кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылып, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кәсіподақшылар күнін ауқымды түрде атап өтудегі басты мақсат – Кәсіподақтар федерациясының қызметі жаңа форматқа ауысатындығын көрсету. Атап айтқанда таяу арада федерация жұмысында елеулі өзгерістер болмақ. «Кәсіптік одақтар туралы» Заң жобасы жасалып, қазір ҚР Парламенті қарауына жіберілді. Қолданыстағы заңнан бұл жобаның өзгешелігі – кәсіподақ ұйымдарының құқықтары нақты айқындалған.
Бүгінде Федерация құрамына республикалық деңгейдегі 26 салалық және аймақтарда 14 облыстық кәсіподақ кіреді. 2,1 млн. адам Федерация мүшесі. Олардың 1,1 млн.-ны білім мен медицина қызметкерлері, 5 мың – бұл студенттер мен зейнеткерлер. Өзге мүшелер экономиканың нақты секторында қызмет етеді. Ресми статистика бойынша Қазақстандағы жалданып жұмыс істейтіндердің жалпы саны (2012 ж.) – 5,8 млн. Солардың 30% Федерация құрамында.


Baq.kz

 

Ұқсас материалдар