Қандастар Ассамблея

Кличко Поветкинді нокаутқа жібермегенінің себебін айтты

08.10.2013 1700
Боксшы Владимир Кличко Поветкинді нокаутқа жібермеген себебін айтты, - деп хабарлайды utro.ru. «Алаң иесінің көңілін түсіргім келмеді. Мен мықтылығымды онсыз да дәлелдей алдым», - деді ол. Ресейлік боксшының командасы «Кличко тыйым салынған әдістерді қолданды, төрешілер бұған көз жұма қарады» деген уәж айтуда. Бұған украиналық боксшы «Мен тек бір ғана жанама соққы жіберіп алдым. Боксты шынайы түсінетіндерге бәрі айқын көрініп тұр» деген жауабын айтты. Қазанның 5-і күні Мәскеуде украиналық Владимир Кличко ресейлік Александр Поветкинмен жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткен. Ал Кличконың менеджері Берндт Бенте оның Поветкинмен қайта шықпайтынын жеткізді. Baq.kz

Боксшы Владимир Кличко Поветкинді нокаутқа жібермеген себебін айтты, - деп хабарлайды utro.ru. «Алаң иесінің көңілін түсіргім келмеді. Мен мықтылығымды онсыз да дәлелдей алдым», - деді ол.

Ресейлік боксшының командасы «Кличко тыйым салынған әдістерді қолданды, төрешілер бұған көз жұма қарады» деген уәж айтуда. Бұған украиналық боксшы «Мен тек бір ғана жанама соққы жіберіп алдым. Боксты шынайы түсінетіндерге бәрі айқын көрініп тұр» деген жауабын айтты.

Қазанның 5-і күні Мәскеуде украиналық Владимир Кличко ресейлік Александр Поветкинмен жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткен.

Ал Кличконың менеджері Берндт Бенте оның Поветкинмен қайта шықпайтынын жеткізді.

Baq.kz

Ұқсас материалдар