Қандастар Ассамблея

Баласағұн шығармасында білім мен ғылымның мәніне де зор көңіл аударылады

08.10.2013 3060
Білік – түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, Қанша сімір сарқылмайды, білсеңіз! Біліммен ер басын алып жүреді, Ал, білімсіз басын оққа тігеді. Білім алып, биіктей бер адам бол, Ел ішінде мал атанған надан мол (Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев. – Астана, 2003. - 115-116 б.). «Құтты білікте» білім өмір мәні және қоғамың мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Ойшылдың пікірінше, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алын алу үшін қажет. Білім адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге, өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол. Құран кәрімде ілім-білім деген сөздер сегіз жүзден аса кездеседі, Алғашқы түскен аят «Оқы» деп басталады. Алғашқы түскен бес аятта Құранның даналығын оқып білу, ұғыну және жаратылған дүниенің құпия сырын ашып білу керектігі көрсетіледі. Құранда: «Аллаһ сендердің араларыңдағы иман келтіргендер мен білімділердің дәрежелерін көтереді» деп көрсетіледі (Әл-Мужәдәлә, 11). Ислам діні мен өркениеті мұсылманның ғылым-білімге ұмтылуын парыз және құндылық ретінде қарастырады. Дана халқымыз да «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» деп білім мен ғылымды жоғары бағалаған. Орта ғасырлық мұсылмандық ренессанс құбылысы Ислам дүниесінің адамзат мәдениетіне, ғылымы мен біліміне қосқан зор үлес болып табылады. Орта ғасырдағы мұсылман өркениетінің философия, медицина, астрономия және т.б. ғылым салаларында жеткен жетістіктері адамзат үшін үлгі-өнеге болды. Ал қазіргі кезде Ислам әлемі елдерінің дамыған Батыс еуропалық елдерден техника және жаңа технологиялар жасау тұрғысынан артта қалуы қынжылатын жағдай. Ислам әлемі мен Батыстың арасындағы қоғам мен адам дамуының көрсеткіштері арасындағы айырмашылық, бұл Ислам елдерінің ғылым-білімге жеткілікті көңіл аудармауынан туындап отыр. Ислам әлемі елдері бұрынғы жеткен жетістіктерін мақтаныш тұтумен шектеліп, заманауи ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп және жаңалықтар ашуда дамыған елдерден кенже қалып отырғаны рас. Ғылым мен білім «Құтты білікте» адамзат үшін өте қажетті құндылық ретінде дәріптеледі. Сондықтан да ойшыл қоғамда білім мен ғылымды дамыту арқылы адамды тәрбиелеуге шақырады. Ойшыл үшін білім – өмірлік мұрат, сәулелі шамшырақ. Білім нұрын қоғамдағы барлық топтарға түсіру және қоғам мен адамның жетіліп, кемелденуіне кедергі келтіретін зиянды дерттерді білім игеру ақылы жеңу ойшылдың арман-аңсары. Білім мен парасат алдындағы кедергілерді жеңу қоғам мен басшы алдындағы негізгі міндет деп көрсетеді. Бағдат Бейсенов muslim.kz

Білік – түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз,
Қанша сімір сарқылмайды, білсеңіз!
Біліммен ер басын алып жүреді,
Ал, білімсіз басын оққа тігеді.
Білім алып, биіктей бер адам бол,
Ел ішінде мал атанған надан мол
(Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев. – Астана, 2003. - 115-116 б.).

«Құтты білікте» білім өмір мәні және қоғамың мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Ойшылдың пікірінше, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алын алу үшін қажет. Білім адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге, өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол.

Құран кәрімде ілім-білім деген сөздер сегіз жүзден аса кездеседі, Алғашқы түскен аят «Оқы» деп басталады. Алғашқы түскен бес аятта Құранның даналығын оқып білу, ұғыну және жаратылған дүниенің құпия сырын ашып білу керектігі көрсетіледі. Құранда: «Аллаһ сендердің араларыңдағы иман келтіргендер мен білімділердің дәрежелерін көтереді» деп көрсетіледі (Әл-Мужәдәлә, 11). Ислам діні мен өркениеті мұсылманның ғылым-білімге ұмтылуын парыз және құндылық ретінде қарастырады. Дана халқымыз да «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» деп білім мен ғылымды жоғары бағалаған.

Орта ғасырлық мұсылмандық ренессанс құбылысы Ислам дүниесінің адамзат мәдениетіне, ғылымы мен біліміне қосқан зор үлес болып табылады. Орта ғасырдағы мұсылман өркениетінің философия, медицина, астрономия және т.б. ғылым салаларында жеткен жетістіктері адамзат үшін үлгі-өнеге болды. Ал қазіргі кезде Ислам әлемі елдерінің дамыған Батыс еуропалық елдерден техника және жаңа технологиялар жасау тұрғысынан артта қалуы қынжылатын жағдай. Ислам әлемі мен Батыстың арасындағы қоғам мен адам дамуының көрсеткіштері арасындағы айырмашылық, бұл Ислам елдерінің ғылым-білімге жеткілікті көңіл аудармауынан туындап отыр. Ислам әлемі елдері бұрынғы жеткен жетістіктерін мақтаныш тұтумен шектеліп, заманауи ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп және жаңалықтар ашуда дамыған елдерден кенже қалып отырғаны рас. Ғылым мен білім «Құтты білікте» адамзат үшін өте қажетті құндылық ретінде дәріптеледі. Сондықтан да ойшыл қоғамда білім мен ғылымды дамыту арқылы адамды тәрбиелеуге шақырады. Ойшыл үшін білім – өмірлік мұрат, сәулелі шамшырақ. Білім нұрын қоғамдағы барлық топтарға түсіру және қоғам мен адамның жетіліп, кемелденуіне кедергі келтіретін зиянды дерттерді білім игеру ақылы жеңу ойшылдың арман-аңсары. Білім мен парасат алдындағы кедергілерді жеңу қоғам мен басшы алдындағы негізгі міндет деп көрсетеді.

Бағдат Бейсенов

muslim.kz

Ұқсас материалдар