Қандастар Ассамблея

Имам Тахауи

08.10.2013 2620
Толық аты – Ахмад ибн Мұхаммад ибн Сәләмә ибн Сәлмә ибн Абдуль Мәлик Әбу Жағфар әт-Тахауи әл-Әздий. Шыққан жері – Мысыр еліндегі Таха ауылы. Ханафи мәзхабының мүжтәхид (ең биік ғылыми дәреже) мәртебесіндегі ғұлама. Діни ғылымдардың әр саласын жетік меңгерген маман. Қазірге дейін жазған еңбектерін дін ғалымдары қолдан тастамай оқып келеді. Хадис ғылымы мен фиқһ ғылымының білгірі. Осы екі ғылымды «жүйелі түрде» біріктірген ғалымдардың көшбасшысы. Алғашында Шафиғи құқық мектебін ту еткен ғалым, зерттеу нәтижесінде Ханафи мәзхабына өтеді. Өмірінің соңына дейін осы мәзхабтың негіздерін насихаттауға үлкен күш сарп етеді. Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммәдтан кейінгі буыннан шыққан Ханафи мәзхабын одан әрі дамытушы әрі бетке ұстар ғұламалардың бірі. Туған жылы хижри 239 жыл (миләди 854 жыл). Имамның балалық шағы Тахауидің әкесі де, шешесі де ғалым кісілер-тін. Әкесі тіл, әдебиет әрі фиқһ білгірі болса, анасы Мысыр қаласындағы шафиғи құқық маманы еді. Жас ғалым алғашқы ғылымын өзінің ата-анасынан алды. Одан арғы ғылымын нағашы ағасы әл-Музниден жетілдірді. Әл-Музни Шафиғи мәзхабының білгірі әрі осы мәзхабты насихаттаушы ғұлама. Ол кісі өзінің үйінде дәріс өткізетін болған. Жас Ахмад нағашы ағасына шәкірт болып Шафиғи мәзхабының қыр-сырын үйренді. Нағашы ағасының бай кітапханасын көптеп пайдаланды. Осылайша болашақ ғұлама ғылымға бай отбасының мүшесі еді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, жастайынан ғылым нұры шашылған отбасында  өсіп-жетілген бала, өсе келе тарихта аты алтын әріппен жазылған ғұламалардың қатарынан орын алды. Әбу Жағфар Әт-Тахауидің өмір сүрген кезеңі Ғұлама хижри жыл санауы бойынша үшінші ғасырда (миләди 9 ғ.) Аббаси империясының екінші жүз жылдығында өмір сүрді. Бұл ғасыр Аббаси билігі тоқырау кешіп жатқан шақ. Империяның бас қаласы Бағдатта анархия жайлап, Аббаси билігінің бұрынғы күші кетіп, әлемді дүр сілкіндірген Аббаси халифалығының тек аты ғана қалған еді. Ал билік басында іс жүзінде билеп, төстеп отырған түркілер-тін. Сондықтан да, бұл ғасырды «Түркілердің ықпал ету» ғасыры деп атайды. Осы ғасырда халифалықтан бөлініп дербес «Тулуния» мемлекеті құрылады. Алғашында жәй әскер, кейінен халифаның орынбасары қызметіне дейін көтерілген тегі түрік, Бухаралық құлдың баласы Тұлун ұлы Ахмәд атты кісі тарапынан құрылған «Тулуния» мемлекеті Мысыр, Сирия және Хижаз өңірін биледі. Мемлекет шамамен отыз жеті жылдай өмір сүреді (хижри 254-292 ж./миләд 868-905 жыл аралығы). Тулуния кезеңінде елде тыныштық орнап, береке жауады. Көптеген құрылыс нысандары салынады. Иракта "Қатаиғ" атты қала тұрғызылады. Көптеген әсем үлгіде мешіттер салынып, әртүрлі диірмендер мен моншалар, ұстаханалар ел игілігіне беріледі. Халық қайта ғылымға бет бұрып, халықтың тақуалығы мен діні артады. Ғалымдар қоғамдағы өз орнын тауып, оларды ел силап, мәртебелері көтеріледі. Абдсамат Қасым muslim.kz

Толық аты – Ахмад ибн Мұхаммад ибн Сәләмә ибн Сәлмә ибн Абдуль Мәлик Әбу Жағфар әт-Тахауи әл-Әздий. Шыққан жері – Мысыр еліндегі Таха ауылы. Ханафи мәзхабының мүжтәхид (ең биік ғылыми дәреже) мәртебесіндегі ғұлама. Діни ғылымдардың әр саласын жетік меңгерген маман. Қазірге дейін жазған еңбектерін дін ғалымдары қолдан тастамай оқып келеді. Хадис ғылымы мен фиқһ ғылымының білгірі. Осы екі ғылымды «жүйелі түрде» біріктірген ғалымдардың көшбасшысы.

Алғашында Шафиғи құқық мектебін ту еткен ғалым, зерттеу нәтижесінде Ханафи мәзхабына өтеді. Өмірінің соңына дейін осы мәзхабтың негіздерін насихаттауға үлкен күш сарп етеді. Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммәдтан кейінгі буыннан шыққан Ханафи мәзхабын одан әрі дамытушы әрі бетке ұстар ғұламалардың бірі. Туған жылы хижри 239 жыл (миләди 854 жыл).

Имамның балалық шағы

Тахауидің әкесі де, шешесі де ғалым кісілер-тін. Әкесі тіл, әдебиет әрі фиқһ білгірі болса, анасы Мысыр қаласындағы шафиғи құқық маманы еді. Жас ғалым алғашқы ғылымын өзінің ата-анасынан алды. Одан арғы ғылымын нағашы ағасы әл-Музниден жетілдірді. Әл-Музни Шафиғи мәзхабының білгірі әрі осы мәзхабты насихаттаушы ғұлама. Ол кісі өзінің үйінде дәріс өткізетін болған. Жас Ахмад нағашы ағасына шәкірт болып Шафиғи мәзхабының қыр-сырын үйренді. Нағашы ағасының бай кітапханасын көптеп пайдаланды. Осылайша болашақ ғұлама ғылымға бай отбасының мүшесі еді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, жастайынан ғылым нұры шашылған отбасында  өсіп-жетілген бала, өсе келе тарихта аты алтын әріппен жазылған ғұламалардың қатарынан орын алды.

Әбу Жағфар Әт-Тахауидің өмір сүрген кезеңі

Ғұлама хижри жыл санауы бойынша үшінші ғасырда (миләди 9 ғ.) Аббаси империясының екінші жүз жылдығында өмір сүрді. Бұл ғасыр Аббаси билігі тоқырау кешіп жатқан шақ. Империяның бас қаласы Бағдатта анархия жайлап, Аббаси билігінің бұрынғы күші кетіп, әлемді дүр сілкіндірген Аббаси халифалығының тек аты ғана қалған еді. Ал билік басында іс жүзінде билеп, төстеп отырған түркілер-тін. Сондықтан да, бұл ғасырды «Түркілердің ықпал ету» ғасыры деп атайды. Осы ғасырда халифалықтан бөлініп дербес «Тулуния» мемлекеті құрылады. Алғашында жәй әскер, кейінен халифаның орынбасары қызметіне дейін көтерілген тегі түрік, Бухаралық құлдың баласы Тұлун ұлы Ахмәд атты кісі тарапынан құрылған «Тулуния» мемлекеті Мысыр, Сирия және Хижаз өңірін биледі. Мемлекет шамамен отыз жеті жылдай өмір сүреді (хижри 254-292 ж./миләд 868-905 жыл аралығы). Тулуния кезеңінде елде тыныштық орнап, береке жауады. Көптеген құрылыс нысандары салынады. Иракта "Қатаиғ" атты қала тұрғызылады. Көптеген әсем үлгіде мешіттер салынып, әртүрлі диірмендер мен моншалар, ұстаханалар ел игілігіне беріледі. Халық қайта ғылымға бет бұрып, халықтың тақуалығы мен діні артады. Ғалымдар қоғамдағы өз орнын тауып, оларды ел силап, мәртебелері көтеріледі.

Абдсамат Қасым

muslim.kz