Қандастар Ассамблея

Аты шулы Мадонна қасиетті Құранға ден қойды

08.10.2013 2290
Әйгілі поп-жұлдыз Мадонна (Мария-Луиза Чиконне) қасиетті Құранға ден қойғанын жария етті, деп жазады muslim.kz. «Мен мұсылман елдерінде қыз балаларға арналған мектептің құрылысымен айналысып жатырмын әрі Құранды оқу үстіндемін. Маған барлық қасиетті кітаптар маңызды»,– деді ол Harper’s Bazaar-ға берген сұхбатында. Мадонна тағы бір сөзінде досының «жақсы мұсылман жақсы иудей де, жақсы иудей өз кезегінде жақсы христиан да бола алады» деген сөзін келтіре кетті. Мадонна өміріне үлкен өзгеріс әкелген иман нұрына байланысты, яғни, темірден жасалған «ниқаб»-қа ұқсас киім үлгісіне қатысты өз тыңдармандарының наласы мен назасына қалған еді. Оның бұл суретінің төменгі жағында «Махаббат революциясы… ИншаАллаһ» деген жазу тыңдармандарының наразылығына тап болған. Жұлдызды тұлғаның асыл дінімізге деген қызығушылығын Брахим Зайбат есімді мұсылманның оятқанын айта кету керек. Өткен жылы әлемдік медиа олардың жұбын жариялаған еді. Ондағы Мадоннаның шариғат шәлісін жамылған фотосуреті бірден әлем жұртшылығының назарын аударған болатын. Сол сұхбатында 55 жастағы жұлдыздың өткен өмірінен сыр шерткен болатын. Ол жұлдызды шағының басталғанына дейін өзіне тапаншаның кезелгенін, үш рет тоналғанын әрі зорланғанын тілге тиек етті. BNews.kz

Әйгілі поп-жұлдыз Мадонна (Мария-Луиза Чиконне) қасиетті Құранға ден қойғанын жария етті, деп жазады muslim.kz.

«Мен мұсылман елдерінде қыз балаларға арналған мектептің құрылысымен айналысып жатырмын әрі Құранды оқу үстіндемін. Маған барлық қасиетті кітаптар маңызды»,– деді ол Harper’s Bazaar-ға берген сұхбатында.

Мадонна тағы бір сөзінде досының «жақсы мұсылман жақсы иудей де, жақсы иудей өз кезегінде жақсы христиан да бола алады» деген сөзін келтіре кетті.

Мадонна өміріне үлкен өзгеріс әкелген иман нұрына байланысты, яғни, темірден жасалған «ниқаб»-қа ұқсас киім үлгісіне қатысты өз тыңдармандарының наласы мен назасына қалған еді. Оның бұл суретінің төменгі жағында «Махаббат революциясы… ИншаАллаһ» деген жазу тыңдармандарының наразылығына тап болған.

Жұлдызды тұлғаның асыл дінімізге деген қызығушылығын Брахим Зайбат есімді мұсылманның оятқанын айта кету керек. Өткен жылы әлемдік медиа олардың жұбын жариялаған еді. Ондағы Мадоннаның шариғат шәлісін жамылған фотосуреті бірден әлем жұртшылығының назарын аударған болатын.

Сол сұхбатында 55 жастағы жұлдыздың өткен өмірінен сыр шерткен болатын. Ол жұлдызды шағының басталғанына дейін өзіне тапаншаның кезелгенін, үш рет тоналғанын әрі зорланғанын тілге тиек етті.

BNews.kz

Ұқсас материалдар