Қандастар Ассамблея

Айгүл Үлкенбаева Астанада өнер көрсетеді

07.10.2013 2884
10 қазанда Астанада танымал домбырашы Айгүл Үлкенбаеваның концертінде әлемнің классикалық шығармалары мен белгілі күйлер жаңаша орындалады. Қазақстандық әртіс көрермендер назарына «Айгүл - күйге бар әлем тамсанады» атты концертін ұсынады, онда барша әлемге әйгілі шығармалар мен халық композициялары орындалады, деп хабарлады astana.kz сайты. «Бұл жай концерт емес. Тыңдармандар шоу болады деп күтеді. Керемет музыка, жанды дыбыс. Біздің мақсатымыз - концертте домбырада ойнаудың жаңа қыр-сырын көрсету болып табылады. Музыка жаңаша орындалады. Белгелі композициялар рок және джаз стилінде ойналады. Бұл күні домбыраның үні рояль, гитара және басқа да ұлттық аспаптармен бірге шығады»,- деді astana.kz сайтына ұйымдастырушылар. Музыкалық кеш бағдарламасында Дина, Құрманғазы, Қазанғап, Нұрғиса Тілендиев, Ахмедияров, Зекинья де Абреу және басқа да әйгілі композиторлардың шығармалары орындалады. Атап айтқанда, «Аққу», «Бұлбұл», «Қайран шешем», «Алтын ұя», «Тико Тико» және т.б. Сондай-ақ, белгілі музыканттар, Айгүлдің шығармашылықтағы әріптестері де өз өнерлерін ортаға салады. Концертке Роза Рымбаева мен Ринат Ғайсин қатысады деп күтілуде. Айгүл Үлкенбаева эстрадалық өңделген күйлер мен классикалық шығармаларды орындайды. Ол көпшілікті аспапта ойнау шеберлігімен ғана емес, сонымен қатар, ерекше музыкалық шешімдерімен де тәнті етіп жүр. Заманауи музыкалық әуендегі өзіндік мотив - домбырашының ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Бұдан басқа, оның репертуарында әлем классикасының жауһарлары - Шуберт, Паганини, Моцарттың шығармаларынан попурри де бар. Айгүл Үлькенбаева шет елдерде Қазақстанның этникалық музыкалық мәдениетін таныстырып жүр. Концерт 10 қазанда сағат 19.00 «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Baq.kz  

10 қазанда Астанада танымал домбырашы Айгүл Үлкенбаеваның концертінде әлемнің классикалық шығармалары мен белгілі күйлер жаңаша орындалады. Қазақстандық әртіс көрермендер назарына «Айгүл - күйге бар әлем тамсанады» атты концертін ұсынады, онда барша әлемге әйгілі шығармалар мен халық композициялары орындалады, деп хабарлады astana.kz сайты.

«Бұл жай концерт емес. Тыңдармандар шоу болады деп күтеді. Керемет музыка, жанды дыбыс. Біздің мақсатымыз - концертте домбырада ойнаудың жаңа қыр-сырын көрсету болып табылады. Музыка жаңаша орындалады. Белгелі композициялар рок және джаз стилінде ойналады. Бұл күні домбыраның үні рояль, гитара және басқа да ұлттық аспаптармен бірге шығады»,- деді astana.kz сайтына ұйымдастырушылар.
Музыкалық кеш бағдарламасында Дина, Құрманғазы, Қазанғап, Нұрғиса Тілендиев, Ахмедияров, Зекинья де Абреу және басқа да әйгілі композиторлардың шығармалары орындалады. Атап айтқанда, «Аққу», «Бұлбұл», «Қайран шешем», «Алтын ұя», «Тико Тико» және т.б. Сондай-ақ, белгілі музыканттар, Айгүлдің шығармашылықтағы әріптестері де өз өнерлерін ортаға салады. Концертке Роза Рымбаева мен Ринат Ғайсин қатысады деп күтілуде.
Айгүл Үлкенбаева эстрадалық өңделген күйлер мен классикалық шығармаларды орындайды. Ол көпшілікті аспапта ойнау шеберлігімен ғана емес, сонымен қатар, ерекше музыкалық шешімдерімен де тәнті етіп жүр. Заманауи музыкалық әуендегі өзіндік мотив - домбырашының ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Бұдан басқа, оның репертуарында әлем классикасының жауһарлары - Шуберт, Паганини, Моцарттың шығармаларынан попурри де бар. Айгүл Үлькенбаева шет елдерде Қазақстанның этникалық музыкалық мәдениетін таныстырып жүр.
Концерт 10 қазанда сағат 19.00 «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.


Baq.kz

 

Ұқсас материалдар