Қандастар Ассамблея

Ғ.Мүсірепов театры Қызылордада өнер көрсетпек (Фото)

07.10.2013 4139
68 жылдық тарихы бар Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры үстіміздегі жылдың 21-26 қазан аралығында Қызылорда қаласындағы  Н.Бекежанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрында гастрольдік сапармен барады.  Осыған орай театрымыздың алғашқы гастрольдік шымылдығы мына қойылымдармен ашылады: М.Әуезов «Ай Қарагөз» трагедиясы (реж.Т.Теменов); С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» комедиясы (реж.М.Ахманов); Иран-Ғайып «Фатима» қасірет-намасы (реж.М.Ахманов); Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» мистикасы (реж.Б.Сейітмамытұлы); Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясы (реж.Ж.Хаджиев); Ө.Боранбаев «Ер көжек» музыкалық ертегісі (реж. И.Әбілмәжінов).                            Театрдың бүгінгі шығармашылық беталысынан, актерлік шығармашылық ойындарынан хабардар ететін гастрольдік  қойылымдарда Лидия Кәден, Гүлжамал Қазақбаева, Сағат Жылгелдиев, Жақсыбек Құрманбеков, Райхан Қалиолдина, Күлжәмила Бельжанова, Жомарт Зейнәбіл, Рахман Омар, Мұхитдин Шынтаев, Әсет Иманғали, Жанар Мақашева, Сәния Ерзат, Ақбота Қаймақбаева, Бейбіт Камаранов, Аида Жантілеуова тағы басқа театр жастарының өнерлерін тамашалай аласыздар. http://massaget.kz

68 жылдық тарихы бар Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры үстіміздегі жылдың 21-26 қазан аралығында Қызылорда қаласындағы  Н.Бекежанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрында гастрольдік сапармен барады. 

Осыған орай театрымыздың алғашқы гастрольдік шымылдығы мына қойылымдармен ашылады:

М.Әуезов «Ай Қарагөз» трагедиясы (реж.Т.Теменов);

С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» комедиясы (реж.М.Ахманов);

Иран-Ғайып «Фатима» қасірет-намасы (реж.М.Ахманов);

Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» мистикасы (реж.Б.Сейітмамытұлы);

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясы (реж.Ж.Хаджиев);

Ө.Боранбаев «Ер көжек» музыкалық ертегісі (реж. И.Әбілмәжінов).

 

                        

Театрдың бүгінгі шығармашылық беталысынан, актерлік шығармашылық ойындарынан хабардар ететін гастрольдік  қойылымдарда Лидия Кәден, Гүлжамал Қазақбаева, Сағат Жылгелдиев, Жақсыбек Құрманбеков, Райхан Қалиолдина, Күлжәмила Бельжанова, Жомарт Зейнәбіл, Рахман Омар, Мұхитдин Шынтаев, Әсет Иманғали, Жанар Мақашева, Сәния Ерзат, Ақбота Қаймақбаева, Бейбіт Камаранов, Аида Жантілеуова тағы басқа театр жастарының өнерлерін тамашалай аласыздар.

http://massaget.kz

Ұқсас материалдар