Қандастар Ассамблея

Алматының аудандық соттарында психологтар жас отбасыларға тегін кеңес өткізеді

07.10.2013 2007
Ертең Алматы қаласы Алатау ауданының сотында «Неке сақталсын!» тақырыбына арналған кездесу өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасына сілтеме жасап.  Іс-шараға Алматы қаласының жас отбасылары, қала құрылымдары мен қызметтерінің өкілдері, қалалық және аудандық сот өкілдері, бірлестік қатысушыларының 28 ұйымы (қоғамдық, жастар және студенттер ұйымдарының өкілдері) қатысады, делінген хабарламада. «Іс-шара барысында жас отбасылардың арасындағы ажырасу проблемалары көтерілетін видеоролик көрсетіледі. Ажырасуға өтініш білдірген жұптарға ақпараттық кітапшалар таратылады, сондай-ақ сағат 11-ден кешкі 5-ке дейін аудан соттарында кәсіби психологтар жас отбасыларға тегін жеке кеңес өткізеді»,- деп хабарлайды Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы.

Ертең Алматы қаласы Алатау ауданының сотында «Неке сақталсын!» тақырыбына арналған кездесу өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасына сілтеме жасап. 

Іс-шараға Алматы қаласының жас отбасылары, қала құрылымдары мен қызметтерінің өкілдері, қалалық және аудандық сот өкілдері, бірлестік қатысушыларының 28 ұйымы (қоғамдық, жастар және студенттер ұйымдарының өкілдері) қатысады, делінген хабарламада.

«Іс-шара барысында жас отбасылардың арасындағы ажырасу проблемалары көтерілетін видеоролик көрсетіледі. Ажырасуға өтініш білдірген жұптарға ақпараттық кітапшалар таратылады, сондай-ақ сағат 11-ден кешкі 5-ке дейін аудан соттарында кәсіби психологтар жас отбасыларға тегін жеке кеңес өткізеді»,- деп хабарлайды Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы.

Ұқсас материалдар