Қандастар Ассамблея

Алла Пугачева мен Максим Галкин балалы болды

07.10.2013 2156
64 жастағы Алла Пугачева мен 37 жастағы Максим Галкин ата-ана атанды. Жұлдызды жұптың отбасында егіздер дүниеге келген, деп хабарлайды РБК.  Суррогат ананың қызметіне жүгінген жұлдыздар сәбилерге Лиза және Гарри деген есім беріпті. Ал балалардың қай күні өмірге келгені белгісіз, деп жазады «Московский комсомолец». А.Пугачева мен М.Галкин 12 жылдан бері отасып келеді. Пугачеваның бірінші некеден қызы бар, ал Галкин алғаш рет әке атанып отыр. К.Орбакайте үшін сәбилердің өмірге келуі күтпеген жағдай болған. Ол әуежайдан түсе сала анасы мен М.Галкин тұратын Грязь кентіне жетіпті. Кристина анасы мен Максимді құттықтап, бұл олардың отбасындағы қуанышты оқиға екенін айтқан. Ата-ана атанған жұлдызды жұпты примадоннаның бұрынғы жұбайы Филипп Киркоров та құттықтады. «Алла бұл бақытқа лайық... қыз Аллаға, ал ұл бала Максимге ұқсайды»,- деді ол. Суррогаттық ана туралы ақпарат жоқ. Дегенмен бір жыл бұрын А.Пугачеваның 23 жастағы жанкүйері суррогат ана болуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Жас келіншек өз «қызметін» 1 млн рубльге бағалаған. BNews.kz

64 жастағы Алла Пугачева мен 37 жастағы Максим Галкин ата-ана атанды. Жұлдызды жұптың отбасында егіздер дүниеге келген, деп хабарлайды РБК. 
Суррогат ананың қызметіне жүгінген жұлдыздар сәбилерге Лиза және Гарри деген есім беріпті. Ал балалардың қай күні өмірге келгені белгісіз, деп жазады «Московский комсомолец».

А.Пугачева мен М.Галкин 12 жылдан бері отасып келеді. Пугачеваның бірінші некеден қызы бар, ал Галкин алғаш рет әке атанып отыр.

К.Орбакайте үшін сәбилердің өмірге келуі күтпеген жағдай болған. Ол әуежайдан түсе сала анасы мен М.Галкин тұратын Грязь кентіне жетіпті. Кристина анасы мен Максимді құттықтап, бұл олардың отбасындағы қуанышты оқиға екенін айтқан.

Ата-ана атанған жұлдызды жұпты примадоннаның бұрынғы жұбайы Филипп Киркоров та құттықтады. «Алла бұл бақытқа лайық... қыз Аллаға, ал ұл бала Максимге ұқсайды»,- деді ол.

Суррогаттық ана туралы ақпарат жоқ. Дегенмен бір жыл бұрын А.Пугачеваның 23 жастағы жанкүйері суррогат ана болуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Жас келіншек өз «қызметін» 1 млн рубльге бағалаған.

BNews.kz

Ұқсас материалдар