Қандастар Ассамблея

Алматының жұмыспен қамту орталығында жастардың саны артып келеді

04.10.2013 3240
Алматының жұмыспен қамту орталығында күз басынан бері жастар практикасынан өтуге ниет білдірген түлектердің саны көбейіп келеді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Жетісу ауданының жұмыссыз жүрген азаматтарына арналған бос орындар жәрмеңкесінде қаланың жұмыспен қамту басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде жыл басынан бері 500-ден астам адам қала кәсіпорындарында жастар практикасынан өткен. «Қолында колледждің немесе институттың дипломы бар, оқу бітірген студент бізге келіп, жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрады. Жұмыспен қамту орталығы арқылы біз оны ақысы төленетін практикаға жібереміз. Ол жарты жылға созылады, айына 22 мың теңге төленеді. Практикадан кейін басым көпшілігі Алматы кәсіпорындарына жұмысқа орналасып жатады»,- деді А. Қалықова.

Алматының жұмыспен қамту орталығында күз басынан бері жастар практикасынан өтуге ниет білдірген түлектердің саны көбейіп келеді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Жетісу ауданының жұмыссыз жүрген азаматтарына арналған бос орындар жәрмеңкесінде қаланың жұмыспен қамту басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде жыл басынан бері 500-ден астам адам қала кәсіпорындарында жастар практикасынан өткен. «Қолында колледждің немесе институттың дипломы бар, оқу бітірген студент бізге келіп, жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрады. Жұмыспен қамту орталығы арқылы біз оны ақысы төленетін практикаға жібереміз. Ол жарты жылға созылады, айына 22 мың теңге төленеді. Практикадан кейін басым көпшілігі Алматы кәсіпорындарына жұмысқа орналасып жатады»,- деді А. Қалықова.

Ұқсас материалдар