Қандастар Ассамблея

Н.Назарбаев ұстанып отырған қазақстандық даму жолына әлем қайраткерлері зор қызығушылық танытуда &nd

29.11.2012 2166
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұстанып отырған қазақстандық даму жолына әлем қайраткерлері зор қызығушылық танытуда. Бұл туралы бүгін Астанада «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты алғашқы Назарбаев оқулары халықаралық форумы барысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бұл форум – теңдесі жоқ саяси және ғылыми шара екендігі анық. Қазақстан Республикасының көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұстанып отырған қазақстандық даму жолы мен моделі әлем қайраткерлері тарапынан зор қызығушылық туғызып отыр», - деп атап өтті Б.Жұмағұлов. Министрдің пайымынша, бұл форумға әлемдік ой-жүйенің көрнекті өкілдерінің көптеп қатысуы тегін емес. «Елбасының басшылығымен еліміз ешкімге ұқсамайтын экономикалық дамуға қадам басты. Даму қарқыны жағынан ХХІ ғасырдағы көшбасшы мемлекеттердің қатарына қосылды», - деп түйіндеді ол.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұстанып отырған қазақстандық даму жолына әлем қайраткерлері зор қызығушылық танытуда. Бұл туралы бүгін Астанада «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты алғашқы Назарбаев оқулары халықаралық форумы барысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бұл форум – теңдесі жоқ саяси және ғылыми шара екендігі анық. Қазақстан Республикасының көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұстанып отырған қазақстандық даму жолы мен моделі әлем қайраткерлері тарапынан зор қызығушылық туғызып отыр», - деп атап өтті Б.Жұмағұлов.

Министрдің пайымынша, бұл форумға әлемдік ой-жүйенің көрнекті өкілдерінің көптеп қатысуы тегін емес.

«Елбасының басшылығымен еліміз ешкімге ұқсамайтын экономикалық дамуға қадам басты. Даму қарқыны жағынан ХХІ ғасырдағы көшбасшы мемлекеттердің қатарына қосылды», - деп түйіндеді ол.

Ұқсас материалдар