Қандастар Ассамблея

Астанада жылдың үздік ұстаздары марапатталды

03.10.2013 2341
Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында бүгін Астанада ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарын марапттады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  Салтанатты шараға қатысқан министр ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. «Ұстаздар күні – еліміздегі маңызы зор мерекелердің бірі. Себебі, адамзат қол жеткізген әрбір жетістікте мұғалім қауымының үлкен үлесі бар. Қазіргі заманның ұстазы – кәсіби деңгейі жоғары және саяси сауатты маман. Олардың ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектері өлшеусіз. Өйткені, елдің бәсекелестік қабілеті осы білім деңгейімен өлшенеді», - деді министр.  Биылғы жылдың сәуір айында аталған конкурс аудандық, қалалық деңгейде өткен болатын. Оған 5 532 педагог қатысты. Бұл өткен жылы конкурсқа қатысқан ұстаздар санынан 1 776 адамға артық. Ал облыс көлемінде өткен конкурсқа жалпы саны 553 мұғалім қатысты. Атап өтсек, өткен жылы бұл көрсеткіш 296 адамды құраған болатын. Өңірлік білім басқармалары конкурстың алдыңғы кезеңі бойынша 105 педагогті республикалық дейгейде бақ сынауға ұсынды. Соның нәтижесінде, бүгін республиканың 48 үздік мұғалімі «Үздік пелагог» атағын иеленіп, оларға 100 АЕК көлемінде (1 млн 731 мың теңге) сыйақы табыс етілді. «Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие беріп, ұлт болашағы үшін үлес қосатын жақсы мұғалім – мектеп жүрегі. Екі жылдан бері осы «Үздік педагог» байқауы өтіп келе жатыр. Сәйкесінше, біздің облысымызда да сәуір айында өтті. Аудандық деңгейде жалпы саны 21 мұғалім қатысты. Ол байқауда бас жүлдені иеленіп, облыстағы 25 мұғалім арасынан суырылып шықтық. Бүгінгі республикалық байқауға 7 педагог жетіп, оның 4-уі жеңімпаз атанды. Өте қуаныштымыз. Өскелең ұрпаққа сапалы тәрбие беруге уәде етеміз», - деді бүгінгі конкурс жеңімпаздарының бірі, Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Д.Қонаев атындағы №19 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Маржан Әбдіқадырова.  

Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында бүгін Астанада ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарын марапттады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Салтанатты шараға қатысқан министр ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

«Ұстаздар күні – еліміздегі маңызы зор мерекелердің бірі. Себебі, адамзат қол жеткізген әрбір жетістікте мұғалім қауымының үлкен үлесі бар. Қазіргі заманның ұстазы – кәсіби деңгейі жоғары және саяси сауатты маман. Олардың ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектері өлшеусіз. Өйткені, елдің бәсекелестік қабілеті осы білім деңгейімен өлшенеді», - деді министр. 

Биылғы жылдың сәуір айында аталған конкурс аудандық, қалалық деңгейде өткен болатын. Оған 5 532 педагог қатысты. Бұл өткен жылы конкурсқа қатысқан ұстаздар санынан 1 776 адамға артық. Ал облыс көлемінде өткен конкурсқа жалпы саны 553 мұғалім қатысты. Атап өтсек, өткен жылы бұл көрсеткіш 296 адамды құраған болатын. Өңірлік білім басқармалары конкурстың алдыңғы кезеңі бойынша 105 педагогті республикалық дейгейде бақ сынауға ұсынды. Соның нәтижесінде, бүгін республиканың 48 үздік мұғалімі «Үздік пелагог» атағын иеленіп, оларға 100 АЕК көлемінде (1 млн 731 мың теңге) сыйақы табыс етілді.

«Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие беріп, ұлт болашағы үшін үлес қосатын жақсы мұғалім – мектеп жүрегі. Екі жылдан бері осы «Үздік педагог» байқауы өтіп келе жатыр. Сәйкесінше, біздің облысымызда да сәуір айында өтті. Аудандық деңгейде жалпы саны 21 мұғалім қатысты. Ол байқауда бас жүлдені иеленіп, облыстағы 25 мұғалім арасынан суырылып шықтық. Бүгінгі республикалық байқауға 7 педагог жетіп, оның 4-уі жеңімпаз атанды. Өте қуаныштымыз. Өскелең ұрпаққа сапалы тәрбие беруге уәде етеміз», - деді бүгінгі конкурс жеңімпаздарының бірі, Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Д.Қонаев атындағы №19 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Маржан Әбдіқадырова.

 

Ұқсас материалдар