Қандастар Ассамблея

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі

03.10.2013 10361
Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар оркестрі – бұл Қазақстан Республикасы бойынша үлкен оркестрлердің бірі болып саналады. Оркестр 1990 жылы Облыстық халық депутаттары советінің №175 26.06.1990 ж. шешімімен халқымыздың ұлттық музыка дәстүрін жалғастырып, Қазақстан Республикасының халқын концертпен қамтитын және оркестрдің орындау шеберлігін одан әрі дамытып тек Республика көлемінде халықтық шығармалармен айналысып қана қоймай, бүкіл жер жүзі музыка әлеміндегі ең озық классиктердің таңдаулы шығармаларын орындайтындай дәрежеге жеткізі мақсатында құрылған үлкен ұжым. Оркестр халқымыздың ХІХ ғасырдағы көрнекті ұлы күйші – композиторы Дина Нұрпейісова есімімен аталады. Оркестрдің саз ұжымын тәрбиелеуде және музыкалық репертуарды таңдап оркестрдің орындау шеберлігін жоғары деңгейге көтеруде ең басты роль атқаратын осы оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор «Парасатң орденінің иегері – Рыспай Хисметұлы Ғабдиевтің еңбегі зор. Музыкалық аспаптар дер кезінде жөндеуден өткізіліп қадағаланып, күйге түсіріліп жарамды күйінде сақталады. Оркестрдің құрамында: домбыра, қобыз, саз-сырнай, прима-шертер, сыбызғы тағы да басқа әртүрлі саз музыкалық аспаптары бар. Оркестрдің облыс аралық концертпен қамту жұмысында да үлкен жетістіктер бар, орындау шеберліктерін тыңдаған ұжым көрермендер алдында үлкен ілтипат пен құрметке бөленуде. Оркестр өзінің репертуарын жиі-жиі өзгертіп жаңартып отырады, үлкен ізденіс үстінде тынбай жұмыс жасайды. Соның арқасында халық композиторлары Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Қазанғап, Түркеш т.б. күйлері және Қазақстан композиторлары: М.Төлебаев, Е.Бруссиловский, К.Күмісбеков, С.Мұхамеджанов, М.Қойшыбаев, А.Жұбанов, Н.Тілендиев, А.Жайымов т.б. белгілі композиторларымыздың музыкалық шығармалары оркестрдің репертуарына енгізіліп үлкен шеберлікпен орындалуда. Оркестрдің репертуарында П.Чайковский, Огинский, Глиэр, В.Моцарт, И.Штраус, И.Брамс, Ж.Бизе сияқты ірі орыс және шетел классик композиторларының шығармалары да бар. Оркестр құрылғанына 17 жыл мерзім ішінде репертуарын үнемі жаңартып отырады. Соның арқасында оркестрдің репертуары қазір 350 шығармаға жетті. Оркестрдің құрамында 70 адам жұмыс жасайды. Олар маман музыканттар: Алматы Мемлекеттік Консерваториясының түлектері және басқа да облыстарының шақырылып алынған жоғары білімді маман музыканттар. Оркестр ұжымының халқымызды концертпен қамтуда өз ерекшеліктері бар. Оркестр ұжымы Атырау облысының қашық жатқан аудандарын түгел аралап, ауыл шаруашылық еңбекшілері мен бірге мұнайшыларына да концертпен жиі барып көрермендердің алғысын алып жүр. Оркестр ұжымының концертін Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының және көршілес Астрахань облысының тұрғындары да әлденеше рет көріп тамашалады. Оркестр ұжымы бірнеше рет Тенгиз мұнай газ шаруашылығында болып шетел қонақтарының алдында концерт қойып, халқымыздың ұлттық музыка аспаптарының құдіретін танытты. Өте риза болған тыңдаушылардың атынан, орындау шеберліктері мен ерекше көзге түскен оркестр ұжымын әлденеше рет облыстық ақпарат құралдарыда жария етті. Дина Нұрпейісова атындағы оркестр атағына сай болу мақсатында халқымыздың ұлттық музыка дәстүрін жоғары ұстауға күш салады. Бұл репертуарды жаңартып отыру, концерттік жаңа бағдарламамен жиі-жиі гастрольге шығу және елеулі, аталуға тиісті мерекелік күндерге байланысты концерттік жаңа бағдарлама дайындап облыс еңбекшілерінің алдында теледидардан көріну, таспаға жазып архивке қалдыру жұмыстары да тыс қалмайды. Оркестр ұжымы өзінің тынбай ізденісімен еңбектенуінің арқасында осы өткен 17 жыл ішінде шыңдалған жоғары сауатты оркестр болып көрінуіне жол ашты. Бұған дәлел Алматыда Мұхтар Әуезов драма театрында өткен есеп беру шығармашылық концерті және Исатай Тайманұлының 200-жылдық салтанатты мерей тойына қойылған концерттік бағдарлама Мемлекет қайраткерлері мен астана көрермендерінің зор ықыласына , ілтипатына бөленді. Оркестрдің өміріндегі ерекше бір елеулі кезеңі бұл Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің ұйғарымымен 1994 жылы оркестр ұжымының Түркияда өткен «Средиземноморские грезың фестиваліне қатынасып Гран-При бас жүлдесін жеңіп алуы есте қалатын қуаныш болды. 1995 жылы Республикамызға белгілі композитор І.Жақановтың басқаруымен Қазақстан телевидения шығармашылық бірлестігі оркестр ұжымының толық концерттік бағдарламасын бейне таспаға түсіріп, Қазақстан Республикасының Алтын қорына тапсырды. Оркестр ұжымының үлкен шығармашылық шабыт берген кезкң: бұл оркестрдің Ресей елінде Астрахань қаласында болуы, 1995 жылы Дина Нұрпейісованың 130-жылдығы, 1995 жыл Абай Құнанбаевтың 150-жылдығы, 1996 жыл Құрманғазы кесенесінің ашылуы, 1995 жылы оркестр ұжымының концерттік бағдарламасы таспаға жазылды, 2000 жыл «Жолдастықң қазақ ұлттық мәдени қоғамына 10 жыл, осы аталған салтанатты кезеңдерде оркестр ұжымы ерекше көзге түсіп үлкен табыспен оралды. Атырау облыстық Мәдениет Басқармасының атына Астрахань облысы Мәдениет Департаментінің бастығы Н.С.Терещенко мырзаның атынан оркестр ұжымына, ризашылық білдірген Алғыс хат жіберілген. 1998 жылы оркестр ұжымы Республикамыздың орталығы Астана қаласының презентациясына қатынасып концерт қойды. 2000 жылы Дина Нұрпейісова оркестріне «Академиялықң деген құрметті атақ берілді. Оркестр концерттік бағдарламамен шығып қана қойған жоқ, ол осы 17 жыл ішнде көптеген облыстық, республикалық мереке, мерей тойлармен шараларға, конференцияларға жолдама алды.

Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар оркестрі – бұл Қазақстан Республикасы бойынша үлкен оркестрлердің бірі болып саналады.

Оркестр 1990 жылы Облыстық халық депутаттары советінің №175 26.06.1990 ж. шешімімен халқымыздың ұлттық музыка дәстүрін жалғастырып, Қазақстан Республикасының халқын концертпен қамтитын және оркестрдің орындау шеберлігін одан әрі дамытып тек Республика көлемінде халықтық шығармалармен айналысып қана қоймай, бүкіл жер жүзі музыка әлеміндегі ең озық классиктердің таңдаулы шығармаларын орындайтындай дәрежеге жеткізі мақсатында құрылған үлкен ұжым.

Оркестр халқымыздың ХІХ ғасырдағы көрнекті ұлы күйші – композиторы Дина Нұрпейісова есімімен аталады.

Оркестрдің саз ұжымын тәрбиелеуде және музыкалық репертуарды таңдап оркестрдің орындау шеберлігін жоғары деңгейге көтеруде ең басты роль атқаратын осы оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор «Парасатң орденінің иегері – Рыспай Хисметұлы Ғабдиевтің еңбегі зор.

Музыкалық аспаптар дер кезінде жөндеуден өткізіліп қадағаланып, күйге түсіріліп жарамды күйінде сақталады.

Оркестрдің құрамында: домбыра, қобыз, саз-сырнай, прима-шертер, сыбызғы тағы да басқа әртүрлі саз музыкалық аспаптары бар.

Оркестрдің облыс аралық концертпен қамту жұмысында да үлкен жетістіктер бар, орындау шеберліктерін тыңдаған ұжым көрермендер алдында үлкен ілтипат пен құрметке бөленуде.

Оркестр өзінің репертуарын жиі-жиі өзгертіп жаңартып отырады, үлкен ізденіс үстінде тынбай жұмыс жасайды. Соның арқасында халық композиторлары Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Қазанғап, Түркеш т.б. күйлері және Қазақстан композиторлары: М.Төлебаев, Е.Бруссиловский, К.Күмісбеков, С.Мұхамеджанов, М.Қойшыбаев, А.Жұбанов, Н.Тілендиев, А.Жайымов т.б. белгілі композиторларымыздың музыкалық шығармалары оркестрдің репертуарына енгізіліп үлкен шеберлікпен орындалуда.

Оркестрдің репертуарында П.Чайковский, Огинский, Глиэр, В.Моцарт, И.Штраус, И.Брамс, Ж.Бизе сияқты ірі орыс және шетел классик композиторларының шығармалары да бар.

Оркестр құрылғанына 17 жыл мерзім ішінде репертуарын үнемі жаңартып отырады. Соның арқасында оркестрдің репертуары қазір 350 шығармаға жетті.

Оркестрдің құрамында 70 адам жұмыс жасайды. Олар маман музыканттар: Алматы Мемлекеттік Консерваториясының түлектері және басқа да облыстарының шақырылып алынған жоғары білімді маман музыканттар.

Оркестр ұжымының халқымызды концертпен қамтуда өз ерекшеліктері бар. Оркестр ұжымы Атырау облысының қашық жатқан аудандарын түгел аралап, ауыл шаруашылық еңбекшілері мен бірге мұнайшыларына да концертпен жиі барып көрермендердің алғысын алып жүр. Оркестр ұжымының концертін Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының және көршілес Астрахань облысының тұрғындары да әлденеше рет көріп тамашалады. Оркестр ұжымы бірнеше рет Тенгиз мұнай газ шаруашылығында болып шетел қонақтарының алдында концерт қойып, халқымыздың ұлттық музыка аспаптарының құдіретін танытты. Өте риза болған тыңдаушылардың атынан, орындау шеберліктері мен ерекше көзге түскен оркестр ұжымын әлденеше рет облыстық ақпарат құралдарыда жария етті.

Дина Нұрпейісова атындағы оркестр атағына сай болу мақсатында халқымыздың ұлттық музыка дәстүрін жоғары ұстауға күш салады. Бұл репертуарды жаңартып отыру, концерттік жаңа бағдарламамен жиі-жиі гастрольге шығу және елеулі, аталуға тиісті мерекелік күндерге байланысты концерттік жаңа бағдарлама дайындап облыс еңбекшілерінің алдында теледидардан көріну, таспаға жазып архивке қалдыру жұмыстары да тыс қалмайды. Оркестр ұжымы өзінің тынбай ізденісімен еңбектенуінің арқасында осы өткен 17 жыл ішінде шыңдалған жоғары сауатты оркестр болып көрінуіне жол ашты. Бұған дәлел Алматыда Мұхтар Әуезов драма театрында өткен есеп беру шығармашылық концерті және Исатай Тайманұлының 200-жылдық салтанатты мерей тойына қойылған концерттік бағдарлама Мемлекет қайраткерлері мен астана көрермендерінің зор ықыласына , ілтипатына бөленді.

Оркестрдің өміріндегі ерекше бір елеулі кезеңі бұл Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің ұйғарымымен 1994 жылы оркестр ұжымының Түркияда өткен «Средиземноморские грезың фестиваліне қатынасып Гран-При бас жүлдесін жеңіп алуы есте қалатын қуаныш болды.

1995 жылы Республикамызға белгілі композитор І.Жақановтың басқаруымен Қазақстан телевидения шығармашылық бірлестігі оркестр ұжымының толық концерттік бағдарламасын бейне таспаға түсіріп, Қазақстан Республикасының Алтын қорына тапсырды. Оркестр ұжымының үлкен шығармашылық шабыт берген кезкң: бұл оркестрдің Ресей елінде Астрахань қаласында болуы, 1995 жылы Дина Нұрпейісованың 130-жылдығы, 1995 жыл Абай Құнанбаевтың 150-жылдығы, 1996 жыл Құрманғазы кесенесінің ашылуы, 1995 жылы оркестр ұжымының концерттік бағдарламасы таспаға жазылды, 2000 жыл «Жолдастықң қазақ ұлттық мәдени қоғамына 10 жыл, осы аталған салтанатты кезеңдерде оркестр ұжымы ерекше көзге түсіп үлкен табыспен оралды.

Атырау облыстық Мәдениет Басқармасының атына Астрахань облысы Мәдениет Департаментінің бастығы Н.С.Терещенко мырзаның атынан оркестр ұжымына, ризашылық білдірген Алғыс хат жіберілген.

1998 жылы оркестр ұжымы Республикамыздың орталығы Астана қаласының презентациясына қатынасып концерт қойды. 2000 жылы Дина Нұрпейісова оркестріне «Академиялықң деген құрметті атақ берілді.

Оркестр концерттік бағдарламамен шығып қана қойған жоқ, ол осы 17 жыл ішнде көптеген облыстық, республикалық мереке, мерей тойлармен шараларға, конференцияларға жолдама алды.

Ұқсас материалдар