Қандастар Ассамблея

Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры

03.10.2013 11042
Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-әрекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді. Осындай теартлардың бірі – атырау облысындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры. Театр 1938 жылдың 5 наурызында Халық Комиссариатының қаулысымен Мұнайшылар (Нефтянник) клубының негізінде құрылған. 1975 жылы театр жаңа ғимартқа көшті. Бұл жаңа ғимарат театр ұжымының творчествалық мүмкіндіктерін кеңейтуге үлкен себеп болды. Ташкент театр институтының түлегі, театрдың бас режиссері Т.Дүйсебаев қойған С.Мұхановтың «Ботагөз» спектаклі 1956-57 жылы Алматыда өткен алғашқы Республикалық театр көктемінде Қазақ ССР-ның мәдениет Министрлігінің сыйлығын алды. 1994 жылы театр коллективінің бұрынғы өзінің творчестволық басымдылығымен бүкіл Республикалық Жезқазған қаласында өткен С.Сейфуллиннің 100 жылдық той мерекесінде театрлар сайысының жеңімпазы болды. Онда Қ.Мырзалиевтің “Жаралы Жолбарыс” қойылымы I орын және Баймағамбет бейнесін сомдаған артис Т.Қуанышев Қазақстан республикасының  Еңбегі сіңген артисі, қоюшы режиссеры Ш.Кәрібаев махамбет атындағы сыйлықтың иегері атанды және “Жаралы Жолбарыс” қойылымы Египеттің Мысыр қаласына жолдама алды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Қазақстан театрларының IX фестивалінде, Алматы, Петропавл қаласында өзіміздің облыс орталығында Мұндайдың 100 жылдығында бүкіл шет елдік қонақтарға сый ретінде қойылған Республика бойынша алғашқы рет Р.Отарбаевтың “Бейбарыс” қойылымы (режиссері Ч.Зұлқаш) театрлар арасында үлкен өнер табысы болды. ЮНЕСКО шеңберінде тойланған Махамбет бабамыздың 200 жылдық тойына драматург С.Назарбекұлының “Махамбеттің бір күні” атты үлкен қойылым (режиссері Ч.Зұлқаш) табысты болды. 2006 жылдың қазан айында театр жаңа үлгіде ашылды. Күрделі жөндеуден кейін театрда 570 орындық. Қазіргі таңда 175 адам қызмет істейді, оның ішінде 53-ші актерлік қызметкерлер. Театр репертуары Т.Нұрмағамбетовтың «Үш әйел алған еркек», М.Ғапаров және И.Ғапаровтың «Қиямет қайым - Киота», Ф.Бөлековтың «Күйеу іздеген қыздар», И.Сапарбевтың «Сыған серенадасы», С.Сматаев пен Т.Теменовтың «Көгілдір такси», Р.Отарбаевтың «Нұр жауған ғұмыр» атты және т.б. қойылымдарымен толықты. Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-қарекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді.

Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-әрекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді. Осындай теартлардың бірі – атырау облысындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры.

Театр 1938 жылдың 5 наурызында Халық Комиссариатының қаулысымен Мұнайшылар (Нефтянник) клубының негізінде құрылған. 1975 жылы театр жаңа ғимартқа көшті. Бұл жаңа ғимарат театр ұжымының творчествалық мүмкіндіктерін кеңейтуге үлкен себеп болды.

Ташкент театр институтының түлегі, театрдың бас режиссері Т.Дүйсебаев қойған С.Мұхановтың «Ботагөз» спектаклі 1956-57 жылы Алматыда өткен алғашқы Республикалық театр көктемінде Қазақ ССР-ның мәдениет Министрлігінің сыйлығын алды.

1994 жылы театр коллективінің бұрынғы өзінің творчестволық басымдылығымен бүкіл Республикалық Жезқазған қаласында өткен С.Сейфуллиннің 100 жылдық той мерекесінде театрлар сайысының жеңімпазы болды. Онда Қ.Мырзалиевтің “Жаралы Жолбарыс” қойылымы I орын және Баймағамбет бейнесін сомдаған артис Т.Қуанышев Қазақстан республикасының  Еңбегі сіңген артисі, қоюшы режиссеры Ш.Кәрібаев махамбет атындағы сыйлықтың иегері атанды және “Жаралы Жолбарыс” қойылымы Египеттің Мысыр қаласына жолдама алды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Қазақстан театрларының IX фестивалінде, Алматы, Петропавл қаласында өзіміздің облыс орталығында Мұндайдың 100 жылдығында бүкіл шет елдік қонақтарға сый ретінде қойылған Республика бойынша алғашқы рет Р.Отарбаевтың “Бейбарыс” қойылымы (режиссері Ч.Зұлқаш) театрлар арасында үлкен өнер табысы болды.

ЮНЕСКО шеңберінде тойланған Махамбет бабамыздың 200 жылдық тойына драматург С.Назарбекұлының “Махамбеттің бір күні” атты үлкен қойылым (режиссері Ч.Зұлқаш) табысты болды.

2006 жылдың қазан айында театр жаңа үлгіде ашылды. Күрделі жөндеуден кейін театрда 570 орындық. Қазіргі таңда 175 адам қызмет істейді, оның ішінде 53-ші актерлік қызметкерлер.

Театр репертуары Т.Нұрмағамбетовтың «Үш әйел алған еркек», М.Ғапаров және И.Ғапаровтың «Қиямет қайым - Киота», Ф.Бөлековтың «Күйеу іздеген қыздар», И.Сапарбевтың «Сыған серенадасы», С.Сматаев пен Т.Теменовтың «Көгілдір такси», Р.Отарбаевтың «Нұр жауған ғұмыр» атты және т.б. қойылымдарымен толықты.

Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-қарекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді.

Ұқсас материалдар