Қандастар Ассамблея

Тарих жалпыға ортақ және түсінікті тілде жазылуы тиіс – профессор

03.10.2013 1890
Тарих жалпыға ортақ және түсінікті тілде жазылуы керек. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында профессор, тарих ғылмдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов мәлімдеді.  «Қазір ұлттық тарихты зерделеу және ел тарихын біріздендіру бойынша жұмыстар қолға алынып жатыр. Жалпы, мен мына нәрселерді атап өтер едім. Тарихи деректердің әлі де толықтай жаңғырмағанын байқауға болады. Бұрынғы кеңестік замандағы мәліметтер кәдеге жаратылып жатыр. Сондықтан, біріншіден, жете зерттеліп, жаңартылған материалдарды пайдалануымыз керек. Екіншіден, қазақ тілі бай дейміз. Туған тіліміздің құдіреттілігін осы мақсатта да пайдалану керек», - деді тарихшы. Яғни, оның айтуынша, ғылыми терминдерден арылып, тарих жалпыға ортақ, түсінікті тілде жазылуы тиіс. «Ал үшіншіден, қазір Қазақстан ғылымына жастар келіп жатыр дейміз ғой. Бірақ, олардың кәсіби деңгейі төмен. Мысалы, Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтпаев, Олжас Сүлейменов сынды ғалымдардың 35-40 жас шамасында қол жеткізген жетістіктеріне бүгінгі 35-40 жастағы ғалымдар әлі жете алған жоқ, тіпті жақындамады да. Міне, мен осындай кемшіліктерді айтар едім», - деп түйіндеді Хангелді Әбжанов.

Тарих жалпыға ортақ және түсінікті тілде жазылуы керек. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында профессор, тарих ғылмдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов мәлімдеді. 

«Қазір ұлттық тарихты зерделеу және ел тарихын біріздендіру бойынша жұмыстар қолға алынып жатыр. Жалпы, мен мына нәрселерді атап өтер едім. Тарихи деректердің әлі де толықтай жаңғырмағанын байқауға болады. Бұрынғы кеңестік замандағы мәліметтер кәдеге жаратылып жатыр. Сондықтан, біріншіден, жете зерттеліп, жаңартылған материалдарды пайдалануымыз керек. Екіншіден, қазақ тілі бай дейміз. Туған тіліміздің құдіреттілігін осы мақсатта да пайдалану керек», - деді тарихшы.

Яғни, оның айтуынша, ғылыми терминдерден арылып, тарих жалпыға ортақ, түсінікті тілде жазылуы тиіс.

«Ал үшіншіден, қазір Қазақстан ғылымына жастар келіп жатыр дейміз ғой. Бірақ, олардың кәсіби деңгейі төмен. Мысалы, Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтпаев, Олжас Сүлейменов сынды ғалымдардың 35-40 жас шамасында қол жеткізген жетістіктеріне бүгінгі 35-40 жастағы ғалымдар әлі жете алған жоқ, тіпті жақындамады да. Міне, мен осындай кемшіліктерді айтар едім», - деп түйіндеді Хангелді Әбжанов.

Ұқсас материалдар