YouTube-нің өз музыкалық сыйлығы болады

02.10.2013 2143
YouTube ірі бейнепорталының өз музыкалық сыйлығы болмақ. Алғашқы марапаттау салтанаты қарашада болады. Үміткерлер жыл ішінде YouTube-де көрілген бейнероликтер арасынан таңдалады. Ең көп көрілімге ие болған бейнесюжет жеңімпаз болмақ. Шара Нью-Йоркте өтеді және интернет арқылы тікелей таратылады. Салтанатты жүргізу Джейсон Шварцманға жүктеліп отыр. Леди Гага, Эминем, Arcade Fire тобы және басқа да әртістер өздерінің музыкалық нөмірін көрсетеді. Сайттың негізін 2005 жылы Калифорнияда PayPal компаниясының бұрынғы үш қызметкері қалаған. 2006 жылы оны Google интернет компаниясы 1,7 млрд. долларға жуық қаржыға сатып алды. ҚазАқпарат

YouTube ірі бейнепорталының өз музыкалық сыйлығы болмақ. Алғашқы марапаттау салтанаты қарашада болады.

Үміткерлер жыл ішінде YouTube-де көрілген бейнероликтер арасынан таңдалады. Ең көп көрілімге ие болған бейнесюжет жеңімпаз болмақ.

Шара Нью-Йоркте өтеді және интернет арқылы тікелей таратылады. Салтанатты жүргізу Джейсон Шварцманға жүктеліп отыр. Леди Гага, Эминем, Arcade Fire тобы және басқа да әртістер өздерінің музыкалық нөмірін көрсетеді.

Сайттың негізін 2005 жылы Калифорнияда PayPal компаниясының бұрынғы үш қызметкері қалаған. 2006 жылы оны Google интернет компаниясы 1,7 млрд. долларға жуық қаржыға сатып алды.

ҚазАқпарат

Ұқсас материалдар