Қандастар Ассамблея

Е-history.kz веб-порталы қоғамда сұраныс болғандықтан дүниеге келді - Қ.Жұмағұлов

02.10.2013 2359
Жақында іске қосылған е-history.kz веб-порталы қоғамда сұраныс болғандықтан дүниеге келді. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан құрылған Дүниежүзі тарихын зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы Қалқаман Жұмағұлов осындай пікір білдірді. «Жаңа портал өте керек. Ол білім мен ғылым саласының қызметкерлері, оқушылар, студенттер үшін қажет. Сондай-ақ біздің қоғамда да тарихқа деген сұраныс бар. Біздің шынайы тарихымыз қандай, ол қай жерден басталады? Біздің әлемдік өркениетте, әлемдік тарихта орнымыз қандай? Яғни, жаңа портал қоғамда сұраныс болғандықтан дүниеге келді. Бұл порталдың үлкен маңызы бар екенін ерекше атап өткім келеді», - деді тарихшы.  Айта кетейік, 25 қыркүйекте іске қосылған e-history.kz веб-порталына осы күнге дейін 10 мыңнан астам адам кіріп, жаңа сайтпен танысқан. Порталға кіргендердің 2,5 мыңнан астамы Алматы қаласының тұрғындары. Осынша астаналық та жаңа веб-порталға қызығушылық танытқан. Көш бастап тұрған бес қаланың қатарында, сондай-ақ Теміртау, Қостанай мен Семей бар. Мұнымен қатар әлемнің 55 елінен де порталға кіргендер тіркелген.

Жақында іске қосылған е-history.kz веб-порталы қоғамда сұраныс болғандықтан дүниеге келді. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан құрылған Дүниежүзі тарихын зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы Қалқаман Жұмағұлов осындай пікір білдірді.

«Жаңа портал өте керек. Ол білім мен ғылым саласының қызметкерлері, оқушылар, студенттер үшін қажет. Сондай-ақ біздің қоғамда да тарихқа деген сұраныс бар. Біздің шынайы тарихымыз қандай, ол қай жерден басталады? Біздің әлемдік өркениетте, әлемдік тарихта орнымыз қандай? Яғни, жаңа портал қоғамда сұраныс болғандықтан дүниеге келді. Бұл порталдың үлкен маңызы бар екенін ерекше атап өткім келеді», - деді тарихшы. 

Айта кетейік, 25 қыркүйекте іске қосылған e-history.kz веб-порталына осы күнге дейін 10 мыңнан астам адам кіріп, жаңа сайтпен танысқан. Порталға кіргендердің 2,5 мыңнан астамы Алматы қаласының тұрғындары. Осынша астаналық та жаңа веб-порталға қызығушылық танытқан. Көш бастап тұрған бес қаланың қатарында, сондай-ақ Теміртау, Қостанай мен Семей бар. Мұнымен қатар әлемнің 55 елінен де порталға кіргендер тіркелген.

Ұқсас материалдар