Қандастар Ассамблея

Соғыстан кейінгі жылдардағы сызуды оқыту

01.10.2013 2536
Соғыс және соғыстан кейінгі жылдары сызуды оқыту саласында елеулі өзгерістер болған жоқ.Сызуды оқыту әдістері мен жүйесіндегі қалыптасқан жағдайларды қайта қарауға 1947-48 оқу жылында басты қадам жасалды. Барлық сызу курсы екіге бөлінді: біріншісі жетінші сынып, екіншісі сегіз бен оныншы сыныптар аралығы болды. Жетінші сыныптағы сызуды оқыту бастауыш сызу мәліметтерін меңгерту сипатында болды.Оқушылар бұл сыныптарда сызу кұралдарын қолдануға үйреніп, геометриалық құрылымдарды орындауға жаттықты, зат бейнесін жазықтық бетінде орындау тәсілдерімен танысты. Сызудың негізгі курсы 8-10 сыныптарда оқытылып, оқушылар геометриялық және проекциялық сызумен таныстырылды. Бұл сызба геометрия элементтерімен байланыстырылып оқытылды. Бұл кезде сызу пәні біртіндеп, жоғары оқу орнында сызба геометриясы мен техникалық сызуды оқуға дайындайтын пән ретінде қалыптаса бастады.1958 жылы КСРО Жоғары кеңесі КСРО халыққа білім беру жүйесін онан әрі дамыту, мектепті өмірмен байланыстыру туралы заң қабылдады. Бұл кездегі сызу курсы алдындағылардан мүлдем өзгеше болды. Оқыту негізіне кеңістік формаларын жазықтық бетінде бейнелеуді, техникалық сызбаларды орындаудың ережелері мен шарттарын, бөлшектердің қосындыларының көріністерін оқып үйрену алынды. 1960 жылы мектептегі білім беру мазмұны мен әдістеріне қайта құру жасалды.Сызу пәні 6-8 сыныптарда оқытылатын болып оны оқыту бағдарламасы қайта жасалынды. Бұл бағдарламаға өту 1972-73 оқу жылынан бастау жоспарланды. Бірақ бұл орындалмады. Сызу 1980-81 оқу жылына дейін 7-8 сыныптарда ( 7 сыныпта - аптасына 1 сағат, 8 сыныпта аптасына 2 сағат) оқытылды. Осы уақытта 9-10 сыныптарға арналған бір жылға 70 сағатқа есептелген сызудан үш түрлі факультатив курсын оқытуға шешім қабылдады. Бұл кезеңде сызу курсын оқытудың мақсат міндеттері өзгермей оқушыларға техникалық сызбалар мен эскиздерді оқи білу мен сызбаларды орындау дағдыларын дамыту болып өзгеріссіз қалдырылды.1980-81 оқу жылында 7-8 сыныптарда сызуды оқытуға бір жылға 68 сағат бөлінді.Курс бағдарламасынан «Жазықтық беттерінің тегістігін белгілеу», «Тісті берілістер, доңғалақтар мен берілістер» атты тақырыптар алынып тасталды. 1986-87 оқу жылындағы мектеп реформасына сәйкес сызуды оқытуды 7 сыныптан бастап жаңа құрылымға сай ерте қолға алу көзделді. Осыған байланысты сызуды оқыту мазмұны белгілі дәрежеде өзгерістерге түсті. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты, материалдарды қабылдауды жеңілдету мақсатында оқыту бағдарламасы қайта қаралып, жаңа оқулық дайындалды. Бағдарламадан күрделі тақырыптар алынып тасталып, оқушылардың шығармашылық қабылеттерін дамытатын жаңа тапсырмалар енгізілді. Ералин Қ. Матеева Т.

Соғыс және соғыстан кейінгі жылдары сызуды оқыту саласында елеулі өзгерістер болған жоқ.Сызуды оқыту әдістері мен жүйесіндегі қалыптасқан жағдайларды қайта қарауға 1947-48 оқу жылында басты қадам жасалды. Барлық сызу курсы екіге бөлінді: біріншісі жетінші сынып, екіншісі сегіз бен оныншы сыныптар аралығы болды. Жетінші сыныптағы сызуды оқыту бастауыш сызу мәліметтерін меңгерту сипатында болды.Оқушылар бұл сыныптарда сызу кұралдарын қолдануға үйреніп, геометриалық құрылымдарды орындауға жаттықты, зат бейнесін жазықтық бетінде орындау тәсілдерімен танысты. Сызудың негізгі курсы 8-10 сыныптарда оқытылып, оқушылар геометриялық және проекциялық сызумен таныстырылды. Бұл сызба геометрия элементтерімен байланыстырылып оқытылды. Бұл кезде сызу пәні біртіндеп, жоғары оқу орнында сызба геометриясы мен техникалық сызуды оқуға дайындайтын пән ретінде қалыптаса бастады.1958 жылы КСРО Жоғары кеңесі КСРО халыққа білім беру жүйесін онан әрі дамыту, мектепті өмірмен байланыстыру туралы заң қабылдады. Бұл кездегі сызу курсы алдындағылардан мүлдем өзгеше болды. Оқыту негізіне кеңістік формаларын жазықтық бетінде бейнелеуді, техникалық сызбаларды орындаудың ережелері мен шарттарын, бөлшектердің қосындыларының көріністерін оқып үйрену алынды.

1960 жылы мектептегі білім беру мазмұны мен әдістеріне қайта құру жасалды.Сызу пәні 6-8 сыныптарда оқытылатын болып оны оқыту бағдарламасы қайта жасалынды. Бұл бағдарламаға өту 1972-73 оқу жылынан бастау жоспарланды. Бірақ бұл орындалмады. Сызу 1980-81 оқу жылына дейін 7-8 сыныптарда ( 7 сыныпта - аптасына 1 сағат, 8 сыныпта аптасына 2 сағат) оқытылды. Осы уақытта 9-10 сыныптарға арналған бір жылға 70 сағатқа есептелген сызудан үш түрлі факультатив курсын оқытуға шешім қабылдады.

Бұл кезеңде сызу курсын оқытудың мақсат міндеттері өзгермей оқушыларға техникалық сызбалар мен эскиздерді оқи білу мен сызбаларды орындау дағдыларын дамыту болып өзгеріссіз қалдырылды.1980-81 оқу жылында 7-8 сыныптарда сызуды оқытуға бір жылға 68 сағат бөлінді.Курс бағдарламасынан «Жазықтық беттерінің тегістігін белгілеу», «Тісті берілістер, доңғалақтар мен берілістер» атты тақырыптар алынып тасталды. 1986-87 оқу жылындағы мектеп реформасына сәйкес сызуды оқытуды 7 сыныптан бастап жаңа құрылымға сай ерте қолға алу көзделді. Осыған байланысты сызуды оқыту мазмұны белгілі дәрежеде өзгерістерге түсті. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты, материалдарды қабылдауды жеңілдету мақсатында оқыту бағдарламасы қайта қаралып, жаңа оқулық дайындалды. Бағдарламадан күрделі тақырыптар алынып тасталып, оқушылардың шығармашылық қабылеттерін дамытатын жаңа тапсырмалар енгізілді.

Ералин Қ. Матеева Т.

Ұқсас материалдар