Қандастар Ассамблея

'Хабар' агенттігі 'Сұлтан Сүлеймен' телехикаясының бір сериясын 5 мың еуроға сатып а

01.10.2013 2272
"Хабар" арнасы белгілі "Сұлтан Сүлеймен" түрік телехикаясының бір сериясы 5 мың еуроға сатып алған. Бұл жөнінде бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Басқарма төрағасының айтуынша, шетелдік өнімдерді сатып алуға арна бюджетінің 1 млрд теңгеден астамы жұмсалады екен. Айталық, белгілі "Сұлтан Сүлеймен" түрік телехикаясының бір сериясын агенттік 5 мың еуроға сатып алған. "Сұлтан Сүлеймен" телехикаясы рейтингісі ең жоғары және қымбат сериал болды", - деп атап өтті Айдос Үкібай. Басқарма төрағасы өз сөзінде арнаның коммерциялық табысына да тоқталды. 2011 жылы арнаның коммерциялық табысы 1 млрд 319 млн теңге болса, 2012 жылы бұл сома 1 млрд 242 млн теңгені құраған. "Бұл қаражаттың барлығы дивиденд арқылы мемлекетке беріледі. 50 пайызын арнаның дамуына жұмсадық. Техникалық жабдықтауға қажет қаржыны коммерциялық табысымыздан жұмсаймыз", - деді ол. Ал "Қазақстан" РТРК шетелдік туындыларды сатып алуға бюджеттің 5,4 пайызын жұмсайды. 2010 жылы арнаның жарнамадан түскен табысы 990 млн теңге болса, 2011 жылы ол 1 млрд 130 млн теңге, 2012 - 1 млрд. 452 млн теңгеге жеткен. 2013 жылы да арнаның коммерциялық кірісі 1 млрд 450 млн теңге шамсында болады деп күтілуде. Baq.kz

"Хабар" арнасы белгілі "Сұлтан Сүлеймен" түрік телехикаясының бір сериясы 5 мың еуроға сатып алған. Бұл жөнінде бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Басқарма төрағасының айтуынша, шетелдік өнімдерді сатып алуға арна бюджетінің 1 млрд теңгеден астамы жұмсалады екен. Айталық, белгілі "Сұлтан Сүлеймен" түрік телехикаясының бір сериясын агенттік 5 мың еуроға сатып алған.
"Сұлтан Сүлеймен" телехикаясы рейтингісі ең жоғары және қымбат сериал болды", - деп атап өтті Айдос Үкібай.
Басқарма төрағасы өз сөзінде арнаның коммерциялық табысына да тоқталды. 2011 жылы арнаның коммерциялық табысы 1 млрд 319 млн теңге болса, 2012 жылы бұл сома 1 млрд 242 млн теңгені құраған.
"Бұл қаражаттың барлығы дивиденд арқылы мемлекетке беріледі. 50 пайызын арнаның дамуына жұмсадық. Техникалық жабдықтауға қажет қаржыны коммерциялық табысымыздан жұмсаймыз", - деді ол.
Ал "Қазақстан" РТРК шетелдік туындыларды сатып алуға бюджеттің 5,4 пайызын жұмсайды. 2010 жылы арнаның жарнамадан түскен табысы 990 млн теңге болса, 2011 жылы ол 1 млрд 130 млн теңге, 2012 - 1 млрд. 452 млн теңгеге жеткен. 2013 жылы да арнаның коммерциялық кірісі 1 млрд 450 млн теңге шамсында болады деп күтілуде.

Baq.kz

Ұқсас материалдар