Қандастар Ассамблея

«Барыс» Минскіде «Динамоны» жеңді

01.10.2013 2047
Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатында 30 қыркүйек күні түнде Беларусьтің астанасы – Минск қаласында жергілікті «Динамомен» кездесіп, алаң иелерін 5:2 (1:0, 3:2, 1:0) етіп жеңді. Бұл туралы Егемен Қазақстан Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. Матч «Минск-Арена» стадионында өтті. Онда бірінші болып 5-минутта Талғат Жайлауов есеп ашты. Алаң иелері бұған екінші кезеңде ғана жауап қайтара алды. Олар есепті теңестіріп қана қоймай, тіпті алға да шығып кетті. Мұны біздің Виталий Еремеев қорғаған қақпаға бір минуттың ішінде екі шайба салған Олег Горошко пен Алексей Ефименко жасады. Алайда, «Барыстың» шабуылшысы Брэндон Боченски салған екі шайба тағы да қонақтарды алға шығарды. Ал Роман Старченконың голы айырманы екі шайбаға дейін жеткізді. Соңғы кезеңде астаналықтар минскіліктердің Ларс Хауген қорғаған қақпасын тағы бір мәрте дәл көздеді. Оны тағы да Брэндон Боченски түсіріп, хет-трик жасады. Осы жеңістен кейін ұпай санын 24-ке жеткізген «Барыс» Шығыс конференциясындағы топ бастаушылық рөлін өзіне қайтарып алды. Ол осының алдында ғана алдын орап кеткен Қазанның «Ақ Барысын» тағы 1 ұпаймен артта қалдырды. Бұған қоса, астаналықтардың одан бір ойыны кем. «Барыс» келесі ойынын 2 қазан күні Мәскеуде «Спартакқа» қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен сағат 21:30-да басталады.

Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатында 30 қыркүйек күні түнде Беларусьтің астанасы – Минск қаласында жергілікті «Динамомен» кездесіп, алаң иелерін 5:2 (1:0, 3:2, 1:0) етіп жеңді. Бұл туралы Егемен Қазақстан Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Матч «Минск-Арена» стадионында өтті. Онда бірінші болып 5-минутта Талғат Жайлауов есеп ашты. Алаң иелері бұған екінші кезеңде ғана жауап қайтара алды. Олар есепті теңестіріп қана қоймай, тіпті алға да шығып кетті. Мұны біздің Виталий Еремеев қорғаған қақпаға бір минуттың ішінде екі шайба салған

Олег Горошко пен Алексей Ефименко жасады. Алайда, «Барыстың» шабуылшысы Брэндон Боченски салған екі шайба тағы да қонақтарды алға шығарды. Ал Роман Старченконың голы айырманы екі шайбаға дейін жеткізді.

Соңғы кезеңде астаналықтар минскіліктердің Ларс Хауген қорғаған қақпасын тағы бір мәрте дәл көздеді. Оны тағы да Брэндон Боченски түсіріп, хет-трик жасады.

Осы жеңістен кейін ұпай санын 24-ке жеткізген «Барыс» Шығыс конференциясындағы топ бастаушылық рөлін өзіне қайтарып алды. Ол осының алдында ғана алдын орап кеткен Қазанның «Ақ Барысын» тағы 1 ұпаймен артта қалдырды. Бұған қоса, астаналықтардың одан бір ойыны кем.

«Барыс» келесі ойынын 2 қазан күні Мәскеуде «Спартакқа» қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен сағат 21:30-да басталады.

Ұқсас материалдар