Қандастар Ассамблея

Астанада ең үздік білім мекемелері анықталады

30.09.2013 2399
4 қазанда Астанада Конгресс-холлда қала әкімінің қатысуымен Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді. Бұл күні ең үздік білім мекемелеріне гранттар бөлінбек. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан хабарлады. Оқу орындары «Үздік бала бақша-2013», «Үздік мектеп-2013», «Үздік қосымша білім беру мекемесі-2013», «Үздік колледж-2013», «Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы-2013», «Жыл ұстазы-2013» аталымдары бойынша марапатталады. Салтанатты рәсім барысында мерекелік концерт ұйымдастырылады. Қазақстандық эстрада жұлдыздары елордалық мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтайды. Атап айтқанда, Лаки Кесоглу, Бауыржан Исаев, Нұрлан Абдуллин, Ринат Малцагов, Альбина Оганесян, Марина Бисеханова, Володя Ким, сондай-ақ Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, «Астана Опера» мемлекетті опера және балет театрының әншілері мен қалалық Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары. Елордалық Білім басқармасы astana.kz сайтына хабарлағандай, Мұғалімдер күнін атап өтуге ҚР Білім және ғылым министрі, қала басшысының орынбасары, ҚР парламентінің депутаттары, газет редакторлары, ҚР БҒМ жауапты қызметкерлері, комитеттер, департаменттер, әкім аппаратының, қалалық маслихаттың басшылары, үздік ұстаздар мен педагогтар, педагогикалық еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, бастапқы, орта кәсіби және жоғары білім мекемелерінің жетекшілері, барлығы 1627 адам шақырылды Baq.kz

4 қазанда Астанада Конгресс-холлда қала әкімінің қатысуымен Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді. Бұл күні ең үздік білім мекемелеріне гранттар бөлінбек. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан хабарлады.

Оқу орындары «Үздік бала бақша-2013», «Үздік мектеп-2013», «Үздік қосымша білім беру мекемесі-2013», «Үздік колледж-2013», «Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы-2013», «Жыл ұстазы-2013» аталымдары бойынша марапатталады.

Салтанатты рәсім барысында мерекелік концерт ұйымдастырылады. Қазақстандық эстрада жұлдыздары елордалық мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтайды. Атап айтқанда, Лаки Кесоглу, Бауыржан Исаев, Нұрлан Абдуллин, Ринат Малцагов, Альбина Оганесян, Марина Бисеханова, Володя Ким, сондай-ақ Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, «Астана Опера» мемлекетті опера және балет театрының әншілері мен қалалық Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары.

Елордалық Білім басқармасы astana.kz сайтына хабарлағандай, Мұғалімдер күнін атап өтуге ҚР Білім және ғылым министрі, қала басшысының орынбасары, ҚР парламентінің депутаттары, газет редакторлары, ҚР БҒМ жауапты қызметкерлері, комитеттер, департаменттер, әкім аппаратының, қалалық маслихаттың басшылары, үздік ұстаздар мен педагогтар, педагогикалық еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, бастапқы, орта кәсіби және жоғары білім мекемелерінің жетекшілері, барлығы 1627 адам шақырылды

 Baq.kz

Ұқсас материалдар