Қандастар Ассамблея

Астанада Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналған концерт өтті

28.09.2013 2765
Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында атақты қазақ композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Концертке «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының балет труппасы, хоры мен оркестрі және Қазақстанның мәдениет шеберлері қатысты.  Айта кетейік, М.Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокальды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. Оның шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық.  М.Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығарма жазып үлгерген. Бұлардың ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша ден қойдырады. Әсіресе, «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың ХХ ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі құнарлы туынды. Нағыз өнердің табиғатына тән төлтумалық «Біржан-Сара» операсының өн бойынан айқын аңғарылып отырады. М.Төлебаев – қазақтың кәсіби музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бірі. Әйгерім ТҰҚЫШЕВА, суреттерді автор түсірген

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында атақты қазақ композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Концертке «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының балет труппасы, хоры мен оркестрі және Қазақстанның мәдениет шеберлері қатысты. 


Айта кетейік, М.Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокальды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. Оның шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық. 

М.Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығарма жазып үлгерген. Бұлардың ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша ден қойдырады.

Әсіресе, «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың ХХ ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі құнарлы туынды. Нағыз өнердің табиғатына тән төлтумалық «Біржан-Сара» операсының өн бойынан айқын аңғарылып отырады.

М.Төлебаев – қазақтың кәсіби музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бірі.

Әйгерім ТҰҚЫШЕВА, суреттерді автор түсірген

Ұқсас материалдар