Қандастар Ассамблея

М.В.Ломоносовтың Ресейде ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің дамуындағы рөлі.

27.09.2013 5314
Ресей ғылымы мен ағарту ісін дамыту үшін ғұлама орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносовтың қызметінің мәні ерекше болды. Шаруа-теңізшінің баласы, ол сауатын ерте ашты. Сол кездегі басқа орыс балалары сияқты ол білімін оқуын діни кітаптарды оқудан бастады, оның алғашқы оқыған кітаптары Смотрицкийдің гармматика оқулығы мен Магницкийдің арифметикасы болды. Ол онтоғыз жасында Москваға жаяу келіп, өзінің шыққан тегін жасырып, Славян-грек-латын академиясына оқуға түседі. Ломоносовтың дара қабілеттілігі, ерекше еңбек-сүйгіштігі және тез қалыптасқан жетістіктері Академия басшыларының оған көңіл аударуына себепші болады. 1736 жылы ол 12 үздік шәкірттің бірі болып Петербургке жіберіледі, содан кейін білімін жалғастыру үшін шетелге жіберіледі. 1741 жылдан М.В.Ломоносовтың белсенді, ерекше жемісті, жан-жақты ғылыми және ағартушылық қызметі басталады. 1745 жылы Петербург Ғылым академиясының химия профессоры болып тағайындалады, кейіннен академик болып сайланады. Ломоносов Ресейде көптеген ғылымның негізін қалады. Оның жан-жақты ғұламалығы туралы А.С.Пушкин өте орынды бағаберді: “Ғажайып күш-жігерді, ғажайып ғұламалықпен ұштастыра отырып, Ломоносов ағарту ісінің барлық саласының татты. Ғылымға деген шөлдеу жан дүниесінің күшті құмарлығы еді. Тарихшы, шешен, механик, химик, минералог, суретші және өлеңші – ол бәрін сынап көрді, бәріне бойлай білді”. Ломоносов философиялық материализм негізінде құрылған орыс классикалық философиясының Ресейдегі ғылыми жаратылыстанудың негізін салды. Ол бірінші рет әлемдік ғылым тарихында табиғаттың негізгі заңы – материяен қозғалыстың сақталу заңының бірден-бір толық және дәл анықтамасын берді. М.В.Ломоносовтың ғылымға сіңірген еңбегін европа ғалымдарының – замандастарының мойындауының объективтік дәлелі болып табылатын оның швеция академиясын құрметті мүшесі (1760ж) және Балон академиясының құрметті мүшесі (1763ж) сайлануы, ал француз ғалымы Н.Леклерктің мойындауынша М.В.Ломоносовтың есімі “адамзат ақыл-ойының жинамасында бір дәуірді құрайды” деп жоғары баға берген болатын-ды. Орыс ғалымы мен ағарту ісінің жалынды жаршысы, Ломоносов орыс ғылымын дамытуға және отандық ғылыми кадрларды даярлауға қарсы болған реакционерлермен белсенді күрес жүргізді. Ол қарапайым адамдар үшін университеттерге еркін түсе алатын болуы керектігін талап етті, текке бөлінбейтін мектептер ашуға тоқталды. Ломоносовтың айтуынша, жоғары мектептің өзінің “регламенті” (жарғысы) болуы керек деді. Жоғары мектепке еркіндік және жеңілдіктер берілуі қажет. М.В.Ломоносовтың ұсынысымен және оның жобасымен 1755 жылы Москва университеті ашылды. Үкімет басындағылар университетті чиновниктер даярлайтын және тек ғана дворяндарға түсуге мүмкіншілік беретін оқу орны ретінде ашуды көздегеніне қарамастан, Ломоносов университетті ұйымдастырудың өз жобасын өткізді, яғни ғылымға қабілетті барлық адамдарға бірдей есіктің ашық болатындығын іске асырды. Жоғары мектептер үшін Ломоносовтың оқу құралдары мен оқулықтар жасауда еңбегі ұшан – теңіз. “Экспериментальдық физика” (латын тілінен аударылған), Риторика “Ресей грамматикасы” – орыс тілінің бірінші ғылыми грамматикасы болды. “Ресей грамматикасымен” орыстың көптеген зиялыларының бірнеше ұрпақтары оқыған болатынды.

Ресей ғылымы мен ағарту ісін дамыту үшін ғұлама орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносовтың қызметінің мәні ерекше болды. Шаруа-теңізшінің баласы, ол сауатын ерте ашты. Сол кездегі басқа орыс балалары сияқты ол білімін оқуын діни кітаптарды оқудан бастады, оның алғашқы оқыған кітаптары Смотрицкийдің гармматика оқулығы мен Магницкийдің арифметикасы болды.
Ол онтоғыз жасында Москваға жаяу келіп, өзінің шыққан тегін жасырып, Славян-грек-латын академиясына оқуға түседі. Ломоносовтың дара қабілеттілігі, ерекше еңбек-сүйгіштігі және тез қалыптасқан жетістіктері Академия басшыларының оған көңіл аударуына себепші болады. 1736 жылы ол 12 үздік шәкірттің бірі болып Петербургке жіберіледі, содан кейін білімін жалғастыру үшін шетелге жіберіледі.
1741 жылдан М.В.Ломоносовтың белсенді, ерекше жемісті, жан-жақты ғылыми және ағартушылық қызметі басталады. 1745 жылы Петербург Ғылым академиясының химия профессоры болып тағайындалады, кейіннен академик болып сайланады. Ломоносов Ресейде көптеген ғылымның негізін қалады. Оның жан-жақты ғұламалығы туралы А.С.Пушкин өте орынды бағаберді: “Ғажайып күш-жігерді, ғажайып ғұламалықпен ұштастыра отырып, Ломоносов ағарту ісінің барлық саласының татты. Ғылымға деген шөлдеу жан дүниесінің күшті құмарлығы еді. Тарихшы, шешен, механик, химик, минералог, суретші және өлеңші – ол бәрін сынап көрді, бәріне бойлай білді”.
Ломоносов философиялық материализм негізінде құрылған орыс классикалық философиясының Ресейдегі ғылыми жаратылыстанудың негізін салды. Ол бірінші рет әлемдік ғылым тарихында табиғаттың негізгі заңы – материяен қозғалыстың сақталу заңының бірден-бір толық және дәл анықтамасын берді.
М.В.Ломоносовтың ғылымға сіңірген еңбегін европа ғалымдарының – замандастарының мойындауының объективтік дәлелі болып табылатын оның швеция академиясын құрметті мүшесі (1760ж) және Балон академиясының құрметті мүшесі (1763ж) сайлануы, ал француз ғалымы Н.Леклерктің мойындауынша М.В.Ломоносовтың есімі “адамзат ақыл-ойының жинамасында бір дәуірді құрайды” деп жоғары баға берген болатын-ды.
Орыс ғалымы мен ағарту ісінің жалынды жаршысы, Ломоносов орыс ғылымын дамытуға және отандық ғылыми кадрларды даярлауға қарсы болған реакционерлермен белсенді күрес жүргізді. Ол қарапайым адамдар үшін университеттерге еркін түсе алатын болуы керектігін талап етті, текке бөлінбейтін мектептер ашуға тоқталды.
Ломоносовтың айтуынша, жоғары мектептің өзінің “регламенті” (жарғысы) болуы керек деді. Жоғары мектепке еркіндік және жеңілдіктер берілуі қажет.
М.В.Ломоносовтың ұсынысымен және оның жобасымен 1755 жылы Москва университеті ашылды. Үкімет басындағылар университетті чиновниктер даярлайтын және тек ғана дворяндарға түсуге мүмкіншілік беретін оқу орны ретінде ашуды көздегеніне қарамастан, Ломоносов университетті ұйымдастырудың өз жобасын өткізді, яғни ғылымға қабілетті барлық адамдарға бірдей есіктің ашық болатындығын іске асырды.
Жоғары мектептер үшін Ломоносовтың оқу құралдары мен оқулықтар жасауда еңбегі ұшан – теңіз.
“Экспериментальдық физика” (латын тілінен аударылған), Риторика “Ресей грамматикасы” – орыс тілінің бірінші ғылыми грамматикасы болды. “Ресей грамматикасымен” орыстың көптеген зиялыларының бірнеше ұрпақтары оқыған болатынды.

Ұқсас материалдар